Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 79 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті торағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:
      1) «Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 86 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3628 тіркелді);
      2) «Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы» 2005 жылғы 14 маусымдағы № 119 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 тіркелді);
      3) «Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 5 қазандағы № 206 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 тіркелді);
      4) «Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктерді, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүктерді, почтаны өңдеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 наурыздағы № 64 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3573 тіркелді);
      5) «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесін және Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2688 тіркелді);
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіпте апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Е. Дүйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады