Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi мен Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасын бекiту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3573. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 79 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.02.11 N 79 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер базасын "Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық авиация саласындағы қызметтердi сертификаттау  ережесiмен сәйкестiкке келтiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау, сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа қосымша берiлген құжаттар тiзбесi;
      2) Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық тексеру бағдарламасы бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Көлiк және коммуникациялар  
министрлiгiнiң Азаматтық   
авиация комитетi Төрағасының 
2005 жылғы 29 наурыздағы   
N 64 бұйрығымен бекiтiлген 

  Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi,
почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау,
сертификатқа өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу
немесе телнұсқа алу кезiндегi ұсынысқа
қосымша берiлген құжаттар тiзбесi

      1. Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi Сертификат алуға өтiнiмге өтiнiм берушi қоса беретiн құжаттар:
      1) жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша құрылтай құжаттары (ұйымның заңды дербес ретiнде жарғы көшiрмесi немесе жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi сертификатталатын қызмет құрамына кiретiн ұйым жарғысының көшiрмесi;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi, жеке тұлға үшiн жеке басты куәландыратын құжат көшiрмесi, сондай-ақ заңды тұлға ретiнде құрылмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжат көшiрмесi;
      3) өтiнiш берушiнiң қызметi бойынша басшылық;
      4) өтiнiм берушiнiң бекiтiлген құрылымы;
      5) өтiнiм берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереже;
      6) өтiнiм берушiнiң штаттық кестесi;
      7) ұйымның басшылық құрамы бойынша жиынтық мәлiметтерi;
      8) жолаушылық және жүктiк терминалдың қысқаша техникалық сипаттамасы (алаңы, өткiзу мүмкiншiлiгi, пайдалануға кiргiзу жылы);
      9) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттiк органдарының қорытындысы;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген тәртiпте жеке құрамды мiндеттi түрде сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген тәртiпте үшiншi тұлғалардың алдындағы азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      12) жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу бойынша қызмет көрсету үшiн технологиялық бөлмелердiң, технологиялық жабдықтардың, арнайы техника мен арнайы көлiктiң тiзбесi;
      13) метрология бойынша органмен келiсiлген мiндеттi метрологиялық тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзбесi;
      14) өлшеуiш құралдарының соңғы мемлекеттiк тексеру актiсi;
      15) әуежай қызметтерi мен басқа да мемлекеттi органдармен өзара қатынас жөнiндегi технологиялық нұсқаулықтар;
      16) технологиялық жабдықтардың, арнайы техниканың, арнайы көлiктiң тiзбесi және жолаушыларға қызмет көрсету багажды, жүктi, почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсетудiң технологиялық сипаттамалары;
      17) Өтiнiм берушi персоналының бiлiктiлiгiн жоғарылату бойынша шаралар жоспары.

      2. Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi, почтаны өңдеу жөнiндегi сертификатқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм берушi беретiн құжаттар:
      1) қажеттi негiздемелермен ерiктi нысандағы өтiнiм;
      2) бұрын берiлген Сертификат оригиналы.

      3. Осы Тiзiмнiң 1 тармағында белгiленген құжаттар өтiнiмге Сертификаттың телнұсқасын алу үшiн қоса берiледi.

      4. Дәлелдеме құжаттамаларының құрамына енгiзiлетiн барлық материалдар екi данада (уәкiлеттi орган мен өтiнiм берушi үшiн бiр бiрден) рәсiмделедi.

      5. Түзетiлген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетiлген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Көлiк және коммуникациялар
                                        министрлiгiнiң Азаматтық
                                      авиация комитетi Төрағасының
                                        2005 жылғы 29 наурыздағы
                                       N 64 бұйрығымен бекiтiлген

        Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi,
     почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық
                    тексеру бағдарламасы

Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ___________________________________
Тексерiлген күнi, бұйрықтың N _____________________________________
Тексерушiлердiң Т.А.Ә.а, лауазымы _________________________________

P/c
N

Бағдарлама бойынша позициялар
нөмiрлерi және тексерiлетiн
элементтер

Сәйкестiк
бағасы
(-+)

Сәйкес-
сiздiк
позиция-
сының
нөмiрi

1

2

3

4

1. Ұсынылған құжаттама жиынтығының
бар болуы және сәйкестiгi

1)

Сәйкестiк сертификатын алуға өтiнiм.



2)

Ұйымның-өтiнiш берушiнiң жарғысы (құрылтай шарты).



3)

Заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк (жеке тұлға үшiн - заңды тұлға ретiнде құрылмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжат көшiрмесi).



4)

Өтiнiш берушiнiң ұйымдастырушылық құрылымы, штат кестесi, жүктелген функцияларды орындауға жеткiлiктiлiгi.



5)

Басшы құрамның және авиация мамандарының (қызметкерлердiң) мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейтiн лауазымдық нұсқаулықтар.



6)

Еңбек және өндiрiстiк санитария қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтар.



7)

Басшылық құрам мен мамандар жөнiндегi деректер, олардың сәйкестiгi.



8)

Арнайы көлiктi және механизмдер, арнайы жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету бойынша мамандар жөнiндегi деректер, олардың сәйкестiгi.



9)

Осы қызмет түрлерi бойынша қызметi жүзеге асырылатын нормативтi-басқару құжаттарының, технологиялық нұсқаулықтардың тiзбесi мен бар болуы.



10)

Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды,  жүктер мен почтаны өңдеу қызметтері жөніндегі басшылық, анықталатын мәселелердің толықтығы. Белгіленген талаптарға сәйкестігі және енгізілетін өзгерістердің уақтылығы.



11)

Арнайы техниканы сақтандыру полистерi (ic-әрекетiнiң мерзiмi мен аумағы).



12)

Арнайы техниканы, жабдықтарды, алаңдарды, өндiрiстiк бөлмелердi жалға алу келiсiмдерiнiң, егер олар болған жағдайда (iс-әрекетiнiң мерзiмi) бар болуы.



13)

Авиакомпаниялар мен ұйымдарға осы қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттардың бар болуы.



14)

Авиация персоналының бiлiктiлiгiн жоғарылату курстарынан өту шартының бар болуы.



15)

Авиациялық қауiпсiздiктi және апаттық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтың, авиациялық қауiпсiздiктi, апаттық-құтқару жұмыстарын және өрт сөндiрудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстардың жоспарының бар болуы.



16)

Жеке құрамға медициналық қызмет көрсету (ауысу алдында медициналық тексеру).



17)

Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау мемлекеттiк органдарының қорытындысы.



18)

Әуеайлақ, перрон бойынша арнайы техника, арнайы көлiк, машиналар мен механизмдер қозғалысын ұйымдастыру.



19)

Әуеайлақ және оның маңайында қозғалатын көлiк құралдарын басқару және олармен байланыс.



20)

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн әуежай қызметтерiмен өзара iс-әрекет.



21)

Осы қызмет түрлерiн көрсету үшiн қолданылатын арнайы техника мен жабдықтар тiзбесi мен бар болуы, олардың жай-күйi.



22)

Күзгi-қысқы және көктемгi-жазғы навигация жағдайында арнайы техника мен жабдықтарды, жеке құрамды дайындау жөнiндегi құжаттама.



23)

Абоненттердi шақыру және радио арқылы сөйлесу фразеологиясы.



24)

Метрологиялық жұмыстарды жүргiзу, мiндеттi түрде тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзiлiмi, МЕМСТ-тар мен стандарттар талаптарын сақтау.



25)

Халықаралық тасымалдауларға қызмет көрсетуге рұқсаттары бар әуежайлар үшiн шекаралық, кедендiк және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара қатынастарының келiсiлген технологиясының бар болуы.



2. Өндiрiстiк база

26)

Жолаушылық және жүктiк терминалдардың жоспар-сұлбасы.



27)

Технологиялық бөлмелер:
- ұшып шығу залы;
- ұшып келу залы;
- транзиттiк жолаушылар үшiн зал;
- багаждар мен жүктердi өңдеу залы;
- жинақтау залы;
- халықаралық рейстерге қызмет көрсету залы;
- жоғалған және талап етiлмеген багажды сақтау бөлмесi.



28)

Орнатылған жабдықтардың бар болуы:
- Жолаушылар мен авиациялық персоналды көзбен шолып ақпараттандыру және хабардар ету жүйесi мен құралдары;
- әуевокзалдарында, жүк қоймаларында және әуежай перрондарында және әуе кемелерiнде авиациялық қауiпсiздiк және ұшу алдындағы тексеру шараларын орындау үшiн жүйелер мен құралдар;
- жолаушыларды, багажды, жүктердi тiркеу жүйелерi;
- өндiрiстiк қызметтердi басқару және үйлестiру жүйелерi мен құралдары;
- мөлшер өлшеуiш техника;
- тiркеу тұрағы;
- төлқұжаттық бақылау кабиналары (халықаралық рейстерiне қызмет көрсетуге рұқсаттары бар әуежайлар үшiн);
- жеке тексеру бөлмесi.



29)

Жолаушыларды жеткiзу, қондыру (шығару), багажды, почтаны және жүктердi әуе кемесiнiң бортына (борттан) кiргiзу (түсiру) бойынша, почтаны және жүктердi өңдеу бойынша арнайы техника мен механизмдердiң техникалық жай-күйi.



30)

Жүктердi сақтау, өңдеу, түсiру үшiн, сонымен қатар әуе көлiгiмен тасымалдауға рұқсаты бар қауiптi жүктердiң санатына жатқызылғандарды да.



31)

Бизнес-залдар мен VIP-залдар.



3. Ұшып шығатын және ұшып келетiн жолаушыларға
қызмет көрсету үрдiстерiн қамтамасыз ету

32)

Қажеттi тасымалдау құжаттар пакетiнiң (биркалар, отырғызу талондары және т.б.) бар болуы.



33)

Билеттердi тiркеу және багажды тасымалдау рәсiмдерi.



34)

Жолаушыларды тұрақ орындарына жеткiзу және оларды әуе кемесiне отырғызуды ұйымдастыру.



35)

Багажды тұрақ орындарына жеткiзу және оны әуе кемесiне тиеу.



36)

Әуе кемесiнен шығу кезiнде жолаушыларды кездестiру.



37)

Әуе вокзалының ғимаратына жолаушыларды жеткiзудi ұйымдастыру.



38)

ӘК түсiру, көлiкпен тасымалдау және жолаушылардың жол жүктерiн беру.



39)

Трансферлiк және транзиттiк жолаушылардың ұшып шығуын бақылауды жүзеге асыру.



40)

Трансферлiк және транзиттiк жолаушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру.



4. Жiберiлетiн және әкелiнетiн жүктерге
қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

41)

Жүк жiберушiден жүктi қабылдау (жүктi өлшеу, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу).



42)

Жүктi уақытша сақтау.



43)

Жүктi ӘК-iнен жүк терминалына жеткiзу.



44)

Жүк алушыға жүктi беру.



45)

Жүктердi, соның iшiнде әуемен тасымалдауға рұқсат берiлген қауiптi жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау үшiн ресiмдеу жөнiндегi құжаттамаларды жүргiзу.



46)

Жоғалған багаждар мен жүктер бойынша талап жұмыстарын жүргiзу.



         ЕСКЕРТПЕ:
      (*) осы пайдаланушысы үшiн мiндеттi емес;
      (-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергi келтiретiн сәйкессiздiктер;
      (-2) келiсiлген мерзiмдерде жойған жағдайларда немесе шектеулер енгiзiлгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергi келтiрмейтiн сәйкессiздiктер;
      (-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергi келтiрмейтiн әрi өндiрiстi және сапа жүйесiн жетiлдiргенде жоюға болатын сәйкессiздiктер.

      ҚОСЫМША: Сәйкессiздiктер тiзбесi ____ парақта (парақтарда).

      ТЕКСЕРУШIЛЕР: _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                                      (қолы, Т.А.Ә.а)

ТАНЫСТЫМ: Азаматтық авиация
ұйымының басшысы: __________      _________________________________
                     (қолы)                    (Т.А.Ә.а)

      Сертификаттық тексерудiң жүргiзiлген күнi: "___" _____ 200_ж.

        Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктердi,
       почтаны өңдеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттық
       тексерудiң бағдарламасына сәйкессiздiктер тiзбесi

              ________________________________________
                     (Өтiнiм берушiнiң атауы)

Сертификаттық тексерудiң
бағдарламасындағы сәйкессiздiк
позициясының N

Сәйкессiздiктiң
сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3




         Тексерушілер: _______________________________________________
                    _______________________________________________
                    _______________________________________________
                                      (қолы, Т.А.Ә.а)

      Таныстым: ___________________________________
                (ұйымының басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)

      Сертификаттық тексерудiң
      жүргiзiлген күнi:   "___" __________ 200_ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады