Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 2/301 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 22 сәуірде N 592 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 1/377 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" N 1787-ХП  Заңын  және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын қолданысқа енгізудің тәртібі туралы" N 1788-ХП қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 431  қаулысын  жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Семей ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын үйлестіретін қалалық комиссияның құрамы (әрі қарай - Комиссия) бекітілсін, 1 қосымша сәйкес.
      Комиссиялар туралы Ереже бекітілсін, 2 қосымша сәйкес.
      Аудан әкімдері, оқу орындары, меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары:
      Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейтін және есепке алатын комиссия кұрсын;
      Түгендеу өткізсін және 2004 жылғы 01 мамырына дейінгі мерзімде өтемақы төлеу бойынша кредиторлық қарыздар туралы мәліметтердің актуальды жиынтығын әзірлеу, аудандық комиссияларға ұсынсын.
      Алматы қалалық әкімшілігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" N 269 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.  

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң         
2004 жылы 8 сәуірдегі N 2/301        
"Семей сынақ ядролық полигонындағы     
ядролық сынаулардың салдарынан зардап   
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"
қаулысына келісім парағы         

      ЕНГIЗЕДI:
      Денсаулық сақтау және халықты
      әлеуметтiк қорғау бөлімінің
      меңгерушісі                            А.Ким

      КЕЛIСIЛДI:
      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                             А.Бижанов

      Заң бөлiмi                             Р.Исабаева

      ЖIБЕРIЛСIН:   N№4 қабылдау бөлмесіне, аудан
      әкімдеріне, Департаменттерге: қалалық еңбек,
      жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, ҚР
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
      министрлігінің Алматы қаласы бойынша, табиғи
      монополияны реттеу, құрылыс және сәулет,
      көріктендіру, ішкі саясат, сатып алу, денсаулық
      сақтау, білім, шағын бизнес, ҰҚҚ, қаржы
      полициясы, коммуналдық меншік, өнеркәсіп және
      сауда, көлік, энергия сақтау, үй. Басқармаларға:
      қаржы, көші-қон және демография, қоршаған ортаны
      қорғау басқармасы, ІІБ, жол полициясы,  
      прокуратура, сот, әскери комиссариат,  төтенше
      жағдай,  қаржы бақылау, әділет, кеден,
      қазынашылық, статистика, ақпарат, мәдениет,
      тіл, мұрағат, санитарлық-эпидемиология, зейнетақы
      төлеу. Комитеттерге:   экономика, білім, ғылым,
      сыртқы экономика, салық, мүлік және
      жекешелендіру, жер ресурстары, жер инспекциясы. 
       Бөлімдерге: денсаулық сақтау, заң,
      бақылау-инспекторлық және кадр.

      ЖIБЕРIЛДI:  "____" ___________ 2004 жыл

      Хаттама бөлiмiнiң
      меңгерушiсi                   М.Құлсейiтова

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң         
2004 жылы 8 сәуірдегі N 2/301        
"Семей сынақ ядролық полигонындағы      
ядролық сынаулардың салдарынан зардап    
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"
қаулысына 1 қосымша             

       Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 5/773   қаулысымен .

Семей сынақ ядролық полигонындағы
ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын
үйлестіру жөніндегі қалалық комиссиясының
құрамы

 

Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

Нұрланов       Амангелді Жұмаханұлы   

Алматы қалалық Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, төраға орынбасары

Ұмбаев Айтжан Керімұлы              

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры

Оспанов Мұрат Тұрдыбекұлы               

Зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры

Исабаева Римма Шәкіратқызы      

Алматы қаласының Әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі

Еспенбетова Светлана Әлиқызы

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас     маманы - комиссия хатшысы

       Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң          
2004 жылы 8 сәуірдегі N 2/301         
"Семей сынақ ядролық полигонындағы      
ядролық сынаулардың салдарынан зардап    
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"
қаулысына 2 қосымша            

   Семей ядролық полигонындағы ядролық
сынаулардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркейтін және есепке
алатын комиссиялар туралы
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

      1. Семей ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейтін және есепке алатын комиссиялар (әрі қарай - Комиссиялар) оқу орындардың, меншік түріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің басшылары арқылы құрылады. Комиссиялар өз қызметін қазақстан Республикасының Конституциясына, заң және басқа да мөлшерлемелік-құқықтық актілерге,
сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  

  2. Комиссиялардың функциялары

      2. Қалалық Комиссия аудандық әкімшіліктерде құрылған комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.
      3. Аудан әкімшіліктерінің комиссиялары:
      азаматтардың тіркелуін заңдылығын тексереді;
      оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің комиссиялары ұсынған, өтемақы алатын, тіркелген азаматтардың тізімдерін бекітеді;
      тіркелген азаматтардың тізімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      4. Оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің комиссиялары:
      Қазақстан Республикасының жеңілдіктер және ақшалай өтемақы алуға құқылы азаматтарынан өтініш қабылдайды;
      ұсынылған барлық құжаттарымен бірге әрбір өтінішті жеке іске рәсімдейді және түскен соң 5 күннен кешіктірмей қарайды;
      комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді және іске тігіліп, тіркеуші органның есепшілер бөлімінде ақша құжаттарымен тең дәрежеде сақталады;
      оңды шешім қабылданса, азаматтарды тиісті журналға тіркейді;
      журналдың мәліметтері негізінде комиссия төрағасы және мүшелері куәландырған тізімдерді әзірлейді және аудан әкімшіліктерінің комиссиясына тапсырады. 

  3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
және оның тәртібі

      5. Комиссияны оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің  басшылары тағайындайтын және босататын төраға басқарады. Комиссия төрағасы орнында болмаған кезде оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
      6. Комиссия хатшысы оның мәжілістері аралығында Комиссия қызметін үйлестіреді, ол қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды.
      7. Комиссия мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі.
      8. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

       Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады