"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3669. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айындағы N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1916 болып тіркелген 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2893 болып тіркелген 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруы бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
      барлық мәтін бойынша "өңірлік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3.1. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.";

      5-тармақта "бітірушілер" деген сөзден кейін "республикалық музыкалық мектеп-интернаттың бітірушілері, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың қатысушылары" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "Ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссиялар) құрылады.";

      7-тармақтың екінші абзацында "N" белгісі алынып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. "Бюджеттік қаржыландыру бойынша тегін мемлекеттік білім алуға конкурс өткізу кезінде мемлекеттік сертификаттың баллдарына сәйкес:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
      2) тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, ғылыми және спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады.";

      16-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;";
      бесінші абзацта "аттестат" деген сөзден кейін "куәлік" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәрбие және кадр жұмысы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі

       2005 жылғы 19 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады