Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуіріндегі N 357-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 "Қазақстан Республикасының үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса берілген Атырау облысы әкімиятының резерв қаржысын пайдалану Ережесі бекітілсін.
2. Атырау қаласы мен аудан әкімияттары резервінің қаржысын пайдалану туралы Ережені әзірлесін және бекітсін.
3. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 166 "Жергілікті атқарушы органдар резерв қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы" (Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылы 6 қыркүйекте N 1107 тіркеуден өткізілді).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары - В.В. Супрунға жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 29 маусымдағы N 141
қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімиятының резерв қаражатын пайдалану ережесі
Осы Ереже Атырау облысы әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелерде төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
1) Атырау облысы әкімиятының резерві(әрі қарай - облыс әкімиятының резерві) облыстық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген және облыс әкімиятының қаулысы бойынша біржолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінетін;
2) көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
3) облыс әкімияттың және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың (әрі қарай - жергілікті мемлекеттік органдар) міндеттемелерін өтеуге арналған әкімият резерві құрамындағы қаражат - облыс әкімияты резервінің
құрамында көзделген және сот шешімдері бойынша облыс әкімиятының немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
4) кассалық алшақтықтың орнын толтыруға төменгі тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резерв-облыс әкімияты резерві құрамында қаралатын, қайтарымдылық негізде төменгі тұрған бюджеттерге жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы
түсімдермен қамтамасыз етілмеген бекітілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін облыстық бюджеттің қаражаты;
2. Облыс әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатады:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар:
төтенше жағдайларды пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
шұғыл қимыл жасайтын апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерді құтқару техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақаттармен қосымша жарақтандыру;
2) сот шешімдері бойынша облыс әкімияты мен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу;
3) ағымдағы қаржы жылы ішінде төмендегі бюджеттерге кредит бөлу;
4) облыс әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.
2. Атырау облысы әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
3. Облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу облыстық қаржы басқармасымен алушысы қайтарымдылық негізде бөлінетін қаражаттың көлемі оларды ұсыну шарттары және қайтару мерзімдері көрсетілген облыс әкімиятының қаулысы негізінде белгіленген заңдылық тәртібімен жүзеге асырылатын қаржыландыруды ашу арқылы облыстық бюджеттен
қаржы жылына шығыстары мен несиелендіру құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады.
4. Облыс әкімиятының резерв қаражаты қатаң түрде мақсатты болады және осы Ереже және облыс әкімиятының резервінен қаржы бөлу туралы қаулысымен көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
5. Облыс әкімияты резервінен қаржы бөлу туралы қаулы дайындалған кезде төмендегі шарттар ескеріледі:
1) ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджетте қаражаттың болмауы;
2) сот шешімдері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен облыс әкімиятының міндеттерін өтеу жағдайларын қоспағанда әкімият резерв қаражатында қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
6. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын, облыс әкімиятының арнайы резервінен, төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы әкімият қаулыларын қоспағанда, облыс әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулылары жыл аяқталғанда күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге көлденең шығыстарға қаражат бөлу
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде облыс әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аймақтық ауқымы болуы керек.
8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия айқындайды.
9. Аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия заңнамада белгіленген тәртіпте төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражатты бөлу туралы қаулының жобасын облыстық әкімиятқа енгізеді.
10. Аудандық (қалалық) масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, аудан (қала) әкімияттарының резерв қаражаты есебінен қаржыландыру қажет.
4. Сот шешімдері бойынша облыс әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
11. Сот шешімдері бойынша облыс әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың орындау құжаттары болған жағдайда облыс әкімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті мемлекеттік органдар сот шешімдері бойынша төлем жүргізулері міндетті, қолда бар негіз болған жағдайда, көрсетілген шешімдермен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары тұрған сотқа арыздануға тиіс.
12. Облыс әкімияттың міндеттемелерін өтеу үшін облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулы жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы әзірлейді.
13. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулы жобасы заңнамада белгіленген тәртіппен атқарушы органдар дайындайды.
5. Кассалық алшақтықтың орнын толтыруға төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін Атырау қаласы мен аудан әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелері мен есептерін қоса облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтініш береді.
Кассалық алшақтықтың орнын толтыруға төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу үшін:
1) ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджетте Атырау қаласы және аудандар бюджеттерін несиелендіру үшін қарастырылған соманың болуы;
2) жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
3) облыстық бюджеттен берілген несие бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы;
4) бөлінетін кредит сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті мемлекеттік органдардың қарыз алу шегінен аспауы тиіс.
15. Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің өтініштері бойынша оң қорытынды болған кезде, облыстық қаржы басқармасы облыс әкімиятының қарауына кассалық алшақтықтың орнын толтыруға төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыс әкімиятының арнайы резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын енгізеді.
16. Кассалық алшақтықтың орнын толтыруға төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық әкімияттың арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын облыс әкімияты белгілейді.
6. Өзге қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу
17. Өзге қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері, Атырау қаласы мен аудан әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелермен және есептермен бірге жергілікті атқарушы органдары резервінен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.
18. Облыстық қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
19. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде облыс әкімияты резервінің қаражатын өзге де қарастырылмаған шығындарға бөлу туралы қаулының жобасы заңнамада белгіленген тәртіпте осы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен дайындалады.
20. Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің өтініштері бойынша оң қорытынды болған кезде облыс әкімиятының өзге қарастырылмаған шығындарды өтеуге облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы қаулының жобасы заңнамада белгіленген тәртіпте облыстық қаржы басқармасымен дайындалады.
7. Бақылау және есептілік
21. Облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар облыстық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.
22. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіміне облыс әкімияты резерв қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады.
23. Облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.
24. Облыс әкімиятының резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.