Орал өзені алабаның су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелер туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы № 8-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 9 шілдеде № 2726 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 15 қазандағы № 14-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009.10.15 № 14-12 Шешімімен. 

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүзудің ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 30 қарашадағы № 849-1 көлік және коммуникациялар Министрінің бұйрығына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелері" бекітілсін (жалғанады).
      2. Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасына (Ұмбеттәлиев Ә. Л.) "Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелерін" Орал өзені алабындағы барлық мекеме иелеріне және жағалаудағы құрылымдарды пайдаланатын басқа азаматтарға жеткізіп және оны орындалуын қадағалау тапсырылсын.
      3. Облыстық мәслихаттың "Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті туралы" 2000 жылғы 20 маусымдағы № 4-8 (тіркеу № 398 2000 жыл 18 шілде) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Бұл шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру құқық және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға (Чудров Я. Қ.) жүктелсін.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихат
2004 жылғы 29 мамырдағы
№ 8-11 шешімімен
бекітілді

ОРАЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ
СУ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮЗУДІҢ
ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

1. Қолдануы

      1. Орал өзені алабының су жолдарымен жүзудің жергілікті ережелері (бұдан әрі - ережелер) Көлік және коммуникациялар Министрі бекіткен № 849-І 1999 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүзудің ережелеріне сәйкес дайындалған.
      2. Осы Ережелер Орал өзені алабының су жолдарындағы ерекшеліктерді қамтып көрсетеді және кеме қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
      Осы Ережелер Орал өзеніндегі кеме жолдарымен Рубежка поселкесінен Пешной аралына дейін (өзеннің сағасына) және Шалқар көлінде жүзетін, Батыс Қазақстан облысы бойынша Көлік бақылау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) бақылауындағы барлық кемелерді, соның ішінде шағын кемелерді, жүзу құрамаларын және басқа жүзу көліктерін, сонымен қатар Орал өзенінің кеме жүретін су жолдарында орналасқан жағалаудағы және гидротехникалық құрылымдар мен кемежайларды қамтиды.

2. Жауапкершілік

      3. Орал өзені алабындағы кемелермен жағалаудағы құрылымдарды пайдаланатын кеме иелері, экипаж мүшелері Кәсіпорындар, мекемелердің басшылары және жеке азаматтар, осы Ережелерді басшылыққа ала отырып, оларды қатар сақтауға міндетті, осы Ережелерге немқұрайлы қарағаны үшін және нақты жағдайда талап ететін сақтық шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылады.
      Кемелерді осы Ережелермен қамтамасыз ету - кеме иесінің міндеті.

3. Анықтамалар

      4. Осы Ережелерге мәтін бойынша басқа түсінік беру қажет болмаған жағдайда, 1-24-тармақтарында анықтамасы берілген, терминдер қолданылады:
      1) Су тартылған кезең деп - өзен топырақ суымен ғана көректенетін кезең аталады.
      2) Тасқын кезеңі деп - өзен еріген қар суымен, нөсер жаңбыр суымен, су қоймаларынан босатылған және басқа да сулармен көректенетін кезең аталады. Бұл кезеңде өзен қысқа мерзімге жылдам көтеріледі.
      3) Арал - су ортасындағы өсімдікті жер.
      4) Саяз жер деп - кеме жүрісі жолындағы тереңдіктің шектелуіне байланысты кеме жүрісінде қиындықтар туындайтын өзен арнасының бөлігін атайды.
      5) Терең су - екі саяз жер арасында орналасқан түбі терең учаске.
      6) Асулар белгісі - фарватер бір жағадан екінші жағаға ауысатын жерде жағада орнатылған белгі. Белгі ретінде баған орнатылады. Оның жоғарғы жағына фарватердің осіне перпендикуляр жайылған квадраты қалған орнатылады.
      7) Жүріс белгісі бойымен фарватер өтетін жағалауда орнатылады. Белгі жоғарғы жағына жазықтығы фарватерге паралелль жайылған ромб қалған бекітілген бағаннан құралады.
      8) Сигнал белгісі кемелердің айырылысуында және басып озуында қиындық туындайтын немесе бұларға тыйым салынған тар жерлерде жағада орнатылады. Баған спираль бойынша қара және ақ сырмен боялады.
      9) Бакен - кеменің жүріс жолының оң жақ шетінде орнатылатын қызыл түсті дөңгелек белгі.
      10) Қарақшылар - кемелер күндіз ғана жүретін жерлерде орнатылады.
      11) Қарша - тамыр жүйесімен бірге батқан ағаш.
      12) Кеменің жүріс жолы - ішкі су жолындағы кемелер қозғалысы үшін арналған және жерде немесе картада белгіленген су кеңістігі.
      13) Топырақ қарақшылары - өзеннің түбіне батырылған сырық.
      14) Сыпырғы - бір буда бұта.
      15) Мүйіс - өзен немесе көл арнасындағы шығыңқы құрғақ жер.
      16) Қайраң - судың бетіне шығып тұрған арна бөлігі.
      17) Кеме жүрісінің жағдайы - кеме жүрісін сипаттайтын жерлерде, жағада немесе қалқып тұратын кеме жүрісін реттейтін белгілер.
      18) Жүріс жары - жар бойымен кеме қозғалысын жүзеге асыру.
      19) Рейд - су қоймасының акваториясындағы кемені қоюға арналған бөлігі.
      20) Люк - трюм ішін қарау үшін, палубадан қарайтын саңлау.
      21) Иллюминатор - кеме бортын қарауға арналған әйнекті алмастыратын саңлау.
      22) Шпангоуттар - киль мен палубаға бекітілетін, көлденең және майысқан қабырғалар, олар көлденең жиынттыққа жатады.
      23) Фарватер - кеме жүрісіне арналған су қоймасының бөлігі.
      24) Пыж - кеме бортымен келіп тоқтағандағы қабылдау.
      5. Барлық кемелерде (шағын және желкенділерден басқасында) жүзу аудандарының карталары қолданымдағы навигацияға сәйкестендірілуі тиіс. Бұл карталармен бірге Республикалық Қазыналық су жолдары кәсіпорны (бұдан әрі "Кәсіпорын") дайындап, мүдделі тұлғаларға өткізетін рейдтер мен тұрақтардың аумағындағы кеме тұрақтары мен қозғалысының тәртібін белгілейтін сызбалар да қоса беріледі.
      6. Кемелердегі жазбалар (кеме куәлігінің литерасы мен нөмірі атауы) Қазақстан Республикасындағы кемелерді тіркеу Ережелеріне сәйкес жазылуы тиіс. Люктер, есіктер, құбыр жолдары, шығатын есіктер, шпангоуттар Кемелер өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі Нұсқамаларға (КӨНКН) сәйкес белгіленеді.
      7. Кемелерге басқа жазбалар мен суреттерді салуға соның ішінде жарнамалық сипатты, тыйым салынады.
      8. Барлық кемелер пайдалануға қабылданғанда Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметкерлеріне ұсынылуы тиіс. Басқарма қызметкерлері қарамаған кемелерді пайдалануға тыйым салынады.
      9. Кеме капитаны рейстік тапсырма осы Ережеге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ішкі сулармен жүзу Ережелеріне және өзен көлігін техникалық пайдалану Ережелеріне қайшы келетін жағдайда одан бас тартуға құқылы.
      10. Осы Ережелердің орындауын Басқарма бақылайды.

2-ТАРАУ. КЕМЕ ЖҮЗУНІҢ ЖАҒДАЙЫ

      11. Су тасыған және су тартылған кезеңдегі кеме жүзуінің жағдайын Басқармамен келісілген сызба бойынша Республикалық Қазыналық Орал су жолдары кәсіпорны белгілейді.
      12. Орал өзеніндегі жаңа жағдайы асулардын, жүрістің және сигналдардың белгілерінен құралады. Жүзу жағдайын бакендер мен топыраққа орнатылған қарақшылар көрсетеді. Қызыл қарақшы ретінде сырық пайдаланылады, оған жалпақ жағы жоғары қарай орнатылған қабығынан тазаланған сыпырғы бекітіледі. Оның төменгі жағы судан 30-50 см. биіктікте болуы қажет. Ақ қарақшы ретінде жоғарғы көлденең кесіндісі 2 метр биіктіктегі қабығынан тазаланған сырық қолданылады.
      13. Кеме жүзуі жағдайы белгілерінің сызбадан шегініп, өзгеше орналасуының әрқайсысы туралы кәсіпорын тәулігіне кем дегенде екі рет кезекті жол парағы (радиобюллютень) арқылы кеме жүргізушілерге хабарлайды.
      14. Су тасыған кезеңде суға басылып қалған тік жарлар мен аралдар кеме жүзуі жағдайының қосымша белгілерімен қоршалады.
      15. Асулардағы ең төменгі кепілді тереңдіктер анықталған соң кеменің жүріс жолы екі жақтан суда қалқып тұратын белгілерімен (бакендермен) қоршалады.
      16. Егер кеменің жүріс жолының ені кепілді екі енінен үлкен болған жағдайда кеменің жүріс жолының бір жиегі қоршалса жеткілікті.
      17. Кеменің жүріс жолы 500 метр немесе одан да аз радиуста күрт бұрылған жағдайда, ағыс бойынша төмен жүзіп келе жатырған кемелер жағаға жығылмас үшін мүйістер мен саяз жерлерді белгілейтін бакендер кеменің жүріс жолының еніне байланыссыз қойылады.
      18. Жүріс жары (жағасы) бойында, су кесіндісінен 10 метр және одан да үлкен қашықтықта жатқан кедергілер (тамырымен суға кеткен немесе құлаған ағаштар және басқалар) кезіккен жағдайда, оларды кеме жүрісі жағдайының қалқымалы белгілерімен қоршау қажет.
      19. Кеме жүргізушілер кеме жүрісі жағдайының қалқымалы белгілерін сақтау үшін барлық шараларды қолдануға міндетті. Күрделі асулардан ағысқа қарсы өткенде нақтылы жағдайға қарап, құрамның жылдамдығын азайтып, жағдайды сақтап қалу үшін қажетті шараларды жүзеге асыру қажет.
      Қалқымалы белгіні бұзған немесе қалқымалы және жаға белгісінің бұзылғандыңын байқаған кеме жүргізуші бұл туралы кәсіпорынға хабарлап, вахта журналына жазуға міндетті.
      20. Шалқар көлі мен Каспий теңізінің солтүстік жағалау бөлігінде пайдаланатын кемелерде жүкті орналастыру және бекіту шайқалыс кезінде кеменің орнықтылығын қамтамасыз етілетіндей болып орнатылуы қажет. Люктар, иллюминаторлар және басқа саңылаудың барлығы да су өтпес үшін жабылуы қажет.
      21. Кемелердің жүріс жолында өткізілетін спорт шаралары (сайыстар, туристік жорықтар және басқалар) Басқармамен алдын ала келісу қажет.
      22. Айлақтарды, рейдтерді және насостық станцияларды орнату жерлері Басқармамен келісілу қажет.
      23. Басқарма маманы қауіпсіз жүзуге жарамсыз деп тапқан кемеге анықталған кемшіліктерді жойғанша, рейске шығуға тыйым салынады.
      24. Орал өзенінің кеме жүретін жолдарында:
      кемелерді иірімде бақылаусыз қалдыруға;
      айлақтарға, дебаркадерлерге және олардың арасындағы интервалдарға жақындауға, кемелерге және шағын кемелердің құрамаларына тіркелуге тыйым салынады.

3-ТАРАУ. ОРАЛ ӨЗЕНІНДЕГІ КЕМЕЛЕРДІҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ТҰРАҒЫ

      25. Орал өзенімен кемелердің және кеме құрамдары қозғалғанда кеме жүргізушілері мынандай қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті:
      1)  кемелерді терең су учаскелерінің қауіпсіз жерлерінде айыруға және озып өтуге тиісті, бұл жағдайда кемелердің (бүйірлері) арасындағы қашықтық кем дегенде 25 метр болуы қажет;
      2) навигацияның су тартылған кезеңінде кемелерді айыруға және озып өтуге тыйым салынады;
      3) жоғарға жүзіп бара жатқан кеме асудан төмен қауіпсіз жерде тоқтап, төмен қарай жүзіп бара жатқан кемені өткізуге міндетті;
      4) кеменің корпусы топыраққа тиген жағдайда шұғыл түрде трюмдарда сыртқы судың бар, жоғын тексеріп, бұл жағдай жөнінде вахта журналына жазуға міндетті.
      26. Қиын учаскелерден өткенде кеме жүргізушілердің міндеттері:
      1) жағдайды дұрыс бағалауда қиындықтар туындаған жағдайда (басқа кемелердің іс-әрекеті түсініксіз, белгі бермеу немесе қате белгі беру, бағыт-бағдардан айырылу, навигация құралдары белгілерінің жоқтығы немесе бұзылғандыңы және басқалар) өзара тыс әрекеттері жөнінде келіскенше немесе жағдай анықталғанша жүрісті бәсеңдетуге немесе жүрісті тоқтату қажет;
      2) кем дегенде екі рет басқа кемелерге өзінің нақтылы тұрған жері, қозғалыс бағыты, құрамдағы кемелер саны және айырылу мен қозғалыс қауіпсіздігі үшін қажетті басқа мәліметтерді беруге міндетті;
      3) түнгі уақытта кеменің жүрісі бойынша өзеннің бұрылысына прожектордың жарығын түсіріп өтуге міндетті.
      27. Бөгеттерге кіргенде және олардан шыққанда өзі жүретін кемелер тар жерге кіргенде беретін дыбыс белгісін беруге міндетті.
      28. Орал өзеніндегі судың көкжиегі жобалық деңгейден төмендегенде, асулардын тереңдігі кепілді тереңдіктен төмендеген жағдайда, кемелер мен құрамалардың қозғалысы Басқарма өкілдерімен келісілген тиісті шаралар қабылданған соң кеменің жүріс жолының көлемінің жағдайына байланысты жүзеге асырылады.
      29. Орал өзенінің қиын учаскелерінде: Вертячий яр, Жилимная прорва, Джира, Мелкий яр, Сахарная воложка, Н. Калмыковский, Киргизский, құраманы вахтаға байланыссыз капитанның өзі жеке өткізуге міндетті.
      30. Лимиттік асуларда барлық жобалаудағы кемелерді айыруға және озып өтуге тыйым салынады. Кемелердің бұрылатын, жерлері, көрсетілген асулардын кеме жолына шыққан кемелерді өткізіп жіберу үшін тоқтап, күтіп тұратын жерлер лоцмандық картада белгіленуі тиіс.
      31. Құрамалар темір жол және автомобиль көпірлерінің астынан және су тартылған кезеңде табалдырықтардан өткенде құраманың қозғалыс кезіндегі ені 30 метрден аспау қажет.
      32. Тұрған немесе кеме жүрісі артынан жұмыс істеп келе жатырған жер снарядтары кеме қозғалысына кедергі туғызбайтын болса күндіз матчтаға диаметрі 75 см қара шар көтеруге міндетті; шар кеме құрал-жабдығының бәрінен биік болып, алыстан жақсы көрініп тұруы қажет; түнде айналма ақ от қосылу қажет. Бұл сигналдар жер снарядының қасынан рұқсат сұрамай өте беруге болатындығы туралы хабарлайды.
      33. Жер снарядына жақындаған кемелер өзеннің бұрылысынан бірін-бірі көрмейтін болса, жер снарядының вахтасы ӨҚТ байланыс бойынша жоғарыға қарай жүзіп бара жатқан кемеге төменге жүзіп бара жатқан кеме өтуге құқылы екендігі жөнінде хабарлауға міндетті.
      34. Кеме жүрісі бойынша жұмыс істеп тұрған жер снарядтарында кемелерді өткізген кезде сигналдың оттардан басқа палуба оттарының барлығы да сөндірілуге тиіс.
      35. Жер снаряды жанымен кемелер өтіп жатқан кезде жер снарядының бүйіріне кеме жүрісінің жолы жағынан шаландаларды, жүк таситын қайықтарды тұрғызуға және қозғалтуға тыйым салынады.
      36. Жолаушы тасымалдайтын кемелерді қауіпсіз өткізіп жіберу үшін жер снарядының рубкасында олардың қозғалыс кестесі болуы қажет, онда көрсетілген кемелердің асуға жақындайтын уақыты түзетіліп тұруы қажет.
      37. Қалқымалы көпірлерден кемелер көпірді меншіктенуші Басқармамен келіскен кесте бойынша өткізіледі.
      38. Ішкі су жолдарындағы көпірлерді, бөгеттерді және басқа да құрылымдарды меншіктенуші-шаруашылық жүргізуші субъект өз есебінен навигациялық қоршауларды (қозғалмайтын және қалқымалы белгілер) және гидротехникалық құрылымдар ауданынан кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етсін. Құрылымдардың ауданындағы су түбін тазалау және тереңдететін қалқымалы көпірлерден кеме өту үшін айыру жұмыстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік су жолдары туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      39. Өзі жүретін кеме вахтасының бастығы әр күн сайын вахта журналына жазуы қажет:
      1) кеменің жүріп келе жатқандығына немесе тоқтап тұрғандығына қарамастан, кеменің сигналдың оттарының жағылып, өшірілгендігі туралы;
      2) өз кемесінің жүк тиейтін және басқа трюмдарындағы, құрамалардағы, тіркеме баржаларындағы су деңгейін өлшеу нәтижелері туралы;
      3) дистанциялық автоматтың басқару және тұтқа құрылымдарының жағдайы туралы.
      40. Өзен арнасындағы карьерлердің барлық құм және қиыршық тас өндіретін орындары жөнінде Басқармамен және кәсіпорынмен алдын ала келісу қажет.
      41. Кемелер мен құрамалар Орал өзенімен жүзігенде салынатын тыйымдар:
      1) көпірдің астымен, ауа өткелдерінің астынан қалқымалы крандарды сүйреп өткізгенде олардың көтергіш жебелері жинаулы түрде болуы қажет;
      2) қалқымалы құрамаларды итерген кезде кеменің белгі беру оттары көрінбеген жағдайда немесе жүріс рубкасынан қараған кезде сүйреп келе жатқан объект тосқауыл болмау керек;
      3) өзі жүрмейтін кеме мен жалғызілікті кемелерді итеру әдісімен сүйрегенде рульдік рубкадан қарағанда көзбен көрерлік аумақ жабық болмау қажет;
      4) алдынан кезіккен кемелердің рульдік рубкасына прожектор сәулесін түсіру қажет;
      5) кеме жұмысын тексеріп жүрген қызметкерлерден өзгелерге, вахтаға қатысы жоқ тұлғаларға, тұтқа рубкасында немесе капитан мінбесінде жүруге болмайды;
      6) жолаушы тасымалдау кемелерінің вахталық бастықтарына кемені басқару үшін штурвалды кеменің тұтқа моторисіне беруге тыйым салынады.

4-ТАРАУ. ПАРОМ ЕТКЕЛДЕРІ

      42. Өзеннің кеме жүретін учаскелеріндегі паром өткелдерінің орындарын кәсіпорын Басқармамен келісе отырып, белгілейді.
      43. Паромдар мен қайықтар құтқару және өртке қарсы құралдарымен жабдықталуы және екі бүйірінде де құтқару леерлері болуы тиіс.
      44. Паромдар білікті мамандардың толық штатымен және апатсыз жұмысқа қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі қажет.
      45. Паромшы қызметіне кеме (паром) басқаруға құқық беретін дипломы (куәлігі) бар тұлғалар тағайындалады.
      Барлық өзі жүретін және өзі жүрмейтін, мотокатерлердің көмегімен жұмыс істейтін паромдар жанынан өтіп бара жатырған кемелердің барлығына жол беріп айырылысу (өткізу) белгісін береді.
      46. Кемелер паромдардың жанынан жүрісін бәсеңдетіп өтеді.

5-ТАРАУ. КЕМЕЛЕРДІҢ ТҰРАҒЫ

      47. Барлық айлақтар мен тұрақ пунктілерінде әр кеме шығарылғанда кем дегенде екі тоқтату құралдарының орны болу қажет.
      48. Кәсіпорын қызметкерлері өлшеу жұмыстарын өткізілгеннен кейін және Басқармамен келісілген соң, кемелердің жақындау үшін жағадан ұйымдастырылған айлақтарды ашылу мүмкіндігі туады.
      49. Орал өзені алабындағы кемежайларында мұнай құю кемелері мен бункер кемелерінің тұрағы Басқармамен және өрт күзетімен келісілген жерлерде рұқсат етіледі.
      50. Кемелерге отын және жағар-май тиеу жұмыстары арнайы айлақтарда жүзеге асырылады. Мұнай құю айлақтарына кемелердің сақтық шараларын сақтай отырып, бір кемеге ғана жақындау рұқсат етіледі.
      51. Айлақтарда тұрған кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті айлақты меншіктенуші мекемелердің басшыларына жүктелінеді.
      52. Кемелер айлақта тұрғанда кеуіп қалмас үшін капитандар мен шкиперлер су деңгейін бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
      53. Айлақтардағы, кемелердегі және басқа жүзу құралдарындағы қуатты жарық көздері, сигнал оттарынан өзгесі, жарықты төменге қарай бақыттайтын қалғандармен қоршалуы тиіс.
      54. Орал өзенінің барлық айлақтарында өзі жүретін кемелерге екі тығынмен, өзі жүрмейтін кемелерге бір тығынмен түру рұқсат етіледі.
      55. Шалқар көліндегі кемелердің тұрағының қауіпсіздігіне капитан жауапты, ол кемені жел бағыты өзгергенде басқа кемелерге құламайтындай болып тұруын қамтамасыз етуге міндетті.
      56. Мекемелер мен жеке тұлғалардың катерлері, моторлы және ескекті қайықтары Басқарма және кәсіпорынмен келісіп, бекітілген жерлерде қоюлары қажет.

6-ТАРАУ. КЕМЕЛЕРДІ ҚЫСҚЫ ТҰРАҚҚА
ЖӘНЕ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЮ ТӘРТІБІ

      57. Кемені тұраққа қою барысында және тұрақта тұрған кезде меншіктенуші кем дегенде тоқсанына бір рет тұрақтың қауіпсіздігін тексеру үшін кемелерді Басқармаға ұсынып тұруы қажет.
      58. Кемелерді меншіктенушілер тексеру барысында анықталған кемшіліктерді дереу жоюға міндетті.
      59. Орал өзені алабындағы кемелерді қысқы тұраққа тұрғызу және жөндеу туралы алдын-ала дайындалған және кәсіпорын басшысы бекіткен жоспар бойынша, Көлік бақылау басқармасының келісімімен жүзеге асырылады.
      60. Затондарда кемелер түріне және санына байланысты бір бағытта, топталған кемелердің түріне байланысты ара қашықтықта қойылады. Бір түрдегі кемелердің бірнеше бағыты кеме топтарын құрайды.
      61. Барлық түрдегі кемелердің топтары, бағыттары және борттары арасындағы өрт қауіпсіздігінің қашықтығы кем дегенде:
      1) бір палубалы жолаушы тасымалдау кемелерінің, дебаркадерлердің және брандвахталардың бағыттары арасында 20 метр болуы қажет;
      2) техникалық флот кемелерінің бағыттары аралығы - 15 м.;
      3) шағын өзіжүретін кемелердің бағыттары аралығы - 10 м.;
      4) металл баржалар мен пантондардың аралығы - 5 м.
      Борттар ара қашықтықтары өрт қауіпсіздігі аумағының кеңдігі тоқтату брустарынан есептегенде кем дегенде 3 метр болуы қажет.
      62. Түрлі түрдегі кемелердің бағыттары арасындағы қашықтық шектес бағыттардың кемелері үшін белгіленген ең үлкен қашықтықтан бастап белгіленеді.
      63. Алапта арнайы бөгеттер болмаған жағдайда мұнай құйылатын кемелер жалпы бөгеттерге қойылуы ықтимал, бұл жағдайда олар бөгетке соңғы кіргізіліп, бірінші болып шығарылады. Мұнай өнімдері құйылған кемелер бөгетке қойылмас бұрын тазаланып, газы шығарылуы тиіс (буландыру арқылы). Жалпы бөгеттерге мұнай құю кемелері соңғы бағытта (бөгеттің басынан санағанда) қойылады.
      64. Бірінші және екінші класстағы мұнай құю кемелерінің ара қашықтығы кем дегенде 30 метр, үшінші және төртінші класстағы мұнай құю кемелерінің ара қашықтығы кем дегенде 20 метр болуы қажет. Бірінші және екінші класстағы мұнай құю кемелері топтарының ара қашықтығы кем дегенде 60 метр, үшінші және төртінші класстағы мұнай құю кемелері топтарының ара қашықтығы кем дегенде 30 метр болуы қажет. Бір бағытта 1, 2, 3 және 4 класстағы мұнай құю кемелерін қоюға мәжбүр болған жағдайда бағыттардың ара қашықтығы 1 және 2 класс мұнай құю кемелері үшін белгіленген нормаларға сай белгіленеді. Бағыттардың саны үштен (бір топ) аспауы қажет, ал бір бағыттағы кеме саны төрттен аспауы қажет.
      65. Жөндеуді талап ететін және жөндеу қажет етпейтін мұнай кемелерін бір бағытта қоюға тыйым салынады.

7-ТАРАУ. КЕМЕ МЕНШІКТЕНУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      66. Флоттың тұрағының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасының өзен көлігінің техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес кемелердің меншіктенушілері жауапты.
      67. Басқармалардың өкілдері заңдылықтардың орындалуын ұдайы тексеріп тұруға және оларды бұзған кеме меншіктенушілеріне қолданылып жүрген заңдылықтарға сай шара алуға міндетті.

      ЕСКЕРТУ: Басқармалар қызмет көрсететін учаскелердің шекараларын Комитет белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады