Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Көшетханаларды (жылыжайларды) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Министрдің
міндетін атқарушы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2005 жылғы 5 сәуір
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылы 9 наурыздағы
N 104 бұйрығымен бекітілген
"Жылыжайларды (көшетжай) күтіп-ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Жылыжайларды (көшетжай) күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жылыжайлардың (көшетжайлардың) құрылысын жобалаумен, жүргізумен және пайдаланумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) жылыжай, көшетжай - көкөністерді, көшеттерді және гүлді дақылдарды өсіруге арналған имараттар;
2) кенежойғыштар - өсімдіктерді зияндайтын кенелермен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар;
3) фумигация - ауыл шаруашылық өсімдіктерін ауру қоздырғыштарынан және зиянкестерінен қорғау үшін қолданатын бу немесе газ тәрізді күйдегі фумиганттармен ауаны қанықтыру;
4) фумиганттар - сұйық, қатты және газ күйіндегі химиялық дәрмектерді пайдалану арқылы ауыл шаруашылық зиянкестерін және өсімдіктердің ауруының қоздырғыштарын жою үшін улы бу немесе газ және аэрозоль күйінде қолданылатын химиялық заттар.
2. Аумаққа қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Жылыжайларды орналастыру, оларға жер учаскесін бөлу, құрылысына, қайта жөндеуден өтетін және пайдалануға берердегі жобалық құжаттарды бекіту жұмыстары тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.
4. Жылыжайлар жеке аумақта орналастырылады, олардың аумағының мөлшерін қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай болуы керек (бұдан әрі - ҚНжЕ).
Аумақтар мынадай талаптарға сай болуы керек:
1) елді мекеннен төмен, сол жердің бедеріне қарай, тұрғын үйлердің ық жағынан (орташа жылдық жел өрнегі бойынша) орналасуы керек;
2) батпақты учаскелерге және сайларға жақын орналаспауы керек;
3) жер асты суының деңгейі жер бетінен кем дегенде 1,5 м тереңдікте болуы керек;
4) аумақ қоршалып, көлік жүретін жолдармен жабдықталуы керек.
5. Жылыжайларды, топырақтағы зиянды заттардың қанықпасының рұқсат етілген деңгейі жоғары болғанда ондай жерлерге орналастыруға болмайды.
6. Санитарлық қорғау аумақтарының мөлшері қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сай анықталады.
7. Жерге сіңіруге арналған қоспаларын дайындау үшін, шаңдататын материалдарды (топырақ, компостар, шымтезек, сабан, ағаш үгіндісі және т.б.) сақтауға арналған алаң жылыжайлар мен санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың ық жағында орналасып, оның беті тегіс және су өткізбейтіндей етіп жабылып, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардан кем дегенде 10 м ара қашықтықта орналасуы керек.
8. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді сақтау қоймаларының аумағында алаң қарастырылып, ол жерде, өсімдіктерді химиялық өңдеуден өткізіп, топырақты пестицидтердің қалдықтарынан тазалайтын құрал-жабдықтар тазаланып және зарарсыздандырылуы керек. Алаңдардың беті қатты жапқыш заттармен жабылып, үстінде күркешік, техникалық су келетін және канализация жүйесі қарастырылуы керек.
3. Сумен қамтамасыз етуге, қалдық ағынды суды ағызып
жіберуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
9. Шаруашылық-ауыз су көздерін таңдау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылығы саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай жүргізілуі керек.
10. Көкөніс және ауыл шаруашылық өнімдерінің көшеттерін суғару үшін ауыз суды пайдаланады. Суғару үшін ашық су көздеріндегі суды пайдалануға болады. Ағынды суды суғару үшін пайдалануға болмайды.
11. Жылыжайдан шыққан өндірістік ағынды суларды су өткізбейтін араластырғышы бар бетондалған сыйымдылықтарға жинап, бейтараптандырылып, жергілікті тазалау орындарында тазаланып, мемлекеттік бақылау жүргізетін органдардың келісімімен су қоймаларына жіберіледі.
12. Үй-жайларды, көліктерді, аппаратураларды, жабдықтарды, ыдыстарды, арнайы киімдерді зарарсыздандырғаннан және тазалағаннан кейін жиналатын өндірістік сулар былғауыштары бар бетондалған су өткізбейтін сыйымдылықтарға жиналып, тәулік бойында араластыра отырып, зарарсыздандырылады. Сыйымдылықтарда 3 тәулік бойы ұсталып, жиналған суларды канализацияға жіберердің алдында шаруашылықтың агрохимиялық зертханасы оның құрамында болуы мүмкін пестицидтердің қалдықтарына бақылау жүргізуі керек.
13. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық жиналған суларды, қолданыста болған топырақты, өсімдік қалдықтарын зарарсыздандыру керек. Кәрізденген суды канализацияға төгердің алдында тазарту (бейтараптандыру) керек.
Жылыжайлардың шаруашылық-нәжістік және өндірістік жиналған суларын су сіңіретін құдықтарға төгуге болмайды.
14. Кәрізделген су болған жағдайда мыналарға рұқсат етілмейді:
1) кәрізделген суды жаңбыр суымен қосып пайдалануға;
2) кәрізделген суды тазалаудан өткізбей және бейтараптандырмай ашық су айдындарына немесе канализацияға жіберуге;
3) кәрізделген суды суғару үшін, пестицидтердің және минералдық тыңайтқыштардың жұмысшы ерітіндісін дайындауға;
4) оларды көкеністі жууға, үй-жайды жинауға басқа да техникалық қажеттілікке пайдалануға.
15. Орталықтандырылған канализация жүйесі болмаған жағдайда жергілікті канализация жүйесін қарастыру керек. Оның тазаланатын, су сіңірмейтін шұңқыр болуы керек. Зарарсыздандырылған қалдық арнайы машиналармен канализациялық тазалау қондырғыларына апарылуы керек.
4. Жылыту мен желдетуге және жарықтандыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
16. Жылыжайда микроклиматтың ең оңтайлы параметрлері сақталып (температуралар, ылғалдылықтар, ауаның жылжуы), олар қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай болуы керек.
17. Жылыжайларда оңтайлы температуралы-ылғалды тәртібін қамтамасыз ету үшін мыналарды қарастырған жөн:
1) жылу тасымалдағыштың температура беруін автоматты түрде реттеу;
2) ауа ауыстыру жүйесін (фрамугтер, желқағарлар) механикалық жолмен реттеу;
3) жылыжайлардың есіктерінде және көлікке арналған қақпаларында жылылықты ұстайтын ауа перделерін қарастыру;
4) жылыжайдағы ауаның ысымауы үшін, күн түсетін терезелерге перде ілу.
18. Жанасатын газды жылу генераторларын, инфрақызыл газды сәуле көздерін, табиғи (сұйылтылған) газдардағы көмірқышқылының генераторларын және газ арқылы қыздырылатын қазандықтарды қолданғанда өсімдіктерді көмір қышқылымен азықтандыру үшін газ тәрізді отынның толық жануын және жылу генераторларында жанған газдарды бейтараптандыратын және тазалайтын қондырғыларды пайдалануды қарастыру керек.
19. Жылужайларға қызмет көрсететін персонал кірер алдында ауаны газ арқылы жылытатын рециркуляция жүйесі мен генераторлар өшірілуі керек. Ауаны жылыту жүйесі рециркуляция тәртібінде жұмыс істеп тұрған кезде қызмет көрсететін персоналдардың, онда жұмыс істеуіне болмайды.
20. Ауадағы зиянды газдардың құрамы рұқсат етілген қанықпалар шегінен аспауы керек.
21. Жылу генераторлары оңаша үй-жайларда немесе жылыжай арасындағы кеңістіктерде орналасуы керек.
22. Ауаны жылу арқылы жылытатын жылытқыштың ауаны тарататын құрылғылары жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етуі керек. Жылыжайдың көлемінде және ауданы бойынша температураның өзгеруі 3-4 о целсьиядан (бұдан әрі - С) аспай, ауаның жылжымалылығы 0,5-1,0 метр секунд (бұдан әрі - м/сек) болуы керек.
23. Жылыжай блогында орналасатын операторлық, зертханалық, жөндеу шеберханаларының, демалыс бөлмелерінің, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың желдету жүйесі бөлек болуы керек. Барлық жылыту-желдету жүйелеріне төлқұжат беріліп, олардың жұмысына бақылау жүргізіледі, оның қорытындысы арнайы жорналға тіркелуі керек.
24. Барлық өндірістік және қосымша үй-жайлардың қолданыстағы ҚНжЕ-ға сай табиғи және жасанды жарық көздері болуы керек.
25. Жарық түсетін орындарда құрал-жабдықтардың, ыдыстардың үйінділері болмауы керек. Жарық түсетін орындардың шынылары тоқсан сайын бір рет жуылып, тазаланып отырылуы керек. Керек болған жағдайда олардың шынылары айырбасталынып отыруы керек. Терезе көздерін құрама шынылар арқылы немесе жарық өткізбейтін зат арқылы жабуға болмайды.
26. Жасанды жарық көздеріне қорғағыш арматура кигізілуі керек.
5. Жылыжайлардың үй-жайларына және жұмысын ұйымдастыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
27. Жылыжайлардың көлемді жоспарлау жұмыстары, конструктивті шешімдері қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы керек. Мөлдір жапқыш материал ретінде шыныларды немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жарық өткізетін полимерлі материалдарды қолдану керек.
28. Жылыжайлардың құрамында қолданыстағы ҚНжЕ сай санитарлық-тұрмыстық және қосымша үй-жайлар болуы керек. Санитарлық-тұрмыстық және көмекші үй-жайлар, пестицидтер, биопрепараттар, минералдық тыңайтқыштар қоймаларының және машиналарға жөндеу жүргізетін мастерскойлардың жанында болуы керек.
29. Үлкен жылыжайларда санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар жылыжай өндірісіндегі шеберлерге арналған, еріту жұмыстарын жүргізетін және химиялық орындарда жекешеленген үй-жайлар қарастырылуы керек. Әрбір 3 еркек, 3 әйелге бір себезгі деген есеппен жуыну орны қарастырылуы керек.
30. Қызметкерлердің саны кем дегенде 30 болатын жылыжайларда керекті жиһазбен, ыстық және суық су қосылған жуғышпен және электр қайнатқышпен жабдықталған тамақтануға арналған бөлме, ал 150-ге дейін қызметкерлері барлары үшін ыстық тамақ сататын буфет, 150 адамнан көп болса, негізгі және қосымша үй-жайларының жиынтығы бар, қолданылып жүрген ҚНжЕ сай, асханалар болуы керек.
31. Жылыжайлар климаттық ерекшеліктер мен жылды мезгіліне қарай сусындардың жиынтығымен (квас, шай, итмұрынның қайнатындысы), витаминді дәрмектермен қамтамасыз етілуі керек.
32. Минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерге арналған қойманың ғимараты жылыжай шаруашылығының әкімшілік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайларының ық жағында орналасуы керек.
33. Қоймадан жылыжайдағы химиялық жұмыстарды жүргізуге жауапты адамның жазбаша берілген өкімімен бір рет пайдалануға жарайтын мөлшерде пестицидтер қапталған күйінде беріледі.
34. Пестицидтердің жұмысшы ерітіндісін және қоректі ерітінділерді дайындау үшін жылыжайда үй-жайлар бөлінеді, ол жерде механикаландырылған жолмен іске қосылатын желдеткіш болып, жұмыс механикаландырылуы керек.
35. Пестицидтердің ерітіндісін пайдаланатын орынға ерітінді құбыр жүйесімен беріледі. Өсімдіктер ауырған жағдайда, жәндіктер, зиянкестер тобы анықталғанда оларды көтеріп жүретін шашыратқыш арқылы өңдейді.
36. Пестицидтерді, биопрепараттарды және минералды тыңайтқыштарды қолдануға арналған машинелер мен барлық агротехникалық аппаратуралар, қолданыстағы стандарттардың талаптарына сай болуы керек.
37. Қоректендіргіш ерітінділерді дайындауға керекті жиынтықтарды алып келу, дозасын анықтау және тиеу жұмыстары арнайы ыдыстарда, жеке басты қорғайтын құралдарды қолдана отырып, механикаландырылған жолмен жүргізіледі.
38. Пестицидтермен, өсімдіктерді қорғауға арналған биологиялық заттар және минералдық тыңайтқыштармен жүргізілетін жұмыстар қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сай ұйымдастырылып, жүргізілуі керек.
39. Жылыжайларда, Қазақстан Республикасында тіркеуден өтіп қолдануға рұқсат етілген пестицидтер қолданылады.
40. Жылыжайларда пайдаланылатын химиялық және биологиялық заттардың тізімі, дозасы, оларды әрбір учаскеге және жалпы жылыжай бойынша жеке-жеке қолдану тәсілдері мен даталары көрсетілген пестицидтердің шығын есебінің жорналы болуы керек.
41. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер биопрепараттардан бөлек қойма үй-жайларында, зауыттың препараттардың зақымдалмаған орамасында сақталуы керек.
42. Жылыжайларды пайдалануға берердің алдында және вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ауаның температурасы плюс 10 о С-ден төмен плюс 25 о С-ден жоғары болмайтын таңертеңгілік немесе кешкі уақыттарда қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, фумигациялау, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстарды арнайы оқудан өткен қызметкер жүргізеді. Фумигациялаудан кейінгі жүргізілетін жұмыстар, пайдаланылған фумиганттарды қолдануға берілген нұсқауға сай, жылыжайдағы жұмыстарды қайтадан бастауға болады.
43. Өсімдіктерді пестицидтермен өңдегеннен кейін жылыжай жабылып, оның есіктеріне мөр басылып тиісті ескерту белгілерін қою керек.
44. Өсімдіктерді және топырақтарды кенежойғыш, жәндікжойғыш және фунгицид қоспаларымен өңдеу жұмыстары жүргізгеннен соң жұмыс 50 сағаттан ерте басталмауы керек; ал карбатионмен өңдегеннен кейін - 5 тәуліктен соң; фумигантты әсер ететін нематоцидтерді қолданғаннан кейін - 30 күннен соң; жүйелі түрде әсер еткенде - 10 күннен ерте басталмауы керек. Пестицидтермен өңдегеннен кейін топырақты қопсыту жұмыстары 5 күннен ерте басталмауы керек.
45. Пестицидтермен, биопрепараттармен ластанған еденді және үй-жайларды жинап, жуу үшін осы шаруашылықта пайдаланылатын нұсқауға сай жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып жүргізіледі.
46. Пестицидтерді тасымалдауға арналған көлік, оларды қолдануға арналған аппаратура әрбір жұмыс күні аяқталғаннан кейін зарарсыздандырылады.
47. Жылыжайдан өндіріліп, сауда жүйесіне жіберілетін өнім қауіпсіздігін және сапасын растайтын ілеспе құжатпен жабдықталуы керек. Онда шаруашылықтың толық атауы көрсетіліп, жылыжай блогының нөмірі, өнімнің жиналған күні және соңғы рет пестицидтермен жүргізілген өңдеу және жүргізілген әдісі туралы мәлімет жазылуы керек.
48. Жылыжай жұмыскерлері арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке бастың қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.
49. Жылыжайларда жеке бастың қорғау құралдарын тазалайтын, жөндейтін, дұрыстығын тексеретін орын болуы керек.
Зарарсыздандыру үшін арнайы киімдерді, аяқ киімдерді жинау және тасымалдау жабық ыдыстарда жүргізіледі. Оларды жуу санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының қорытындысы бар, кір жуатын орындарда немесе ұйымдарда жүргізіледі. Арнайы киімдерді, аяқ киімдерді және басқа да жеке басты қорғау құралдарын үйде сақтауға және жууға болмайды.
50. Жылыжайдың барлық жұмыскерлері нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Өндірістік зиянды, қауіпті және қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өту керектігі туралы нұсқау мен өндірістік зиянды факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы" N 243 бұйрығына сай, жұмыс алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістен өтулері керек.