Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 14 қараша N 427. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1770. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен .
____________________________

       Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап: 
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46  қаулысының
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 291  қаулысының  күші жойылды деп танылсын. 
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Екінші деңгейдегі банктің  
басқа заңды тұлғалардың    
жарғылық капиталына қатысуы,
сондай-ақ екінші деңгейдегі 
банктің еншілес ұйым құруына
немесе ие болуына рұқсат беру
ережесін бекіту жөнінде"  
2001 жылғы 14 қарашадағы  
N 427 қаулысымен     
бекітілген         

  Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың
жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі
банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына
рұқсат беру ережесі  

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  (бұдан әрі - Заң) негізінде жасалынды және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктерін және банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу тәртібін белгілейді.
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115  қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Банктер Заңның  8-бабының  2-тармағында көзделген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы. 

      2. Банктер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мынадай жағдайларда: 
      1) соңғы аяқталған жыл ішіндегі бөлінбеген таза кірістің болуы және ағымдағы жылдың кірістер сомасының осындай кезеңдегі шығыстардан асуы ретінде анықталатын соңғы аяқталған жылы және ағымдағы жылдың ішінде шығынсыз қызмет еткенде;
      2) соңғы үш айдың ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа да орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтағанда; 
      3) екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту бойынша барлық талаптарға сәйкес болғанда;
      Осыған орай банктің бір заңды тұлғаның жарғылық капиталына тікелей (тура) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) қатысуы банктің меншік капиталының он процентінен аспауы тиіс. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс, сонымен бірге олардың іске асырылу мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115  қаулысымен .  

      2-1. Банктер коммерциялық емес ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының жарғылық капиталына қатысқан жағдайда осы Ереженің 2-тармағының талаптары қолданылмайды.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды -   ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115  қаулысымен .  

      3. Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алған, жиынтық нақты құны акцияларын банк сатып алған заңды тұлғаның жарғылық капиталының бес және одан астам проценті болатын банктер (еншілес ұйымдарды қоспағанда) акцияларға ие болғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл жөнінде жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беруге міндетті.
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      4. Банктің хабарламасында мыналар болуы тиіс: 
      1) заңды тұлғаның атауы; 
      2) банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы; 
      3) заңды тұлғаның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат; 
      4) банк көрсету керек деп тапқан басқа мәліметтер. 

      5. Банктер ұғымы Заңның  11-1-бабында  белгіленген еншілес банктер құрған немесе ие болған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес берілетін рұқсатын алуға міндетті.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

  2-тарау. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие
болуына рұқсат беру туралы өтініш
беру және қарау тәртібі

      6. Уәкілетті органмен банктерді қадағалау бөлімшесінің тиісті ұсынысы негізінде банкке рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
       Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      7. Банк еншілес ұйым құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мыналарды тапсырады: 
      1) N 1 қосымшаға сәйкес банктің еншілес ұйым құру үшін рұқсат алуға өтініші;
      2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру туралы шешімі;
      3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, оның Жарғыны бекіту туралы хаттамалары; 
      4) N 2 қосымшаға сәйкес еншілес ұйымның басқарушы қызметкерлері туралы ақпарат; 
      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы;
      6) бизнес-жоспар бере отырып, еншілес ұйымның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      7) еншілес ұйымның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпарат;
      8) банктің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      8. Банк еншілес ұйымға иелік етуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 7-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа мыналарды тапсырады: <*> 
      1) еншілес ұйымға ие болу шарттары және тәртібі туралы мәлімет; 
      2) аудиторлық ұйымның иелікке алынатын еншілес ұйымға жүргізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым растаған соңғы қаржы жылындағы оның қаржылық есебі; 
      3) иелікке алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі; 
      4) иелікке алынатын еншілес ұйымның жарияланған (тіркелген) төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы, сондай-ақ банктің иелікке алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат; 
      5) банктің жарғылық капиталға қатысуы арқылы еншілес ұйымды иелікке алған заңды тұлға туралы деректер, оған мыналар кіреді: 
      заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы; 
      банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы мәлімет; 
      заңды тұлғаның банк иелікке алған еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат. <*> 
      Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      9. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беруге арналған өтініші және қажетті құжаттары банктерді қадағалау бөлімшесіне беріледі. 

      10. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсат N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада (екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде) ресімделеді, екеуі банкке беріледі, ал басқа екеуі банктің заңды іс қағаздарына тігіледі. 

      11. Банктерді қадағалау бөлімшесі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты өкілеттігін нотариалды не басқа да заңды жолмен куәландырған құжаты бар банктің уәкілетті адамына тапсырады. 

      12. Берілген рұқсатты банкті қадағалау бөлімшесі жүргізетін банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен Тізілімге (N 4 қосымша) тіркеледі.
       Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      13. Уәкілетті орган Заңның  11-1-баптарында  көзделген мерзімде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. Заң талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар берген кезде, құжаттар қайтарылып береді. Құжаттарды қайта берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу қайта басталады.
       Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      14. Уәкілетті орган Заңның  11-1-баптарында  көзделген негіздемелер бойынша рұқсат беруден бас тартады. Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың негіздемелері жөнінде жазбаша хабарлауға міндетті.
       Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      15. Банк уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда үш айлық мерзімде еншілес ұйымның оған тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) осы банкпен ерекше қатынаста байланысы жоқ адамдарға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімді белгілеу мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті.
       Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

  3-тарау. Банктердің листинг компанияларының
жарғылық капиталға қатысуының қосымша шарттары  

      16. Банктер Қазақстан Республикасы аумағында қызмет атқаратын, акциялары қор биржаларының ең жоғарғы санаттағыларының тізіміне енгізілген бір эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санының он бес процентінен аспайтын бөлігін сатып ала алады. 
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен .

      17. Банк бағалы қағаздардың листингін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қор биржасында акциялары бойынша делистингтен өткен ұйымның акцияларын иелікке алуға құқылы емес. Мұндай акциялар бар болған кезде, банк оларды бір жылдың ішінде сатуға құқылы. 
      Банктің бір жыл ішінде қор биржасында акциялары бойынша делистинг жүргізілген заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады.
        Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен

       17-1. Осы тараудың талаптары банктің еншілес ұйымдарына қолданылмайды.  
        Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен

  4-тарау. Банктердің акциялары кепіл ретінде банктің
меншігіне өтетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы бойынша талаптар  

      18. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен асқан жағдайда, не банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына осындай қатысуы  Заңда  көзделмесе, онда банк осы акцияларды олардың меншікке өткен күнінен бастап бір жыл ішінде сатуы тиіс.
      Банктің бір жыл ішінде кепіл шарты бойынша банктің меншігіне көшкен заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады.
       Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212   қаулысымен ,  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен .

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      19. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті орган қолданылып жүрген заңдарда көзделген ықпал ету шараларын банкке қолдануға құқылы.
       Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен

      20. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс. 

       Ұлттық Банк 
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының 
                                         2001 жылғы 14 қарашадағы  
                                       N 427  қаулысымен бекітілген
                                        Екінші деңгейдегі банктің 
                                         басқа заңды тұлғалардың
                                       жарғылық капиталына қатысуы,
                                       сондай-ақ екінші деңгейдегі 
                                       банктің еншілес ұйым құруына
                                         немесе ие болуына рұқсат  
                                              беру ережесіне
                                                N 1 қосымша

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен .

____ ж. "__" __________ N____     Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау жөніндегі
                                       агенттігінің Төрағасына
                                        _______________________ 

            Екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына 
                  және ие болуына рұқсат алуға 
                             ӨТІНІШ

____________________________________________________________________                        (өтініш берушінің атауы)
банктің уәкілетті органының ________________________________________
                                        (өткізілген орны)
______ жылғы "____"________________ N ______  шешіміне сәйкес______ 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 (құрылатын  (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, мекен-жайы)
құруына немесе ие болуына рұқсат беруіңізді сұрайды. 
     Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс
болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған
қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне
жауап береді. 
     Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен
тізбесін, әр қайсы бойынша дана және бет санын көрсету керек)

Басқарма Төрағасы ________________________      _________________ 
                                                     (қолы)
Директорлар кеңесінің 
төрағасы                                        __________________ 
                                                      (қолы)

М.О.

                                        Қазақстан Республикасының 
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының 
                                        2001 жылғы 14 қарашадағы
                                       N 427 қаулысымен бекітілген 
                                        Екінші деңгейдегі банктің  
                                         басқа заңды тұлғалардың
                                       жарғылық капиталына қатысуы,
                                       сондай-ақ екінші деңгейдегі
                                      банктің еншілес ұйым құруына
                                      немесе ие болуына рұқсат беру
                                                  ережесіне
                                                 N 2 қосымша

              Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері
                     туралы ақпарат  

 
1. Аты-жөні________________________________________________________ 
2. Азаматтығы______________________________________________________ 
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері_________________________ 
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)_____________________ 
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны_______ 
6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):
____________________________________________________________________
Түскен күні - аяқтаған күні  !    Оқу орнының атауы    !   Мамандығы
_____________________________!_________________________!____________
_____________________________!_________________________!____________
7. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюмесі:
____________________________________________________________________
             Жұмыс кезеңі    !       Жұмыс орны      !      Лауазымы
_____________________________!_______________________!______________
_____________________________!_______________________!______________
8. Сотты болғандығы туралы мәлімет:
____________________________________________________________________
 Күні !Сот органының !Соттың тұрған ! Құқық бұзу  !   Соттың шешім
      !     атауы    !     жері     !    түрі     !  қабылдаған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Белгіленген тәртіппен ақталмаған немесе алынбаған сотты болуы бар ма:_________________________________________________________________
9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет:
____________________________________________________________________
  Күні !  Жауапкершілікке  ! Органның тұрған !    Құқық     ! Шешім
       !   тарту туралы    !      жері       ! бұзушылықтың ! қабыл.
       !  шешім қабылдаған !                 !     түрі     ! данған
       !     орган         !                 !              !   күн
       !                   !                 !              !
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ

      Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі
толық екенін растаймын.

Аты-жөні _____________________________________________________ 
                      (бас әріптермен)
Күні ____________________________
Қолы ____________________________ 

                                        Қазақстан Республикасының 
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының 
                                       2001 жылғы 14 қарашадағы
                                       N 427  қаулысымен бекітілген
                                        Екінші деңгейдегі банктің
                                         басқа заңды тұлғалардың
                                       жарғылық капиталына қатысуы,
                                       сондай-ақ екінші деңгейдегі
                                       банктің еншілес ұйым құруына
                                         немесе ие болуына рұқсат  
                                               беру ережесіне
                                                 N 3 қосымша

                   ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТІҢ
       ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ИЕ БОЛУЫНА БЕРІЛГЕН
                          РҰҚСАТ

         ________ жылғы "_____"_________________ N ______ 

Осы рұқсат__________________________________________ берілді, банк 
                     (банктің атауы)
осының негізінде____________________________________________________
        (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның қызмет түрі) ____________________________________________________________________
      (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, оның
____________________________________________________________________
 мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы деректер)
еншілес ұйым құруына немесе ие болуына құқылы.

   Төраға (Төрағаның орынбасары) _______________________________     

                                      Қазақстан Республикасының
                                      Ұлттық Банкі Басқармасының 
                                       2001 жылғы 14 қарашадағы   
                                      N 427 қаулысымен бекітілген 
                                       Екінші деңгейдегі банктің
                                       басқа заңды тұлғалардың
                                      жарғылық капиталына қатысуы, 
                                      сондай-ақ екінші деңгейдегі
                                     банктің еншілес ұйым құруына 
                                       немесе ие болуына рұқсат   
                                            беру ережесіне
                                              N 4 қосымша

       Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен .

          Уәкілетті органның   банктің еншілес ұйым құруына
          және ие болуына берілген рұқсаттарды есепке
                         алу тізілімі

____________________________________________________________________
р/с ! Банктің ! Еншілес !  Еншілес     !  Банктің еншілес  ! Еншілес
 N  !  атауы  ! ұйымның !  ұйымның     !    ұйым құруына   ! ұйымның
    !         !  атауы  ! заңды тұлға  !  және ие болуына  ! қызмет
    !         !         !   ретінде    !      берілген     !  түрі
    !         !         ! мемлекеттік  !   рұқсаттың күні  !
    !         !         !  тіркеуден   !     және номері   !
    !         !         ! өтуі туралы  !                   !
    !         !         !   деректер   !                   !
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады