Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3622. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен .
____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1770 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 5(28) ресми баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 25 ақпанда - 10 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1907 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3236 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесінде:

      кіріспенің екінші абзацы алып тасталсын;

      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мынадай жағдайларда:";
      2) тармақшада "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Банктер коммерциялық емес ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының жарғылық капиталына қатысқан жағдайда осы Ереженің 2-тармағының талаптары қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады