Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 4 қыркүйектегі N 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1993. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 243 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы N 243   бұйрығымен .
____________________________

      " Лицензиялау туралы "  және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңдарына , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23  қаулысына  сәйкес және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметi саласындағы лицензиялауды одан әрi жетiлдiре беру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған "Қызметтiң лицензияланатын түрлерi субъектiлерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы бiлiктiлiк талаптарына сай екенiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеу Ережесi" бекiтiлсiн. 
      2. Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы аталған ереженi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 

       Төраға  

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда    
министрлiгiнiң Құрылыс iстерi
жөнiндегi комитетi төрағасының
2002 жылғы 4 қыркүйектегi 
N 265 бұйрығымен     
бекiтiлдi        

  Өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамамен белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сай екенiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеу
ЕРЕЖЕСI 

  1. Жалпы ережелер 

      1. Өтiнiш берушiлердiң (лицензия алуға талапкерлердiң) немесе лицензиаттардың заңнамамен белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сай екенiне сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды тiркеудiң осы ережесi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегi N 242-II  Заңына , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200  Заңына , "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201  қаулысын  жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына , "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23  қаулысына  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) лицензияланатын субъектiлердiң (өтiнiш берушiлердiң - талапкерлердiң) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруы барысында қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай екенiн анықтау тұрғысынан олардың материалдары мен құжаттарына сараптама мен техникалық аудиттi жүргiзу үшiн, сондай-ақ лицензиаттардың лицензияны иеленушi мәртебесiн сақтау жөнiндегi қызметiн бағалау үшiн заңды және жеке тұлғаларды тартуына байланысты қатынастарын реттейдi. 
      Осы Ереже құрылысқа арналған және жобаларды мемлекеттiк сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын алдын ала жобалау немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларын сараптауды жүзеге асырушы жеке тұлғаларды аттестациялауға және заңды тұлғаларды тiркеуге қолданылмайды. 
      Осы Ережелерде пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық кесiмдерде келтiрiлген анықтамалар мен терминдерге сай келедi. 

      2. Ереже: 
      1) лицензияланатын субъектiлерге сараптама мен техникалық аудит жүргiзуге тартылатын заңды және жеке тұлғалардың тiркелу тәртiбiн; 
      2) лицензияланатын субъектiлерге сараптама мен техникалық аудит жүргiзуге тартылатын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды; 
      3) сараптама мен техникалық аудит жүргiзуге қатысушылардың құқықтарын, мiндеттерiн және қызметi қағидаттарын анықтайды. 

      3. Комитет тiркелген сарапшыларды лицензияланатын субъектiлер бойынша сараптама мен техникалық аудиттi жүргiзуге тарту арқылы оларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 

  2. Анықтамалар  

      4. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тұрғысынан бiлiктi тұжырымды, сондай-ақ лицензиаттың лицензияны иеленушi мәртебесiн сақтауы жөнiнен олардың қызметiне баға бере алатын жеке, заңды тұлға сарапшы және техникалық аудитор болып табылады. Сонымен бiрге, жеке тұлға тиiсiнше құжаттармен расталған қажеттi бiлiктiлiк деңгейiнде болуға тиiс, заңды тұлғада - қажеттi бiлiктiлiк деңгейiндегi мамандар штаты болуға тиiс. Лицензияланатын субъектiлерге сараптама мен техникалық аудит жүргiзудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың жұмыс тәжiрибесi және тиiсiнше лицензиясы болуға тиiс, егер мұның өзi Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылса. 

      5. Сараптамалық бағалау (техникалық аудит пен сараптама) - өтiнiш берушiнiң тиянақты және сенiмдi талдамалық бағалауды алуы үшiн оған жүргiзiлетiн бағаламалық қимыл-әрекеттер мен тұжырымдар жүйесi.

      6. Техникалық аудит пен сараптама (сараптамалық бағалау) объектiлерi:
      1) өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк 
талаптарына сай екенiн сараптамалық бағалау үшiн ұсынатын құжаттары мен материалдары;
      2) жұмыстың өтiнiм жасалған түрлерiн атқарушылар;
      3) материалдық-техникалық және өндiрiстiк база;
      4) жұмыстарды орындау сапасын бақылауға арналған приборлар мен жабдықтар;
      5) жұмыс жүргiзу барысында еңбектi қорғау жүйесi мен қауiпсiздiк техникасы;
      6) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен қарастырылған өзге де объектiлер. 

  3. Сараптама мен техникалық аудиттiң негізгi принциптерi

      7. Сараптама мен техникалық аудиттiң негiзгi принциптерi:
      1) сараптамалық бағалау (техникалық аудит пен сараптама) қорытындыларының бүкпесiздiгi мен объективтілігi;
      2) құзыреттілік пен жоғары кәсiби деңгей;
      3) сарапшылар мен техникалық аудиторлар қорытындыларының толымдылығы және сенiмдiлiгi;
      4) сараптама және техникалық аудит объектiлерiн iске асырудың техникалық, экономикалық, құқықтық, экологиялық және әлеуметтiк салдарларын кешендi бағалау; 
      5) сараптама және техникалық аудит барысында алынған өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) немесе лицензиат туралы ақпараттың құпиялылығы, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзгеше көзделмесе; 
      6) сараптама мен техникалық аудит қорытындыларының сенiмдiлiгi, толымдылығы және негiздiлiгi үшiн жауаптылық; 
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында сарапшылар мен техникалық аудиторлардың лицензияланатын қызмет түрлерiнiң бағаланатын субъектiлерiне, не шаруашылық жүргiзушi өзге де субъектiлерге, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға, оның iшiнде Комитетке тәуелсiздiгi. 

  4. Сарапшылар мен техникалық аудиторлардың жауапкершiлiгi 

      8. Сарапшылар мен техникалық аудиторлар Комитет белгiлеген мерзiмде бiлiктi сараптама мен техникалық аудит жүргiзудi және сараптама мен техникалық аудитке ұсынылған құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етедi. 

      9. Сарапшылар мен техникалық аудиторлар жүргiзiлген сараптама мен техникалық аудит үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жауапты болады. 

  5. Сараптама мен техникалық аудиттi жүргiзу үшiн 
жеке және заңды тұлғаларды тiркеу тәртiбi 

      10. Комитет тiркелудi ұйымдастырушы болып табылады. 

      11. Комитет тiркелген жеке және заңды тұлғалардың бөлек тiзiлiмiн жүргізеді. 

      12. Жеке және заңды тұлғаларды тiркеу Комитет бұйрығымен ресiмделедi, оның негiзiнде тiркелген жеке немесе заңды тұлғаға тiркелу куәлiгi берiледi. 

      13. Тiркелген жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережелерге сай сараптамалық бағалау мен техникалық аудиттi жүзеге асырады. 

      14. Тiркелу куәлiгiн қайтарып алу Комитет бұйрығымен ресiмделедi және тiркелген жеке немесе заңды тұлғалар тiзiлiмiне тиiсiнше жазба енгiзiледi. 

      15. Жеке және заңды тұлғаны тiркеу үшiн мынадай құжаттардың тiзбесiн тапсырады: 
      1) заңды тұлға үшiн - ұйым бланкiсiне жазылған, бiрiншi басшы, не оның уәкiлеттi тұлғасы қол қойған арыз. (Жеке тұлға үшiн бланкiнiң болуы талап етiлмейдi). Арызда кәсiби бiлiмiн, тәжiрибесiн, беделдiлiгiн растайтын ақпараттар, сондай-ақ сараптама мен техникалық аудит жүргiзу үшiн қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары баяндалуға тиiс. Жеке тұлғалар жұмыс орнын, лауазымын, бiлiмiн, мамандығын және мамандығы бойынша жұмыс стажын да көрсетуге тиiс; 
      2) заңды тұлға үшiн - құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың нотариалдық куәлендiрiлген көшiрмелерi; 
      3) жеке тұлға үшiн - жеке кәсiпкер патентiнiң нотариалдық куәлендiрiлген көшiрмесi; 
      4) куәлiктердiң, лицензиялардың, сертификаттардың және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, жеке және заңды тұлғаның сараптама мен техникалық аудит жүргiзу құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалдық куәлендiрiлген көшiрмелерi; 
      5) заңды тұлға үшiн - тиiсiнше мамандығына қарай сараптаманы жүзеге асырушы қызметкерлердiң еңбек кiтапшаларының немесе жұмыс стажын растайтын құжаттарының нотариалдық куәлендiрiлген көшiрмелерi. Жеке тұлға үшiн - еңбек кiтапшасының немесе тиiсiнше мамандығы бойынша жұмыс стажын растайтын өзгедей құжаттарының, бiлiмi туралы құжаттың нотариалдық куәлендiрiлген көшiрмелерi;
      6) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
      7) ұсынылған өтiнiмдiк құжаттарда жеке және заңды тұлғаның нақты мекен-жайы туралы ақпараттар болуға тиiс. 

  6. Жеке және заңды тұлғалар тiркелу үшiн ұсынған
өтiнiмдiк құжаттарды Комитеттiң қарау мерзiмдерi

      16. Комитет жеке тұлғадан тiркелуге құжаттарды қабылдаған кезден 10 күннен немесе заңды тұлғалардан - тiркелуге құжаттарды қабылдаған кезден 30 күннен кешiктiрмей өз шешiмi туралы оларды хабардар етуге мiндеттi. 

  7. Тiркелген куәлiктiң қолданылу мерзiмдерi

      17. Тiркелген куәлiктiң мерзiмi жыл сайын ұзартылуға тиiс.

Қазақстан Республикасы Индустрия  
және сауда министрлiгінiң Құрылыс  
iстерi жөнiндегi комитетi төрағасының
2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 265   
бұйрығымен бекiтiлген Жеке және   
заңды тұлғаларды тiркеу ережесiне  
1-қосымша               

Бiлiктiлiк туралы мәлiметтер 
(тiркелу куәлігін алуға тiлек бiлдiруші жеке немесе 
заңды тұлға толтырады) 

     1. Қатысушының заңды мәртебесi_________________________________
     (заңды тұлғаны немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы
     құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi)
     2. Тiркелу орны:
     3. Негiзгi қызмет орны:
     4. ___________________ N _____________________________ лицензия
                   (лицензияның көшiрмесi қоса берiледi)
     5. Уәкiлеттi өкiлге өтiнiшке қол қою құқығына берiлген сенiмхат (қоса берiледi).
     6. Сарапшы және техникалық аудитор ретiнде соңғы үш жылда жүргiзген сипаты бойынша осындай сараптамалар мен техникалық аудиттер.
     --------------------------
     Қызмет атауы Клиент атауы
     --------------------------
     --------------------------
     7. Техникалық аудит пен сараптама қызметкерiнiң бiлiктiлiгi мен
     тәжiрибесi     ____________________________________________________________________
     Лауазымы. Т.Ә.А. Жалпы жұмыс тәжiрибесi. Сарапшы, техникалық
     аудитор ретiндегi жұмыс тәжiрибесi
________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________     8. Қазақстан Республикасының аумағында бөлiмшелерiнiң болуы (заңды тұлғалар үшiн бөлiмшелерi болса).
____________________________________________________________________     9. Ұсынымдар туралы мәлiметтер. Басқа заңды және жеке тұлғалардың ұсынымдық хаттары, пiкiрлерi аталсын және қоса берiлсiн:
____________________________________________________________________     10. Бiлiктiк туралы барлық мәліметтердiң нақтылығын растаймын. 

      Лауазымы __________________________
     Қолы ______________________________
     Т.Ә.А. ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады