Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3602. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.05.24. N 160-ө (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.05.24. N  160 -ө (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген күннен күшіне енеді.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны       
қорғау министрінің     
2005 жылғы 8 сәуірдегі   
N 121-ө бұйрығымен     
бекітілген          

  Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы
жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының
қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес талданған.

     2. Осы Ереже қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

     3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (бұдан әрі - Аумақтық басқармалар) Қазақстан Республикасындағы бүкіл экологиялық-сараптама қызметін үйлестіруді орындайды.

     4. Экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - Жергілікті органдар) лауазымды тұлғаларына облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменттері экологиялық сараптама бөлімдерінің қызметшілері жатады.

     5. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының келісімі бойынша Жергілікті орган басшысының (әкімнің) шешімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысының орынбасары жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы болып табылады.      

     6. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізетін Жергілікті органдардың лауазымды тұлғалары қызметінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаға, экологиялық нормативтерге және осы Ережеге сәйкестігін тексеру бақылауды жүзеге асырудың мақсаты болып табылады.

     7. Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті органдар Министрлікке және оның Аумақтық басқармаларына есеп береді.

  2. Бақылауды ұйымдастыру тәртібі

     8. Жергілікті жерлерде мемлекеттік экологиялық сараптаманы орындау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды Министрліктің Аумақтық басқармаларының сараптама бөлімшелері (экологиялық сараптама бөлімдері) жүзеге асырады.
     Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптау қызметінің жүргізілуін жалпы бақылауды Министрліктің сараптама бөлімшелері жүзеге асырады.

     9. Экологиялық сараптама саласындағы Жергілікті органдардың сараптама бөлімшелерін бақылау сараптау объектілерін қарау тәртібі мен рәсіміне жалпы басшылық жасау арқылы және экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдардың бөлімшелерін мерзімді жоспарлы тексеру процесінде жүзеге асырылады. 

     10. Жобалау материалдары Министрліктің Аумақтық басқармаларының қарауына келіп түседі. Мемлекеттік экологиялық сараптауға келіп түсетін құжаттарды бөлуді және оларды Жергілікті органдарға беруді "Экологиялық сараптама туралы"  Заңға  сәйкес, алдын ала сараптау (алдын ала сараптау) сатысынан өткеннен кейін Министрліктің Аумақтық басқармалары жүзеге асырады.
     Алдын ала сараптау сатысында сараптау жобаларының белгіленген тәртіппен бекітілген Өлшемдерге сәйкес стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық жағынан қауіпті объектілерге тиесілілігі
айқындалады.
     Алдын ала сараптау сатысынан өткеннен кейін Жергілікті органдардың құзыретіне жататын сараптама объектілері 3 күн ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімінен өту үшін ілеспе хатпен Жергілікті органдарға (хаттың көшірмесі - сараптама бастамашысына) жіберіледі.
     Бұл ретте Жергілікті орган жүргізетін мемлекеттік экологиялық сараптама мерзімінің басталуы Жергілікті органның жобалау материалдарын алған күнінен бастап белгіленеді.

  3. Тексерулерді жүргізу тәртібі

     11. Министрліктің Аумақтық басқармалары мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар бөлімшелерінің мерзімді (жоспарлы) тексерулерін жүзеге асырады.

     12. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар бөлімшелерінің жоспарлы тексерулерінің мерзімін Министрліктің Аумақтық басқармасының басшысы бекіткен жоспарға сәйкес, бірақ жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырады.

     13. Министрліктің Аумақтық басқармасы Жергілікті органды жоспарлы тексеруді өткізу туралы 15 күн бұрын хабардар етеді. Тексеруді құқықтық статистика органдарында тіркеу талап етілмейді.

     14. Министрліктің Аумақтық қоршаған орта басқармаларының сараптама органы мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның жоспарлы тексеруді өткізу мерзімін, көлемін және тәртібін белгілейді.
     Соңғы тексеру сәтінен бастап өткен кезең үшін ЖАО өткізетін бүкіл экологиялық-сараптау қызметі тексеруге жатады.

     15. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдардың жоспардан тыс тексерулерін Министрліктің Аумақтық басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі жүргізеді, ал қажет болған кезде, Министрліктің сараптама органының қатысуымен, ал мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларында табиғат қорғау заңнамасын, экологиялық нормативтерді өрескел бұзушылық анықталған жағдайда, сондай-ақ жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың, Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің, қоғамдық бірлестіктердің, сот органдарының және прокуратураның бастамашылығы бойынша жүргізіледі.
     Жоспардан тыс тексерулердің мақсатқа бағытталған сипаты болады, олар нақты сараптама объектісі немесе Жергілікті органдардың лауазымды тұлғаларының іс-қимылы бойынша жүргізіледі.

     16. Жергілікті органдардың тексерулер жүргізу нәтижелері Хаттамамен (1-қосымша) ресімделеді, оған тексеруді жүзеге асыратын сараптама органының өкілі қол қояды. Тексеру хаттамасы 2 данада жасалады, оның біреуі тексеруді жүзеге асыратын органда қалады, екіншісі - ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

  4. Есеп беру тәртібі

     17. Экологиялық сараптама жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті орган Министрліктің Аумақтық басқармасы алдында сараптама объектілеріне орындалған мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша есеп береді, Жергілікті органдар 30-күнге дейін ай сайын Министрліктің Аумақтық басқармасына ілеспе құжатпен мемлекеттік экологиялық сараптаманың берілген қорытындыларының көшірмелерін ұсынады.

     18. Министрліктің Аумақтық басқармасына есепті кезеңнің соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей, белгіленген нысан бойынша (N 2 қосымша) тоқсандық, жарты жылдық, 9 ай және жыл үшін есептер ұсынылады.

  5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын
кері шақырту және күшін жою тәртібі

     19. Жергілікті орган өткізген тексерулер нәтижелері және Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың ұсынылған есептері бойынша Министрліктің, Аумақтық басқарманың сараптама бөлімшесінің басшылары (Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары) мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдар берген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері шақыртып алуға және күшін жоюға құқылы. Қабылданған іс-қимылдар туралы Аумақтық басқарма Министрлікке хабарлайды.

     20. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын кері шақырту және күшін жою туралы сараптама бастамашысы Жергілікті органға, сондай-ақ банктерге және қаржы мекемелеріне (жобалар бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылған жағдайда) хабарланады. Ол бойынша экологиялық сараптама қорытындысы кері шақыртылған және күші жойылған сараптама объектісін екінші рет қарауды Министрліктің Аумақтық басқармасы жүзеге асырады.

  6. Дауларды шешу

     21. Министрліктің Аумақтық басқармалары сараптама бөлімшелері мен Жергілікті органдар арасында туындайтын келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қаралады.

                                  Қазақстан Республикасы Қоршаған
                                     ортаны қорғау министрінің
                                      2005 жылғы 8 сәуірдегі
                                  N 121-ө бұйрығымен бекітілген
                                      Мемлекеттік экологиялық
                                 сараптама саласындағы жергілікті
                                    атқарушы органдар лауазымды
                                       тұлғаларының қызметін
                                бақылауды жүзеге асыру ережесіне
                                             N 1 қосымша

    _______________ облысының (республикалық маңызы
 бар қаланың, астананың) экологиялық сараптама бөлімінің
                  тексеру хаттамасы

2005 жылғы "___" _______

Қатысқандар:_____________________________________________________

Министрліктің аумақтық басқармасынан:____________________________

Жергілікті органнан:_____________________________________________

200__ жылғы _______ орындалған сараптамалар қорытындылары қаралды:
_________________________________________________________________
       (мемлекеттік экологиялық сараптаманың орындалған
_________________________________________________________________
                   қорытындыларын тізбектеу)

Тексеру нәтижесінде мынадай қорытындыларда бұзушылықтар анықталды (бұзушылықтарды тізбектеу, бұзушылықтардың сипаты):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мынадай шешім қабылданды:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Лауазымы                   Қолы                       Т.А.Ә.

                                  Қазақстан Республикасы Қоршаған
                                     ортаны қорғау министрінің
                                      2005 жылғы 8 сәуірдегі
                                  N 121-ө бұйрығымен бекітілген
                                      Мемлекеттік экологиялық
                                 сараптама саласындағы жергілікті
                                    атқарушы органдар лауазымды
                                       тұлғаларының қызметін
                                бақылауды жүзеге асыру ережесіне
                                             N 2 қосымша

Кімге ұсынылады:
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің облыстық (қалалық)
қоршаған ортаны қорғау басқармасы

N 43-а нысаны
(сараптама)
Есептік кезеңнің соңғы
айының 25 күніне дейін
ұсынылады (тоқсан сайын)

      200__ жылғы _______ тоқсаны үшін __________________
    облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
     әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды
         реттеу департаментінің орындалған мемлекеттік
            экологиялық сараптамалары бойынша есеп

Р/с N

Жобалау құжатта-
масының
түрлері

Қаралған құжаттардың саны

Келісілмеген құжаттардың саны 

Есептік
кезеңнің
соңына
қарай
қарауға
қал-
ғандары

  

  

бар-
лығы

с.і. екінші рет

барлығы

с.і. екінші
рет

  

1

2

3

4

5

6

7

  

Жиыны:

  

  

  

  

  

  

Олардың
ішінде
штаттан тыс
сарапшыларды
тартумен
қаралғандары

  

  

  

  

  

Сараптама бөлімшесінің басшысы _______(қолы)_________________Т.А.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады