Аудандық жергiлiктi атқарушы органның резерв қаражатын пайдалану Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімиятының 2004 жылғы 19 ақпандағы N 44/3 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 2374 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 104/4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 104/4 қаулысымен.

           Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорын пайдалану Ережесiн бекiту туралы" N 1408 қаулысына сәйкестi аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық жергiлiктi атқарушы органның резерв қаражатын пайдаланудың қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Н.П. Насоноваға жүктелсiн.

      Аудан әкімі М. Көбенов

Аудандық жергiлiктi атқарушы органның резерв қаражатын
пайдалану Ережелері

      Осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) жергiлiктi атқарушы органның резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Ауданның жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану Ережелерiнде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) ауданның жергiлiктi атқарушы органының резервi - аудандық бюджетте тиiстi қаржылық жылға көзделген және аудан әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес бiр жолғы сипаттағы күтiлмеген шығындарды қаржыландыруға бөлiнетiн қаражат;
      2) көлденең шығындар - үстiмiздегi қаржылық жылы аудандық бюджеттi құрастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiндiк болмаған және тосын жағдайда пайда болғандықтан, үстiмiздегi қаржылық жылы кiдiріссiз қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органының мiндеттемелерiн өтеу үшiн аудандық жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң құрамындағы қаражат - аудандық жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң құрамында қарастырылған және жергiлiктi атқарушы органдардың сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеуге жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне бөлiнген қаражат;
      4) ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын алушы - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi.
      2. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервi есебiнен қаржыландыруға жататын бiр жолғы сипаттағы күтiлмеген шығындарға мыналар жатады:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оның iшiнде:
      төтенше жағдайларда зардап шеккендерге материалдық көмек беру;
      зардап шеккендер тұратын және уақытша тамақтандыру пункттерiн құру және ұстау;
      апаттан қорғау және қайта құру жөнiндегi жедел әрекет ету бөлiмшесiн техникалық құралдарымен жабдықтау;
      төтенше жағдай болған аумаққа күштер мен жабдықтарды жеткiзу;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн сот шешiмдерi бойынша өтеу;
      3) аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен анықталатын басқа да көлденең шығындар.

2. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын бөлу және пайдалану тәртiбi

      3. Ауданның жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлудi аудандық қаржы және экономика басқармасы аудандық бюджеттiң тиiстi қаржы жылына арналған шығыстар мен несие беру құрамында осы мақсаттарға бекiтiлген мөлшерлер шеңберiнде жүзеге асырады.
      4. Қаржыландыру аудан әкiмдiгiнiң қаулысының негiзiнде, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттың мөлшерi мен оларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ қайтарым ретiнде бөлiнген қаражаттың ұсынылу шарты мен оны қайтару мерзiмi көрсетiледi, заңда белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
      5. Ауданның жергiлiктi атқарушы органдары резервiнiң қаражаты тек мақсатты пайдаланылады, олар осы Ережелерде және аудан әкiмдiгiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген басқа мұқтаждықтарды қаржыландыруға пайдаланылмайды.
      6. Аудан әкiмдiгiнiң ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын бөлу туралы қаулысын дайындау кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) үстiмiздегi жылы аудандық бюджетте қаржының бөлiнбеуi;
      2) үстiмiздегi қаржы жылы жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатының керек болуы және соттар шешiмдерi бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органының мiндеттемелерiн өтеуден басқалары, қаражатқа мұқтажды алушының бұрынғы мiндеттемелерiне байланысты болмауы.
      7. Аудан әкiмдiгiнiң ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнен қаражат бөлу туралы қаулыларының күшi аудан әкiмдiгiнiң тиiстi қаулыларына сәйкес қаржы жылы аяқталғаннан кейiн, жергiлiктi атқарушы органның арнайы резервiнен төменгi бюджеттерге несие беру туралы қаулыларының күшi бөлiнген несиелер толық өтелгеннен кейiн жойылады.

3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      8. Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың пайда болған кезiнде аудан бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi қызмет жергiлiктi атқару органының резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштi қарайды. Мұның өзiнде пайда болған төтенше жағдай жергiлiктi жерде болуы тиiс.
      9. Негiздейтiн материалдар, есептесулер тiзбесi мен оларды тапсыру тәртiбi аудан бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi қызмет белгiлейдi.
      10. Табиғи және техногендiк төтенше жағдайларды жою қажет болғанда аудан бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi қызмет заңнамада белгiленген тәртiпте жергiлiктi атқарушы органға төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу туралы қаулының жобасын енгiзедi.

4. Жергiлiктi атқарушы органның сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу

      11. Ауданның жергiлiктi атқару органының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу ауданның атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен сот шешiмдерiн орындау құжаттары болғанда қамтамасыз етiледi.
      Сот шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi, қолданыстағы заңнама бойынша негiздемесi бар болған жағдайда көрсетiлген шешiмдердi барлық сот сатыларында шағымданулары керек.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi өздерiнiң заңсыз қабылданған актiлерi, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару шеңберiндегi лауазымдық тұлғалардың әрекеттерi үшiн "Әкiмшiлiк шығындар" атты бағдарлама бойынша бөлiнген ақшаға материалдық жауапты болады.
      12. Аудан әкiмдiгiнiң ауданның жергiлiктi атқарушы органдары резервiнен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң берешектерiн өтеуге қаражаттың бөлiнуi туралы қаулысының жобасын белгiленген тәртiп бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiк әкiмгерлер дайындайды.
      13. Аудан әкiмдiгiнiң ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының мiндеттерiн өтеу үшiн ауданның жергiлiктi атқарушы органдары резервiнен қаржы бөлу туралы қаулысының жобасын заңда белгiленген тәртiпте аудандық қаржы басқармасы дайындайды.

5. Басқадай көлденең шығыстарға қаражат бөлу

      14. Басқадай көлденең шығыстарға аудандық жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi аудандық қаржы басқармасына тиiстi негiздемелер мен есептеулерiн дәлелдеп, қаражат бөлу туралы өтiнiштерiн ұсынады.
      15. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған өтiнiшке сәйкес ауданның атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу мүмкiндiктерiнiң бар-жоғы туралы қорытынды жасайды.
      Өтiнiштi қараған кезде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат пен басқадай көлденең шығыстарды тиiмдi бөлу мақсатында қаржы жыл бойы ауданның жергiлiктi атқарушы органының резервiнен басқадай көлденең шығыстарға бөлiнетiн қаражаттың мөлшерi әрбiр ағымдағы тоқсанда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен басқадай көлденең шығыстар үшiн аудандық бюджетте қарастырылған жылдық сомасының 25 пайызынан аспауы керек.
      Бұл жағдайда аудан әкiмдiгiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен басқадай көлденең шығыстар үшiн аудан жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы бұдан бұрын қабылданған қаулысы есепке алынады.
      16. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң өтiнiштерi оң шешiмiн тапса, аудан әкiмдiгiнiң көлденең шығыстарға жергiлiктi атқарушы органы резервiнен қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын белгiлеген заңнамалық тәртiп бойынша осы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi әзiрлейдi.

6. Бақылау мен есеп беру

      17. Аудандық жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын алатындар олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың мөлшерлерi және құны туралы есептi қаражат бөлiнген күнiнен бастап күнтiзбелiк бiр ай iшiнде берулерi қажет.
      18. Аудандық қаржы басқармасы ай сайын ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану және тиiстi кезеңге олардың қалдықтары жөнiндегi ауданның жергiлiктi атқарушы органына ақпарат бередi.
      19. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервiнен қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына жауапкершiлiк қаражат алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүктеледi.
      20. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы резервi қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады