Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де әлдеқалай болған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 06 шілдеде № 1875 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 485 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 18.11.2014 № 485 қаулысымен.
      
      
      Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 27 мамырдағы № 478 «Қаражаттар бөлу туралы» қаулысының негізімен, Бесқарағай ауданының Долон ауылының аумағында 2004 жылғы 25 сәуірде өткен катты дауылдың салдарын жою бойынша іс-шара өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасы және 2 тармағы негізімен Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
      1. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де әлдеқалай болған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысшы тобы құрылсын (1 қосымша).
      2. Табиғи және техногенді сипат, ағы төтеише жағдайлардан жэне өзғе де әлдеқалай болған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
      3. Аудандық қаржы бөлімі (Сқақова М. Ж.) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де әлдеқалай болған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмек төлеу үшін қаржыландыруды «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де әлдеқалай болған шығындарды жою үшін жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шаралар өткізу» 258106000332 бағдарламасы бойынша жүргізсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Е.Рахметтулинге жүктелсін.
      
      
      Аудан әкімі:                                  О. БАЙМУЛДИНОВ

Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2004 жылғы 17 маусымдағы № 188
қаулысына 1 қосымша

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге
де қаралмаған болған шығындардан зардап шеккен отбастарына
әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін анықтау жөніндегі
ЖҰМЫСШЫ ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

      Рахметуллин Ерболат Еренович - аудан әкімінің орынбасары, жұмысшы тобының төрағасы,
      Мүхамедқалиева Күлпаш Смағүловна - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы,
      Исаев Жігер Бейсекеевич - аудандық мәслихат хатшысы (келісім бойынша),
      Иль Наталья Ивановна - аудан әкімі аппаратының бас маманы-заңгер,
      Турищев Андрей Иванович - жалпы бөлімінің бастығы,
      Яременко Иван Петрович - экономика бөлімінің бас маманы,
      Момынжанов Бағдат Қапанович - Долон ауылдық округінің депутаты (келісім бойынша)
      
      
      Аудан әкімі аппаратының басшысы:              Т. ГЛАЗИНСКИИ

Бескарағай аудандық әкімдігінің
2004 жылғы 17 маусымдағы № 188
қаулысына 2 қосымша

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге
де қаралмаған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік
комек көрсету ЕРЕЖЕСІ.

      Нақты ереже табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де әлдеқалай болған шығындардан келтірілген шығындардың компенсациясы түрінде жеке санаттағы отбастарына әлеуметтік көмектер көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер.

      1. Әлеуметтік көмек алу кұкығына Бесқарағай ауданының аумағында тұрақты тұратын азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мүмкіндігі бар.

2. Әлеуметтік көмектер тағайындау тәртібі.

      2. Аудандық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де қаралмаған шығындардан зардап шеккен отбасылары төмендегі құжаттарды тапсырады:
      1) келтірілген залал бойынша сақтандыру өтемдері болмаған жағдайда табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де келтірілген шығындардан компенсациясы үшін өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) РНН көшірмесі;
      4) банк немесе «Қазпошта» ААҚ-ның бөлімшелеріндегі жеке шот нөмірі.
      Егер, шығын тұрғын үйге, шаруашылық құрылыстарына келтірілген жағдайда осы объектіге меншік құқығын куәландыратын құжатты тапсыру қажет.
      Тапсырылған кұжаттардан тыс әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін міндетті құжаттарға ақша қаражаттарын бөлу туралы жергілікті атқарушы органның актісі және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан келтірілген шығындар мөлшері, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және өзге де қаралмаған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмектер мөлшерін белгілейтін жұмысшы тобына тапсыратын ақшалай және сондай мөлшері көрсетілген тұрғын үй объектісін тексеру актісі.
      Толық көлемде тапсырылған құжаттар табиғи және техногенді сипаттағы және өзге де қаралмаған шығындардан зардап шеккен отбастарына әлеуметтік көмектер мөлшерін белгілейтін жұмысшы тобының отырысында хаттамамен ресімдеу арқылы қаралады.
      3. Әлеуметтік көмек құжаттарды тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде, қажетті құжаттардың толық болғаны жағдайында тағайындалады.
      4. Қандайда құжаттардың болмау қалуы жағдайында әлеуметтік көмектер көрсетілмейтін болады.

3. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және
өзге де қаралмаған шығындардан зардап шеккен отбастарына
әлеуметтік көмектер төлеу тәртібі.

      5. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен және өзге де қаралмаған шығындармен келтірілген шығындарды толық және жартылай қалпына келтіру үшін зардап шеккен отбастарына әлеуметтік төлеу аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы ақша қаражаттарын бөлу туралы жергілікті атқарушы органның актісі негізінде, табиғи әлеуметтік көмектер мелшерін белгілейтін жұмысшы тобының хаттамасы бойынша жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен арыз иесінің жеке шоты арқылы жүзеге асырылады.
      
      
      Аудан әкімі аппаратының басшысы                 Т. ГЛАЗИНСКИЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады