Қазақстан Республиасы Әділет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 230 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 26 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3815. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24.  N 239  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тізілiмiнде N 1035 тiркелген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143, 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 , 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 , 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136 , 2004 жылғы 7 қыркүйектегi  N 256  бұйрықтарымен енгізiлген өзгерiстермен)  бұйрығына  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтың Ақпараттық қызмет көрсету ережесiне:
       14-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тiркеушi орган арызданушының сұрау салуы негiзiнде оған тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы оның жазбаша сұрауы келiп түскен сәттен бастап, осы ережелердiң 16 тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда,
1 жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде ақпараттар беруге мiндеттi.
      Осы ережелердiң 16 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы ақпарат арызданушының жазбаша сұрауы келiп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күнi ішінде беріледі."
      2. Осы бұйрық pecми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады