"Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3552. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 1 бабының 18 тармағындағы 5) тармақшасы сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. (N 2139 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 796 бұйрығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 840 б.) "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ережеде:
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті (бұдан әрі - ЖАК) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсыруымен" сөздері "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" сөздерімен ауыстырылсын;
      барлық мәтіндегі "ЖАК" сөзі тиісті септікте "Комитет" сөзімен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы: "ЖАК белгілеген үлгіде, кеңес құрамы", "сондай-ақ өкілеттік мерзімін бекіту туралы ЖАК бұйрығының жобасы" сөздері алынып тасталсын;
      он үшінші абзацтағы "және ЖАК белгіленген үлгідегі бұйрық жобасы" сөздері алынып тасталсын;

      4 тармақтағы "азаматтары" сөзі "азаматтарының ең көбі үшеуі" сөздерімен ауыстырылсын;

      20 тармақтың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Жетекші ұйым диссертацияның негізгі ғылыми қағидаларын талқылау үшін ізденушіні шақырып ғылыми семинар өткізеді. Жетекші ұйым пікіріне оны дайындаған маман мен диссертация талқылаудан өткен ұйым бөлімшесінің басшысы қол қояды, олар Комитет Төралқасының, сараптау кеңесінің және диссертация қорғалатын кеңестің мүшелері болмауы керек, пікірді жетекші ұйым басшысы немесе оның орынбасары бекітеді және ол ұйымның мөрімен расталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарық көрген күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады