"31 "Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3472. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. "31»"Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3472 тіркелді).
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270  Жарлығына  сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. "31 "Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 25  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 23 ақпанда N 2183 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген 31 "Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандартында:
     2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады