Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-203/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдеде № 504 бұйрығымен бекітілген |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін
анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есiрткi заттары – Қазақстан Республикасының заңнамасына, Есiрткi құралдары туралы 1961 жылғы бiрыңғай конвенцияға 1972 жылғы Түзетулер жөнiндегi хаттамаға сәйкес оған енгiзiлген түзетулермен бiрге, Есiрткi құралдары туралы 1961 жылғы бiрыңғай конвенцияға, "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бақылау жасалуға тиіс Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
2) медициналық куәландыру – есірткіге масаю күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық қарап-тексеру;
3) масаң күйде болуы – психикаға белсенді әсер ететін заттармен (алкоголь, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар, олардың туындылары және сол тектестер) қатты уланудың салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулардың кешенімен сипатталатын жай-күй;
4) психотроптық заттар – Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның ішінде Психотроптық заттар туралы 1971 жылғы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиіс Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар.
3. Медициналық куәландыру жүргізудің мақсаты психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау болып табылады (бұдан әрі – медициналық куәландыру).
4. Медициналық куәландыруға масаң күйде көлік құралдарын басқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынғаны, қоғамдық орындарға және жұмысқа масаң күйде келгені үшін жауапкершілік көзделген адамдар жатады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша келетін, сондай-ақ масаң күйде қоғамдық орында, жұмыста болған не көлік құралдарын басқарған азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде медициналық куәландыруға жатады.
Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдар, олардың келісімінсіз медициналық куәландыруға жатпайды.
6. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын медициналық куәландыру ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің (ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар) қатысуымен жүргізіледі.
2-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу
фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібі
7. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ куәландырылушының жұмыс орны бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдары осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдарды мемлекеттік медициналық ұйымға медициналық куәландыруға жібереді және (немесе) жеткізеді.
8. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруға жолдама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Куәландыру азамат өзі ерікті түрде жүгінген кезде де жүргізіледі.
9. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 528 қаулысымен бекітілген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық ұйымдарда куәландыруды тәуліктің кез келген уақытында медициналық ұйымдарда психиатр-нарколог дәрігерлер немесе бейінді мамандықтағы дәрігерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларына, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес қосымша білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім және ғылыми ұйымдарда наркологиялық куәландыру жүргізу мәселелері бойынша біліктілігін арттырған фельдшерлер, мейіргерлер (штатында дәрігерлері жоқ медициналық-әлеуметтік алғашқы көмек объектілерінің медициналық ұйымдарынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан ауылдық жерлерде) (бұдан әрі – медицина қызметкері) жүргізеді.
11. Куәландырылушыны жіберген және (немесе) жеткізген лауазымды адам, оның жеке басын анықтау шараларын қабылдайды (жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде куәландырылушыны суретке түсіруге рұқсат етіледі).
Медицина қызметкері куәландырылушының жеке басын куәландыратын құжаттармен танысып, оның жеке басын анықтайды. Жеке басты куәландыратын құжаттардың болмауы, куәландырудан бас тартуға негіз болмайды.
Құжаттар болмаған кезде, медициналық куәландыру қорытындысында куәландырылушының сөзінен алынған деректер міндетті түрде көрсетіле отырып, зерттен-қаралушының белгілері көрсетіледі.
12. Алкогольді тұтыну және алкогольдік масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу кезінде алкогольге ауыздан сыртқа шығарылатын ауаны сандық зерттеу жүргізіледі.
Алкогольдің бар-жоғына ауыздан сыртқа шығатын ауаға зерттеу Қазақстан Республикасында ресми тіркелген және қолданылатын техникалық өлшем құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Қанда алкогольдің бар-жоғын зерттеу кезінде көрсеткіштерді бағалау алкогольдің сандық құрамының стандартталған ара қатынасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес куәландырылушы адамның клиникалық жай-күйін бағалауға сәйкес жүргізіледі.
Егер орын алып отырған жағдайларға байланысты (куәландырылушының соматоневрологиялық жағдайының ауырлығына, оның куәландырудан бас тартуына) байланысты толық көлемде куәландыру жүргізу мүмкін болмаса, медициналық куәландыру қорытындысында куәландыру жүргізу мүмкіндігінің болмау себептері көрсетіледі.
13. Психикалық және соматоневрологиялық жай-күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық зерттеп-қарау деректері алкогольді және психиқаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты жай-күй мәселесі бойынша медициналық қорытындының негізі болып табылады.
Биологиялық ортаға (алкогольдік масаң күйіне күдік болған кезде қан немесе несеп, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйіне күдік болған кезде несеп) зертханалық зерттеу немесе экспресс-тестілеу жүргізу мынадай жағдайларда:
1) куәландырылушының жай-күйінің ауырлығына байланысты толық куәландыру мүмкін болмағанда;
2) масаң күйді (психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылыстар) кешенді бағалауда дәрігердің күдігі болғанда;
3) куәландырылушы қорытындының нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
4) қайта куәландыру жағдайларында;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды (қандай да бір) тұтыну фактісін анықтау және масаң күй (психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылыстар) белгілері болмаған кезде;
6) адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғасында немесе құқық бұзушылық жасалған кезде;
7) егер, зардап шегушісі жоқ жол-көлік оқиғасы және құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап 3 сағаттан астам уақыт өтсе қажет болып табылады.
14. Биологиялық сынамаларды жүргізудің сипаты мен жүйелілігін куәландырылушының клиникалық жай-күйінің ерекшелігіне қарай куәландыруды жүргізетін медицина қызметкері айқындайды. Зертханалық зерттеу үшін іріктелген биологиялық сынамаларды мөрлеу және таңбалау куәландырылушының және куәландырылушыны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен жүргізіледі.
Куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаны объективті тұрғыдан бағалай алмайтын жағдайларда, аталған рәсім куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
15. Куәландырылушы адамда оның өміріне қауіп тудыратын күйге күдік болған кезде, куәландырылушы адам тиісті мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жеткізіледі, онда медициналық көмек көрсетумен бірге, негізгі (болжамды) ауруының диагнозы белгіленеді және масаң күйi анықталады.
16. Жеке тұлға ауыр, ес-түссіз күйде денсаулық сақтау ұйымына жеткізілген кезде, медициналық көмек көрсету сәтінде стационарлық науқастың медициналық картасында клиникалық қарап-тексеру және биологиялық үлгілерді зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жеке тұлғада масаң күйдің немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісінің болуы (болмауы) туралы жазба жасалады, бұл ретте Медициналық куәландыру қорытындысы жасалмайды.
Денсаулық сақтау ұйымы лауазымды адамның сұрау салуы бойынша оған "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттамасын белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты жай-күй мәселесі бойынша медициналық қорытындының негізі болып табылады.
Биологиялық ортаға (алкогольдік масаң күйіне күдік болған кезде қан немесе несеп, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйіне күдік болған кезде несеп) зертханалық зерттеу немесе экспресс-тестілеу жүргізу мынадай жағдайларда:
1) куәландырылушының жай-күйінің ауырлығына байланысты толық куәландыру мүмкін болмағанда;
2) масаң күйді (психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылыстар) кешенді бағалауда дәрігердің күдігі болғанда;
3) куәландырылушы қорытындының нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
4) қайта куәландыру жағдайларында;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды (қандай да бір) тұтыну фактісін анықтау және масаң күй (психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылыстар) белгілері болмаған кезде;
6) адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғасында немесе құқық бұзушылық жасалған кезде;
7) егер, зардап шегушісі жоқ жол-көлік оқиғасы және құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап 3 сағаттан астам уақыт өтсе қажет болып табылады.
14. Биологиялық сынамаларды жүргізудің сипаты мен кезеңділігін куәландырылушының клиникалық жай-күйінің ерекшелігіне қарай куәландыру жүргізетін медицина қызметкері айқындайды. Зертханалық зерттеу үшін іріктелген биологиялық сынамаларды мөрлеу және таңбалау куәландырылушының және куәландырылушыны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен жүргізіледі.
Егер, куәландырылушы адам болып жатқан оқиғаны объективті тұрғыдан бағалай алмайтын жағдайларда, аталған рәсім куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
15. Куәландырылушы адамда оның өміріне қауіп тудыратын күйге күдік болған кезде, куәландырылушы адам тиісті мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жеткізіледі, онда медициналық көмек көрсетумен бірге, негізгі (болжамды) ауруының диагнозы белгіленеді және масаң күйi анықталады.
16. Жеке тұлға ауыр, ес-түссіз күйде денсаулық сақтау ұйымына жеткізілген кезде, медициналық көмек көрсету сәтінде стационарлық науқастың медициналық картасында клиникалық қарап-тексеру және биологиялық үлгілерді зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жеке тұлғада масаң күйдің немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісінің болуы (болмауы) туралы жазба жасалады, бұл ретте Медициналық куәландыру қорытындысы жасалмайды.
Денсаулық сақтау ұйымы лауазымды адамның сұрау салуы бойынша оған "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттамасыныңнысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 027/е нысаны бойынша медициналық құжаттардан үзінді көшірме береді.
17. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысында (бұдан әрі – Медициналық куәландыру қорытындысы) куәландырылушының сыртқы түрі, оның мінез-құлқы, эмоциялық күйі, сөзі, вегетативтік-тамырлық реакциялары, есінің, бағдарының, жадысының, іс-қимыл үйлесімділігінің бұзылуы, неврологиялық және соматикалық саласының жай-күйі туралы мәліметтер, ауыздан үріп шығарылатын ауада иістің болуы, сондай-ақ куәландырылушының шағымдары және оның өз жағдайын субъективті бағалауы толық жазылады. Зертханалық зерттеулер жүргізілген жағдайда нәтижелер Медициналық куәландыру қорытындысында белгіленеді.
18. Медициналық куәландырудың негізінде Медициналық куәландыру қорытындысы жасалады, онда куәландырылушы адамның зерттеп-қарау сәтіндегі жай-күйі сипатталады.
Медицина қызметкері Медициналық куәландыру қорытындысын жасау кезінде қолда бар клиникалық және (қажеттілігіне қарай) зертханалық деректердің не масаң күйді туындатқан психикаға белсенді әсер ететін заттың түрін растайтын экспресс-тестілеу нәтижелерінің негізінде мынадай жай-күйлердің бірін белгілейді:
1) мас емес (сау);
2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісі, масаң күйде болу белгілері;
3) алкогольдік масаң күйі (жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде);
4) психикаға белсенді әсер ететін заттарды (есірткі-апиындарды, каннабиноидтар, кокаин, ұйықтататын заттар, психостимуляторлар, галлюциогендер, ұшпа ерітінділер) тұтынудың әсерінен болған (есірткілік, уытқұмарлық) масаң күй.
19. Медициналық куәландыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыру қорытындысы түрінде ресімделеді.
20. Медициналық куәландыру қорытындысы екі данада жасалады, медицина қызметкерінің қолымен және куәландыру жүргізілген медициналық ұйымның мөрімен расталады. Бір данасы куәландырылушыны жеткізген адамға беріледі, екінші данасы медициналық ұйымда қалады және бес жыл бойы мұрағат (архив) істерінде сақталады.
Алып жүруші болмаған кезде, Медициналық куәландыру қорытындысының бір данасы медициналық куәландыруға жіберген адамның ресми жазбаша сұрау салуы бойынша почта арқылы жіберіледі.
21. Куәландыру нәтижелері куәландырылушы адамға, оны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен бірден хабарланады Куәландырылушы адам не оны жеткізген лауазымды адам куәландыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қайталама медициналық куәландыру жүргізіледі.
22. Қайталама медициналық куәландыру куәландырылушының не оны жіберген және (немесе) жеткізген лауазымды адамның куәландыруға жүгінудің мән-жайы айтылған еркін нысандағы жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі.
Қайталама медициналық куәландыруды медициналық ұйымның бейінді дәрігері алғашқы куәландырудан кейін 2 сағаттан кешіктірмей жүргізеді.
Қайталама куәландыру кезінде биологиялық ортаға (алкогольдік масаң күйге күдік болған кезде қан немесе несеп, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйге күдік болған кезде несеп) зертханалық зерттеу немесе экспресс-тестілеу жүргізу міндетті рәсім болып табылады.
23. Куәландырылушының жай-күйі (ауыр жарақат, ес-түссіз күй) медициналық куәландыруды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты жай-күйді айқындау үшін организмнің биологиялық сұйықтықтарында (қан, несеп, сілекей) психикаға белсенді әсер ететін заттардың болуына екі мәрте (30-60 минут интервалмен) сандық зерттеу жүргізіледі. Биологиялық ортаның аталған үлгілері қажетті кепілдік беретін шарттарда сақталған жағдайда, оларды алу күнінен бастап күнтізбелік 25 күн ішінде зерттеп-қарау жүргізілген медициналық ұйымда сақталады.
24. Куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаны бағалай алмайтын жағдайда, куәгерлердің қатысуы куәландыру жүргізілетіндердің бастамасы бойынша қамтамасыз етіледі.
25. Медициналық қорытынды зертханалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін шығарылған жағдайларда, Медициналық куәландыру қорытындысының бір данасы зертханалық зерттеу нәтижелерін алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
26. Медициналық куәландыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Медициналық куәландыруды тіркеу журналында (бұдан әрі – Журнал) және медициналық куәландыруға жеткізілген адамдарды есепке алу жөніндегі ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Журналды медициналық куәландыруды жүргізген медицина қызметкері толтырады және куәландыру жүзеге асырылған кабинетте сақталады.
Журнал нөмірленеді, тігіледі және медициналық ұйымның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде бол фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін
анықтау үшін медициналық куәландыруға
жолдама
20_ж.___ "___" ____ сағат_____мин. ________________________________________________
(жолдама толтырылған орын)
________________________________________________________________________________
(лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Азамат (ша) _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
масаң күйге медициналық куәландыру үшін жіберді
Туған жылы (жасы) және жері _____________________________________________________
Жұмыс орны ____________________________________________________________________
Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басы анықталған құжат ______________________________________________________
(құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, жері)
Медициналық куәландыруға жіберу үшін негіздеме
________________________________________________________________________________
Куәландыру мақсаты _____________________________________________________________
Бастапқы немесе қайталама куәландыру (асты сызылсын)
Жіберген адамның қолы __________________________________________________________
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және
масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы
Аталған факті бойынша бастапқы, қайталама куәландыру (қажетінің асты сызылсын)
________________________________________________________________________________
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________
Жасы (туған жылы) ______________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы __________________________________________________________
Кім және қашан (нақты уақыты) куәландыруға жіберді
________________________________________________________________________________
Куәландырылған күні және нақты уақыты ___________________________________________
Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер, мейіргер)
________________________________________________________________________________
2. Куәландыру себебі: көлік құралын басқару кезіндегі масаң күйге күдік, жұмысқа мас күйінде келу, медициналық көмек көрсетумен байланысты масаң күйдегі адамдарды куәландыру және басқасы (себебі көрсетілсін)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Куәландырылушының сыртқы келбеті: киімінің, терісінің жағдайы, зақымдардың (жарақаттар, соққылар) болуы _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Мінез-құлқы: қызба, тұйық, ашулы, қызу, агрессивті, жайлы, мылжың, күйгелек, көңіл-күйі тұрақсыз, ұйқышыл, тежелген, өзінің жай-күйіне шағымы бар (қажетінің асты сызылсын)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Ақыл-есінің жағдайы, орынға, уақытқа, оқиғаға және жеке басына бағдарлануы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Сөйлеу қабілеті: сөйлемді байланыстыра білуі, артикуляцияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеуі _________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері жабынының, көздің, тілдің шырышты қабықтарының жағдайлары, тершеңдік, сілекейдің ағуы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тыныс алу: жиі, баяу _____________________________________________________________
Тамырдың соғуы______________________ артериялық қысым __________________________
Қарашықтары: кішірейген, ұлғайған, жарыққа әсері ___________________________________
Жан-жағына қараған кездегі нистагм ________________________________________________
8. Қозғалыс аясы _________________________________________________________________
Мимикасы: сылбыр, ширақ ________________________________________________________
Жүрісі (теңселмелі, жүрген кезде аяқтарын лақтырып басу), бұрылып жүру
(бұрылған кезде теңселу)
Ромберг қалпындағы тұрақтылық ___________________________________________________
Нақты қозғалысы (еденнен тиынды көтеру, саусақ-мұрын сынамасы)
________________________________________________________________________________
Қабақтарының, тілінің, саусақтарының дірілдеуі ______________________________________
9. Жүйке-психикалық аурулардың, мидың органикалық зақымдану, физикалық жүдеу белгілері бар ма
Бастан өткерген жарақаттары (куәландырылушының сөзінен)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Алкогольді, психикаға белсенді әсер ететін заттарды соңғы тұтыну туралы мәлімет: субъективті, объективті (құжаттар бойынша және сөзінен)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
11. Алкогольдің иісі
________________________________________________________________________________
12. Шығарылатын ауада және организмнің биологиялық ортасында алкогольдің болуы:
а) ауа түтікшеде зерттелді _________________________________________________________
Зерттеу уақыты мен нәтижесі ______________________________________________________
қайталама зерттеу ________________________________________________________________
б) биологиялық орта (лар) (несеп, сілекей, қан) зерттелді
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________ әдістерімен ______________________ сынаманы іріктеу уақыты
Зерттеу уақыты мен нәтижелері ___________________________________
13. Медициналық қарап-тексерудің немесе ұсынылған құжаттардың басқа да деректері ________________________________________________________
14. Қорытынды (куәландырылушының жай-күйі Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының 21-тармағында көзделген тұжырымдарда көрсеріледі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Куәландыру жүргізген медицина қызметкерінің қолы
________________________________________________________________________________
Куәландыру нәтижесімен таныстым ________________________________________________
(куәландырылушы адамның қолы)
Куәландыру нәтижесімен танысты, бірақ қол қоюдан бас тартты
________________________________________________________________________________
Медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
Мүдделі емес адамдар (куәландырылушы адам болып жатқан оқиғаны бағалай алмайтын
күйде болған жағдайда):
1. ______________________________________________________________________________
Қолы
2. ______________________________________________________________________________
Қолы
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Қандағы алкоголь құрамының стандартталған сандық ара қатынасы және куәландырылушы адамның клиникалық жай-күйін бағалау
Қандағы алкогольдің құрамы, 0 ‰ | Бағалау |
0,5-ден 1,5-ке дейін | Жеңіл масаң күйде болу |
1,5-тен 2,5-ке дейін | Орташа дәрежедегі масаң күйде болу |
2,5-тен 3,0-ге дейін | Қатты масаң күйде болу |
3,0-ден 5,0-ге дейін | Алкогольден ауыр улану, қайтыс болып кетуі мүмкін |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін
анықтау үшін медициналық куәландыруды тіркеу журналы
1. Р\с №
2. Куәландыруды жүргізу күні мен уақыты
3. Куәландырылушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4. Туған жылы (жасы)
5. Тұрғылықты жері
6. Куәландырылушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы және нөмірі
7. Жұмыс орны және лауазымы
8. Куәландыруға кім, қашан жіберді
9. Жеткізген адамның құжатының сериясы, нөмірі, ресми жолдаманың нөмірі
10. Куәландыруға жіберу себебі
11. Куәландырудан бас тарту туралы белгі
12. Аталған факті бойынша бастапқы, қайталама куәландыру
13. Куәландыру актісінің нөмірі және нәтижесі
14. Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің күші жойылды деп
танылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 4 шілдеде № 2389 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау және куәландыру жүргізу үшін азаматтарды медициналық куәландыруға жіберу тәртібі туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі №167 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде № 3589 болып тіркелген).
3. "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 31 қазандағы № 578 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қарашада № 5382 болып тіркелген).