Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 2/301 "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"
қаулысына
(Алматы қаласы Әділет басқармасында 2004 жылы 22 сәуірде N 592 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде 2004 жылы 24 сәуірде N 77-78, "Алматы ақшамы" газетінде 2004 жылы 27 сәуірде N 47 жарияланды), келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі И. Тасмағамбетов
Әкімдік хатшысы К. Тәжиева
Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы 17 қарашадағы
N 5/773 қаулысына
қосымша
Семей сынақ ядролық полигонындағы
ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын
үйлестіру жөніндегі қалалық комиссиясының
құрамы
Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы |
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы |
Нұрланов Амангелді Жұмаханұлы |
Алматы қалалық Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, төраға орынбасары |
Ұмбаев Айтжан Керімұлы |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры |
Оспанов Мұрат Тұрдыбекұлы |
Зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры |
Исабаева Римма Шәкіратқызы |
Алматы қаласының Әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі |
Еспенбетова Светлана Әлиқызы |
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы - комиссия хатшысы |
Әкімдік хатшысы