2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 341 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3663. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 214 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 214   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).
____________________________

      Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің  ережесіне  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларының жалпы санының дұрыс жауаптары 40 %-ға тең, қалған барлық даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 30 %-ға тең шекті деңгей бекітілсін.
      2. 25 % және одан астам мамандықтар бойынша мемлекеттік аралық бақылаудың шекті деңгейінен өтпеген білім алушылардың саны 7 % болған жағдайда жоғары оқу орны кезектен тыс мемлекеттік аттестатталуға жататындығы белгіленсін.
      3. Орталық атқарушы және өзге де атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін N 33-36 бюллетенінде 993-бетте жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2851 тіркелген, "Жоғары оқу орындарында 2 (3) - курстарынан кейін білім алушыларды 2004 жылы аралық аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 351  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      4. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н.Гамарникке жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады