Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау және куәландыру жүргізу үшін азаматтарды медициналық куәландыруға жіберу тәртібі туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 167 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3589. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2017 № 156 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 2 ақпандағы N 7-1491-05 наразылығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау және куәландыру жүргізу үшін азаматтарды медициналық куәландыруға жіберу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2389 тіркелген) 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау үшін азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Медициналық ұйымдарға медициналық куәландыруға жіберу заңға сәйкес жүзеге асырылады".

      2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр


"Келісілген"


Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрі



      2005 жылғы 25 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады