Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3655. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жазаларды орындау процесін жетілдіру және сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы  N 167 , 2004 жылғы 27 мамырдағы  N 154 , 2004 жылғы 8 маусымдағы  N 173 және 2004 жылғы 24 тамыздағы  N 240 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
      10-тармақта:
      9) тармақшасындағы "түрмеде ұсталатын," деген сөздер алынып тасталсын;

      11-тармақтың 11) тармақшасындағы "түрмелерде" деген сөзден кейін "жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, тәртіп изоляторларында, сондай-ақ ерекше режимдегі ТМ камераларында," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-10-тармағымен толықтырылсын:
      "12-10. Кәмелетке толмаған сотталғандарға:
      1) темекі шегуге;
      2) темекі өнімдерін сатып алуға және сақтауға;
      3) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде өткізілетін сабақтарды және іс-шараларды, сондай-ақ қатысуы міндетті тәрбиелік іс-шараларды себепсіз босатуға тыйым салынады";

      29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тәрбие колониясында жеке мәселелері бойынша қабылдауды күн сайын мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлімдер мен қызметтерінің бастықтары жүргізеді";

      98-тармақ алынып тасталсын;

      138-тармақтағы "мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде және кәсіби-техникалық дайындық курстарында" деген сөздер "және кәсіптік мектептерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 157-1-тармағымен толықтырылсын:
      "157-1. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқитын адамдар қауіпсіз жерлерде болған жағдайда сабаққа айдауылмен шығарылмайды. Оларға өз бетінше оқуға және оқытушылармен кеңесуге мүмкіндік беріледі.";

      N 2 қосымшаның бірінші абзацындағы "оттық" деген сөзден кейін "(кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154  бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 9-10, 544-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы  N 155 , 2004 жылғы 24 тамыздағы  N 240 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мен 1-тармағындағы "қадағалау мен күзетуді" деген сөздер "қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      атауындағы "қадағалау мен күзетуді" деген сөздер "қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "қадағалау мен күзетуді" деген сөздер "қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын, "болып табылады" деген сөздердің қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      2-тармақтағы "қадағалау мен күзетуді" деген сөздер "қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қадағалау персоналдарының нормативтік саны посттардағы табелге сәйкес бекітіледі";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармағымен толықтырылсын:
      "24-1. Қадағалау постылары міндетті тәртіппен:
      1) АИ-ға ( тәрбие колонияларындағы тәртіптік изоляторға), КҮЖ-ға;
      2) жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы локалдық учаскесіне;
      3) тұрғын-үй аймағына;
      4) өндірістік аймаққа;
      5) ұстаудың жеңілдетілген жағдайындағы жасақтарға және айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланылатын сотталғандар үшін орналастырылады.
      Қажет болған жағдайда мекеме әкімшілігінің шешімі бойынша тәулік бойғы қадағалау бекеті қосымша орналастырылады.";

      86-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. ТМ бастығының кезекші көмекшісінің қызметін ұйымдастыру";

      93, 94, 95, 96, 97, 98, 99-тармақтар алынып тасталсын; 

      6-тараудың 2 параграфы алынып тасталсын;

      105-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "105. Сотталғандарды денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын алу мекемелеріне айдауылдау, сондай-ақ оларға қадағалауды жүзеге асыру кезінде, сотталғандар шабуыл немесе ТМ қызметкерлерінің не басқа адамдардың өміріне тікелей қауіп тудырған өзге де қасақана әрекет жасаған жағдайда, егер аталған әрекетті басқа шаралармен жою мүмкін болмаса, ерекше шара ретінде қару қолдануға жол беріледі.";

      148-тармақтағы "камераларды басқа үй-жайлардан бөлетін темір тор есігімен орнатылады (еденнен төбеге дейін)" деген сөздер "камераларды басқа үй-жайлардан, сондай-ақ АИ камераларын КҮЖ камераларынан бөліп тұратын металл тор (еденнен төбеге дейін есігімен) орнатылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1-44-қосымшаның үстіңгі оң жақ бұрышындағы "қадағалау мен күзетуді" деген сөздер "қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары

      2005 жылғы 24 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады