Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.02.11 N 79 Бұйрығымен.
"Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі;
2) Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті
Төрағасының 2005 жылғы
26 сәуірдегі N 86
бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды
арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету
жөніндегі қызметтерді сертификаттау,
сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу
немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша
берілген құжаттар тізбесі
1. Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі сертификат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы сертификаттауының мемлекеттік жүйесіне сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, жеке тұлға үшін жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі, және заңды тұлға ретінде құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесі;
3) өтінім берушінің құрылтай құжаттары (кәсіпорынның заңды дербес ретінде жарғы көшірмесі немесе азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі сертификатталатын қызмет құрамына кіретін ұйым жарғысының көшірмесі;
4) жер учаскесін пайдалану құқығының актісі;
5) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарының қорытындысы;
6) автокөлікті, жеке құрамының міндетті түрлерін бекітетін сақтандыру полистері;
7) үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полистері;
8) арнайы техникасы мен жабдықтарын (егер олар болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің тізімі мен көшірмелері;
9) метрология жөніндегі органмен келісілген міндетті түрдегі метрологиялық тексеруге жататын өлшеуіш құралдарының тізімі;
10) өлшеуіш құралдарын соңғы мемлекеттік тексеру актісі;
11) Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі басшылық;
12) арнайы техника мен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жүргізілетін құжаттардың, жоспарлардың, журналдардың тізбесі;
13) нормативтік және басшылық құжаттардың тізбесі;
14) әуежай басшысымен бекітілетін және қондыру (құрылыс және қайта жөндеу), сондай-ақ арнайы көлік қызметінің өндірістік-техникалық базаның барлық элементтерін жабдықтау бойынша негізгі құжат болып табылатын (өндірістік-техникалық базаның даму (әуежайдың бас жоспарының бөлшегі болып табылатын) жоспары;
15) арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар мен қолданыстағы басшылық;
16) жұмыстарды жүргізу кезінде өрттік қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар;
17) лауазымдық нұсқаулықтар;
18) өткізілетін жұмыстар операциясының және сапасын бақылаудың технологиялық картасы;
19) ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, ұшуды метеорологиялық қамсыздандыруды қамтамасыз ететін әуежай қызметтерімен өзара жұмыс істеу технологиясы;
20) әуеайлақта арнайы көлік қозғалысының бекітілген сұлбасы;
21) өтінім беруші ұйымның құрылымы;
22) технологиялық жабдықтардың, арнайы техниканың, арнайы көліктің және олардың техникалық сипаттарының тізбесі;
23) өтінім берушінің инженерлік-техникалық құрамы жөніндегі жинақтық мәліметтер.
2. Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі сертификатқа өзгерістер енгізуге өтініш беруші беретін құжаттар:
1) қажетті негіздемелермен ерікті нысандағы өтінім;
2) жоғалған немесе ұрланған жағдайда, бұрын берілген Сертификат оригиналы.
3. Осы Тізімнің 1 тармағының 2-23 тармақшаларындағы белгіленген құжаттар өтінімге Сертификаттың телнұсқасын алу үшін қоса беріледі.
4. Осы Тізімнің 1 тармағының 2)-4) тармақшаларында белгіленген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі.
Осы Тізімнің 1 тармағының 5)-23) тармақшаларында белгіленген құжаттар өтінім беруші ұйымның бірінші басшысымен және мөрмен куәландырылған көшірмелері түрінде беріледі.
5. Өтінім берген кезде ұсынылатын құжаттар кез келген, қарау үшін және пайдалану үшін қолайлы бірізділігінің жинақталуы мүмкін. Осы жағдайда бірінші бетте беттердің нөмірлері белгіленіп ұсынылатын құжаттарының тізімі белгіленеді.
Ұсынылатын құжаттамаларының құрамына енгізілетін барлық материалдар екі данада (уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір бірден) рәсімделеді.
6. Түзетілген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетілген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті
Төрағасының 2005 жылғы
26 сәуірдегі N 86
бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды
арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету
жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру
бағдарламасы
Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ____________________________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N ______________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.а, лауазымы __________________________________
Р/с |
Бағдарлама бойынша |
Сәйкестік |
Сәйкес |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының |
||
1) |
Сәйкестік сертификатын |
||
2) |
Өтініш берушінің |
||
3) |
Заңды тұлғаны тіркеу |
||
4) |
Өтініш берушінің |
||
5) |
Басшы құрамның |
||
6) |
Еңбек және өндірістік |
||
7) |
Ұшу қауіпсіздігін |
||
8) |
Инженерлік-техни- |
||
9) |
Осы қызмет түрлері |
||
10) |
Осы қызметтерге |
||
11) |
Жеке құрамды, арнайы |
||
12) |
Санитарлық-эпидемиоло- |
||
13) |
Ресми хабарланған |
||
14) |
Әуеайлақ, перрон |
||
15) |
Әуеайлақ және оның |
||
2. |
Өндірістік база |
||
1) |
Ғимараттардың, құрылыс- |
||
2) |
Арнайы көлік қызметі |
||
3) |
Арнайы машина |
||
4) |
Арнайы машинаны желіге |
||
5) |
Арнайы машинаны пайдалану. |
||
6) |
Арнайы машиналарды |
||
7) |
Арнайы машиналарды |
||
3. |
Жұмыстарды жоспарлау |
||
1) |
Жүргізушілер жұмысы |
||
2) |
Ауысудың медициналық |
||
3) |
Жұмыс орнында |
||
4) |
Арнайы машиналар мен |
||
5) |
Арнайы машиналарды |
||
6) |
Әуе кемесіне арнайы |
||
7) |
Арнайы көлік қызме- |
||
8) |
Арнайы көлік қызметі- |
||
9) |
Жүргізушілерді әуеай- |
||
10) |
Күзгі-қысқы навигацияда |
||
4. |
Ақпараттық қамтамасыз ету |
||
1) |
Ұшу қауіпсіздігі |
||
2) |
Нормативтік және |
||
3) |
Пайдаланушының жеке |
||
5. |
Арнайы машиналардың жұмысын ұйымдастыру, |
||
1) |
Әуе кемелеріне |
||
2) |
Әуеайлақты пайдаланып |
||
3) |
Әуе кемелері ұшып |
||
4) |
Әуе кемелердің |
||
5) |
Жол-көліктік оқиғалар, |
||
6) |
Арнайы машиналарға |
||
7) |
Арнайы машиналарға |
||
8) |
Техникалық қызмет |
||
9) |
Еңбекті қорғау, |
||
10) |
Арнайы көлік қызметіне |
||
11) |
Спидометрлерді |
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы пайдаланушысы үшін міндетті емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер.
(-2) келісілген мерзімдерде жойған жағдайларда немесе шектеулер енгізілгенде, пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.
(-3) пайдаланушының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін әрі өндірісті және сапа жүйесін жетілдіргенде жоюға болатын сәйкессіздіктер.
Азаматтық әуе кемелерін және өзге тұтынушыларды
арнайы автокөліктік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтердің сертификаттық тексерудің бағдарламасына
сәйкессіздіктер тізбесі
____________________________________________________________________
(Өтінім берушінің атауы)
Сертификаттық |
сәйкессіздіктің |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
Тексерушілер: ___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а)
Таныстым: ___________________________________________________
(ұйымның басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)
Сертификаттық
тексерудің жүргізілген күні: "___"__________ 200___ж.