Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру)  ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 226 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3769. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу мерзімін 3-тармақтан қараңыз ).
________________________________

      Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3351 тіркелген, 2005 жылы N 2(14)/20) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған, Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 36  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3514 тіркелген, 2005 жылы N 4(16)/20) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      3-тармақта:
      2) тармақшада:

      үшінші абзацта "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері" деген сөздердің алдында "сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санат бойынша енгізілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацта "Қазақстан Республикасының бір эмитентінің" деген сөздердің алдында "сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санат бойынша енгізілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес процентінен;
      осы тармақшаның бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес процентінен;";

      9-тармақтың 4) тармақшасындағы "жоғары санатта" деген сөздер "жоғары және жоғары санаттан кейінгі санатта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Сақтандыру ұйымы ай сайын, бірақ есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есеп) ұсынады.
      Есеп қағазда ұсынылады.
      12. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нольге дейін, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома - мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған есепте дәлсіздіктер немесе қателер анықталған жағдайда уәкілетті орган оларды сақтандыру ұйымына жібереді. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған есепті электрондық тасымалдағышта жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымы электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге есептіліктің негізінде пруденциалдық нормативтерді есептейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есеп ұсынылған күннен бастап үш күн ішінде уәкілетті органға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтінішін береді.";

      1-қосымшада: 
      200__ жылғы ___________ "_____" жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепте:
      реттік нөмірі 4-1 болатын, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

4-1.

Қазақстан Республикасының және
басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған ("Қазақстан Даму
Банкі" АҚ-ның ипотекалық
облигациялары мен облигацияларынан
басқасы), сауда-саттықты
ұйымдастырушының ресми тізіміне
жоғары санаттан кейінгі санат
бойынша енгізілген - күмәнді
борыштар бойынша резервті
шегергендегі баланстық құнынан
(негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомасын ескере отырып) 100 %
көлемінде Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары 

 

100%

 

      реттік нөмірі 9.1., жолда, "9.1" жолдың реттік нөмірі "9-1." нөмірмен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 10, жолда "ЖА - өтімділігі жоғары активтер жиынтығы (жолдар сомасы 1.1. ,2.,3.,4.,5.,6.,7.,8.,9.)" деген сөздер "ЖА - өтімділігі жоғары активтер жиынтығы (жолдар сомасы 1.1., 2., 3., 4., 4-1., 5., 6., 7., 8., 9., 9-1.)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 14, жолда "А - сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген активтер жиынтығы (жолдар сомасы 1.,2.,3.,4.,5.,6.,7.,8.,9.,11.,12.,13.)" деген сөздер "А - сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген активтер жиынтығы (жолдар сомасы 1., 2., 3., 4., 4-1., 5., 6., 7., 8., 9., 9-1., 11., 12., 13.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Активтерді диверсификациялау нормативтерінің есебінде:

      Кестеден кейін мынадай мазмұндағы мәтінмен және кестелермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына инвестициялар көлемін есептеу - (НДЗ.-1) - баланс бойынша активтер сомасының 5% астам емес:

                                                   (мың теңге)

N

Эмитенттің атауы

Эмитент санаты

Баланс бойынша сомасы 

Баланс бойынша активтер сомасынан % 

1

2

3

4

5

1.

Банк тобының атауы 

Х

  

  

1.1.

Банк атауы 

  

  

Х

1.1.1.

Акциялар

Х

  

Х

1.1.2.

Облигациялар 

Х

  

Х

1.2.

Эмитент атауы 

  

  

Х

1.2.1.

Акциялар

Х

  

Х

1.1.3.

Облигациялар 

Х

  

Х

1.3.

Эмитент атауы

  

  

Х

1.3.1.

Акциялар

Х

  

Х

1.3.2.

Облигациялар 

Х

  

Х

  

  

  

  

  

2.

Банк тобының атауы 

Х

  

  

2.1.

Банк атауы 

  

  

Х

2.1.1.

Акциялар

Х

  

Х

2.1.2

Облигациялар 

Х

  

Х

2.2.

Эмитент атауы 

  

  

Х

2.2.1.

Акциялар

Х

  

Х

2.2.2.

Облигациялар 

Х

  

Х

2.3.

Эмитент атауы

  

  

Х

2.3.1.

Акциялар

Х

  

Х

2.3.2.

Облигациялар 

Х

  

Х

  

  

  

  

X

  

Барлығы (1 -  2
жолдардың сомасы) 

Х

  

Х

       Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның ипотекалық облигациялары мен облигацияларынан, екінші деңгейдегі банктердің және банктің банк тобына кіретін және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарынан басқасы), сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне жоғары санаттан кейінгі санат бойынша енгізілген Қазақстан Республикасының бір эмитентінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына инвестициялардың көлемін есептеу - (НД 4-1) - баланс бойынша активтер сомасының 5% астам емес:

                                                 (мың теңге)

Эмитенттің атауы

Эмитент санаты

Баланс бойынша сомасы 

Баланс бойынша активтер сомасынан % 

1

2

3

4

5

1.

 

  

  

  

1.1.

Акциялар

Х

  

Х

1.2.

Облигациялар

Х

  

Х

2.

  

  

  

  

2.1.

Акциялар

Х

  

Х

2.2.

Облигациялар

Х

  

Х

3.

  

  

  

  

3.1.

Акциялар

Х

  

Х

3.2.

Облигациялар

Х

  

Х

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Барлығы  (1 - 3 жолдардың сомасы)

Х

  

Х

                                                                ".

      2. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін қаулының 1-тармағының он бірінші - жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады