Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2586 тіркелген, "Вестник Национального Банка Казахстана" 2003 жылғы N 24 баспасөз басылымында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Орталық депозитарий банк шоттарын ашу және оларды жүргізу операцияларын жүзеге асырған кезде банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдаланушысы деген мәртебесі жоқ брокерлер-дилерлер орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне және орталық депозитарийге жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға