Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап етуші мамандықтардың тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 48 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3481. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының заң актілерін іске асыру мақсатында қабылдау қажетті нормативтік құқықтық актілер тізбесі 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ауысым алдында медициналық куәландыруды талап етуші мамандықтардың тізімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 11 ақпандағы N 48
бұйрығымен бекітілген

Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап етуші
мамандықтардың тізімі

      1. Ауысым алдында медициналық куәландыруды талап етуші мамандықтар мыналар:

      1) технологиялық цехтардың (полимеризациялау, дистилляциялау, катализаторларды өндіру, полипропиленді түйіршіктеу, желім дайындау) аппаратшылары.

      2) сирек кездесетін элементтерді, компрессорлық азотты-оттек станциясы құрылғыларын орнату жөніндегі аппаратшы-гидрометаллургтар.

      3) жолаушы поезд бригадасы (поезд бастығы, жолсеріктер, поезд электрмеханигі).

      4) шығару және өткізу бригадаларының бригадирлері мен жетекшілері.

      5) жарушылар.

      6) қысыммен іске қосылатын заттармен жұмыс істеуші вулканизаторлар.

      7) барлық санаттағы автокөлік құралдарының (автобус, жүк тасушы және жеңіл автомашиналар, троллейбус, трамвай, жүк тиеуші, автокар, автогрейдер) жүргізушілері.

      8) суға сүңгушілер.

      9) дезактиваторлар.

      10) дозиметршілер.

      11) әуе жолын ұйымдастырушы диспетчерлер.

      12) аффинажды өндіріс шеберлері.

      13) азотты-оттек станциясының машинистері.

      14) бұрғы құрылғыларының машинистері мен көмекшілері.

      15) мұнара, мінбе, көпір, шынжыр табанды, автомобиль, темір жолы, порт және жүзу крандарының машинистері мен машинистердің көмекшілері.

      16) локомотивтердің (электровоздардың, тепловоздардың, дизель- және электрпоездарының) машинистері мен машинистердің көмекшілері.

      17) сапардағы машиналардың машинистері.

      18) өндіру және қайта өңдеу комбайндарының машинистері.

      19) қазандықтардың машинистері, операторлары.

      20) көтергіштердің машинистері.

      21) экскаваторлардың машинистері мен машинистердің көмекшілері.

      22) діңгек көтергіш машинистер.

      23) шприцмашиналардың машинистері.

      24) оттегі баллондарын толтырушылар.

      25) шлюз вахталарының бастықтары.

      26) қылмыстық-атқару жүйесі бақылаушылар жасақтарының бастықтары, аға бақылаушылары мен бақылаушылары, жүргізуші мамандары.

      27) ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі және бұрғылау жұмыстарын жүргізу құқығы бар операторлар.

      28) мұнай шығару, қабат қысымын қолдау, дайындау және айдау операторлары.

      29) реакторлы құрылғылар операторлары, аға шеберлер.

      30) арнайы су тазалау операторлары.

      31) вагондарды бақылаушылар.

      32) атом реакторын зерттеу, реакторларды іске қосу және тоқтату жұмыстарына дайындық кезеңіндегі бригадалардың персоналы (жобаның бас инженері, ауысым бастығы, басқару инженері, инженер физик, инженер технолог, бақылау-өлшеу приборлары инженері, қорғауды басқару жүйесінің инженері, инженер электрик, кезекші механик, электрик, слесарь-жөндеуші және дозиметрист, барлық мамандықтар бойынша стажерлар, жұмысқа қатысушы басқа да мамандықтар).

      33) 127 және одан да астам вольт кернеуі бар жұмыс істейтін электр құрылғыларды күтіп-ұстаушы, оларды жедел іске қосу және тегістеуші, монтаждау жұмыстарын және осы электр құрылғыларында жоғары вольтты сынақтар өткізетін персонал.

      34) вагондардың қозғалу жылдамдықтарын реттеушілер.

      35) ядролық қауіпті учаскелерде ядролық қауіпті бөлшек материалдармен жұмысты тікелей орындаушы басшылар, мамандар мен жұмысшылар.

      36) азотты-оттек станцияларының, арнайы су тазалау ауысымдарының шеберлері.

      37) поездардың құраушылары және құраушылардың көмекшілері.

      38) адамдарды көтеретін құрылғыларды іске қосушы жұмыскерлер.

      39) қару-жарақ ұстаушы және оларды қолданушы жол көрсетушілер (ведомстволық күзеттегі жұмыскерлер).

      40) әуе кемелерінің экипаждары (пилоттар, бортинженерлер, борттағы жолсеріктер).

      41) өзен және теңіз кемелерінің экипаждары (капитандар мен олардың көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, электриктер, радиомамандар).

      2. Осы Тізімнің 1-тармағында көрсетілген мамандықтар бойынша ауысым алдында медициналық куәландыруды тіркеуді осы тізімге қосымшаға сәйкес журнал бойынша медицина қызметкері жүргізеді.

  Ауысым алдында медициналық
куәландыруды талап етуші
мамандықтардың тізімін бекіту туралы
қосымша

      Аса қауіптілікпен, өндірістік жабдықпен жұмыс істеуші

      адамдарды ауысым алдында медициналық

      куәландыруды тіркеу журналы

Р/с

N

Тегі,

аты-

жөні

Та-

бель-

дегі

нөмі-

рі

Ша-

ғымы

Пуль-

сі

Дене-

сінің

тем-

пера-

турасы

Арте-

рия-

лық

қысымы

Алко-

голь-

дің

болу-

ына

жаса-

латын

сынама

Болжам-

ды диаг-

нозын

көрсете

отырып

маманға

жолдама

беру

Меди-

цина

қыз-

мет-

кері-

нің

қолы






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады