Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3440. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 289 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.05.21  N 289  (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды беруді реттеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже бекітілсін.
     2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары (келісім бойынша) мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.
     6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 15 наурыздан қолданысқа енгiзiледi.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2005 жылғы 3 ақпандағы    
N 38 бұйрығымен бекітілген 

  Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі
бойынша беру жөніндегі
Ереже

     1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкілермен тиісті медициналық айғақтар болған кезде береді.
     Рецептілер рецептіні жазып беретін медицина қызметкерінің қолымен және мөрімен бекітеді.

     2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептілер осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бланкілерге жазып беріледі.
     Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының басшысы қосымша қол қояды және мөрімен бекітеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен бекітеді.

     3. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге жол берілмейді.

     4. Рецептілер науқастың жасы және дәрілік заттың құрамына кірген ингредиенттер әрекетінің сипаты ескеріле отырып жазып беріледі.

     5. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы кітапта тіркеледі.

     6. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен жазып беріледі.

     7. Рецептіде осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес қысқартуларға жол беріледі.

     8. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке", "Сыртқа") шектеуге болмайды.

     9. Бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі.

     10. Дәрілік затты жоғары бір реттіктен артық мөлшерде жазып берген кезде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік мөлшердің жартысын береді.

     11. Рецептілер стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында айрықша қолданылатын дәрілік затқа (ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттар және басқалары) жазылып берілмейді.

     12. Рецептілер жеті күннің ішінде жарамды.

     13. Тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға дәрілік заттарды (дәріханалардан тегін немесе жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі 1 айға дейін белгіленеді. Мұндай жағдайда рецептілерде дәрігердің қолымен және денсаулық" сақтау ұйымының мөрімен бекітілген "Арнайы тағайындалған" деген жазу болуы тиіс.

     14. Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін және/немесе үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік зат жазылған рецепт жарамсыз болып есептеледі.

     15. Жарамсыз рецептілер "Рецепт жарамсыз" деген мөртаңбамен күші жойылады, осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі.
     Бұл орайда фармацевтика қызметкері науқасқа үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік затты береді де, дұрыс жазылып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымының басшысына береді.

     16. Тегін немесе жеңілдікті жағдайлардағы рецептілер бойынша дәрілік заттарды беруді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісім-шарты бар дәріхана ұйымдары жүзеге асырады.

     17. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген санымен беру қажет болған кезде дәріхана орамына дәріхана ұйымының атауын, дәріні, санын, мөлшерін, сериясын және жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, түпнұсқа орамды бұзуға болады.

     18. Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың бүкіл аумағында жарамды.

     19. Дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі:
     1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар - 3 жыл;
     2) басқалары - 3 ай.

     20. Сақтау мерзімі асып кетісімен рецептілер жойылуы тиіс.

     21. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхана ұйымының басшысы мен материалдық жауапты адамы бар комиссия құрылады.
     Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетіледі.

                                      Құрамында есірткі құралдары,
                                        психотроптық заттар мен
                                        прекурсорлар бар дәрілік
                                      заттарды қоспағанда, дәрілік
                                       заттарға рецепт жазып беру
                                        және дәрігердің рецептісі
                                         бойынша беру жөніндегі
                                            Ережеге 1 қосымша

А 8 форматы

              Рецепт бланкісінің нысаны

            ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТАУЫ

                         РЕЦЕПТ 

БАЛАҒА АРНАЛҒАН                                ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
                                              (астын сызу керек)

                20 __ жылғы "___" ___________
                  (рецептінің жазылған күні)

Науқастың Т.А.Ә., жасы _____________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә., _________________________________________________

Rp:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

D.S.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Дәрігердің қолы мен жеке мөрі __________________________ м.о.

Жадынама
     Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады
немесе мөртабан қойылады.
     Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады. 
     Бір бланкіге:
     заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты;
     тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік
затты жазып беруге рұқсат етіледі.
     Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат
етіледі.
     Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар -
миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
     Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде.
     "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы
нұсқаулармен шектеуге тыйым салынады.
     Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға
арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің
астын сызу керек.
     Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

                                      Құрамында есірткі құралдары,
                                        психотроптық заттар мен
                                        прекурсорлар бар дәрілік
                                      заттарды қоспағанда, дәрілік
                                       заттарға рецепт жазып беру
                                        және дәрігердің рецептісі
                                         бойынша беру жөніндегі
                                            Ережеге 2 қосымша

А8 нысаны

    Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда
       босатуға арналған рецепт бланкісінің нысаны

Денсаулық сақтау
ұйымының атауы

Медициналық
құжаттама

Денсаулық сақтау
ұйымының атауы

Медициналық
құжаттама

ТҮБІРТЕК

(денсаулық сақтау ұйымында
қалдырылады, одан кейін
бухгалтерияға өткізіледі)

20 __ жыл N ____

20 __ жылғы "___" ___________

Рецептінің жазып берілген күні
Науқастың Т.А.Ә., жасы
_______________________________
_______________________________

Диагноз _______________________
_______________________________
Науқастың медициналық
құжаттамасының N ______________
Үйінің мекен-жайы _____________
_______________________________

Rp: ___________________________
_______________________________
Д.S. __________________________
_______________________________

Дәрігердің қолы
мен жеке мөрі ____________ м.о.

ТЕГІН НЕМЕСЕ ЖЕҢІЛДІКТІ РЕЦЕПТ
(астын сызу керек)

20 __ жыл N ____

БАЛАҒА               ЕРЕСЕККЕ
АРНАЛҒАН             АРНАЛҒАН
         (астын сызу керек)

20___ жылғы "___" ___________

Рецептінің жазып берілген күні
Дәрігердің Т.А.Ә. _____________
_______________________________
Науқастың Т.А.Ә., жасы ________
_______________________________
Науқастың медициналық
құжаттамасының N ______________

Диагноз _______________________
_______________________________
Үйінің мекен-жайы  ____________
_______________________________
Rp: ___________________________
_______________________________
Д.S. __________________________
_______________________________

Дәрігердің қолы
мен жеке мөрі ___________ м.о.

Жадынама

     Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады
немесе мөртабан қойылады.
     Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады.
     Бір бланкіге:
     заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты;
     тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік
затты жазып беруге рұқсат етіледі.
     Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат
етіледі.
     Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар -
миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
     Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде.
     "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы
нұсқаулармен шектеуге жол берілмейді.
     Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға
арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің
астын сызу керек.
     Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

                                      Құрамында есірткі құралдары,
                                        психотроптық заттар мен
                                        прекурсорлар бар дәрілік
                                      заттарды қоспағанда, дәрілік
                                       заттарға рецепт жазып беру
                                        және дәрігердің рецептісі
                                         бойынша беру жөніндегі
                                            Ережеге 3 қосымша

Денсаулық сақтау ұйымының атауы

     Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен беруге
      арналған рецепт бланкілерін есепке алу кітабы

р/с
N

Күні

Рецептінің
сериясы, N

Рецепт бланкісін алған медицина
қызметкерінің Т.А.Ә., қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Құрамында есірткі құралдары,
                                        психотроптық заттар мен
                                        прекурсорлар бар дәрілік
                                      заттарды қоспағанда, дәрілік
                                       заттарға рецепт жазып беру
                                        және дәрігердің рецептісі
                                         бойынша беру жөніндегі
                                            Ережеге 4 қосымша

             Негізгі рецептуралық қысқартулар

Қысқартулар

Толық жазылуы

Аудармасы

aa

ana

теңдей

as. Asіd. 

Acіdum

қышқыл

amp.

Ampulla

ампула 

aq.

Aqua 

су

aq. Purіf.

Aqua purfіcata

тазартылған су

aq. destіll.

Aqua destіllata

дистилляцияланған су

but.

Butyrum

май (қатты)

comp., cps.

Composіtus (a, um)

күрделі

D.

Da, Detur, Dentur

Бер. Берілетін болсын.
Осылар берілетін болсын

D.S.

Da, Sіgna;
Detur, Sіgnetur

Бер., белгіле. Берілетін,
белгіленетін болсын.
Берілсін, белгіленсін

D.t.d.

Da (Dentur)
tales doses

Осындай мөлшерлерді
бер (берілетін болсын)

Dec.

Decoctum

қайнатпа

dіl. 

dіlіtus

ерітілген

dіv. іn p.
аеq

dіvіde іn
partes аеquales

тең бөліктерге бөл

emuls

rmulsum

эмульсия

extr.

extractum

сығынды, сорып алынған

f. 

fіat (fіant)

түзілетін болсын (түзілсін)

gtt. 

gutta, guttае

тамшы, тамшылар

іnf.

іnfusum

тұнба

іn. amp.

іn ampullіs 

ампулаларда

іn.caps.
gel.

іn capsulіs
gelatіnosіs

желатинді капсулаларда

Іn tabl.

іn tab (u)leettіs

таблеткаларда

lіn.

lіnіmentum

сұйық жақпа май

lіq.

lіquor

сұйықтық

M. pіl.

vassa pіlularum 

пилюльдік салмақ

M.

Mіsce; Mіsceatur

Араластыр. Араластырылатын
болсын. Араластырылсын

N.

numero

санмен

ol. 

oleum

май (сұйық)

pіl.

pіlula

пилюля

p. аеq.

partes аеquales

тең бөліктер

pulv.

pulvіs

ұнтақ

q.s. 

quantum satіs

қанша қажет, қанша керек

r., rad.

radіx

тамыр

Rp.

Resіre

Ал

Rep.

Repete. Repetatur

Қайтала.
Қайталанатын болсын

rhіz.

rhіzoma

сала тамыр

S.

Sіgna. Sіgnetur 

Белгіле.
Белгіленетін болсын

sem.

semen

ұрық

sіmpl.

sіmplex

қарапайым

sіr.

sіrupus

шырын

sol. 

solutіo

ерітінді

supp.

supposіtorіum

балауыз

tabl.

tab(u)letta

таблетка

t-ra, tіnct,
tst.

tіnctura

тұнба

ung.

unguentum

жақпа май

vіtr.

vіtrum

шыны ыдыс

ppt., praec. 

praecіpіtatus

тұнған

past.

pasta

паста

                                      Құрамында есірткі құралдары,
                                        психотроптық заттар мен
                                        прекурсорлар бар дәрілік
                                      заттарды қоспағанда, дәрілік
                                       заттарға рецепт жазып беру
                                        және дәрігердің рецептісі
                                         бойынша беру жөніндегі
                                            Ережеге 5 қосымша

               Дұрыс жазылып берілмеген
           рецептілерді есепке алу журналы

р/с
N

Күні 

Денсаулық
сақтау
ұйымының
атауы

Дәрі-
гердің
Т.А.Ә.

Рецеп-
тінің
маз-
мұны

Қа-
тесі

Қабыл-
данған
шара-
лар

Дәріхана
ұйымы
маманы-
ның
Т.А.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады