Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3835. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 385-бабының 6-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

       Қаржы вице-министрі -
      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Қаржы вице-министрі -    
Қаржы министрлігі Кедендік   
бақылау комитеті төрағасының 
2005 жылғы 2 қыркүйектегі   
N 335 бұйрығымен бекітілген  

  Кері қайтарып алынған жүктің кедендік
декларациясының күшін жою
ережесі

      1. Осы Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  385-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою тәртібін белгілейді.

      2. Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының (бұдан әрі - ЖКД) күші жойылуға жатады.
      Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда ЖКД-ның күші жойылуға жатпайды.

      3. Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою кедендік ресімдеуді жүргізген кеден бекеті (кедендік ресімдеу бөлімі) бастығының жазбаша шешімінің негізіне, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.
      Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою туралы шешім 2 данада ресімделеді, оның біреуі осындай шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасының кеден органында қалады, екіншісі кеден бекетінің (кедендік ресімдеу бөлімінің) лауазымды адамы куәландырған Кері қайтарып алынған ЖКД-ның көшірмесімен бірге декларантқа тапсырылады.
      Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою туралы шешімді кеден бекетінің (кедендік ресімдеу бөлімінің) лауазымды адамы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.

      4. Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою оның құрамына кіретін барлық парақтарды сызу, және "Күші жойылды" деген жазбаны жазу жолымен жүргізіледі. Осындай ЖКД және оған қоса берілетін құжаттар (оның ішінде оның негізіне күші жойылған құжаттар) кеден органының арнайы мұрағатында қалады.
      Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күші жойылғандығы туралы кеден органдарының арнайы бөлімшесі, және Қазақстан Республикасы салық қызметінің тауарларды өткізетін тұлға оның қызмет аймағында тіркелген органы хабарландырылады.
      Кеден органының ЖКД электронды көшірмелерінің деректер базасында кеден органы шешімінің нөмірі және қабылдау күні көрсетіле отырып тиісті кері қайтарып алынған ЖКД электронды көшірмесінің күші жойылғандығы туралы белгісі қойылады.

      5. Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясын кедендік ресімдеу үшін алынған кедендік алымдар оның күші жойылған жағдайда қайтарып берілмейді.

                                           Кері қайтарып алынған
                                              жүктің кедендік
                                          декларациясының күшін жою
                                             ережесіне 1-қосымша

_________________________________________________________________
                      Кеден органының атауы

                           N _____ шешім

Осымен
_______________________________________________________________
(декларанттың ЖКД-ны шақыртуға арналған өтінішінің N және күні)

N____________________ Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жоюға
рұқсат беріледі.

Күні 200__ жылғы "____" _____________

Кеден бекетінің бастығы
(кедендік ресімдеу бөлімінің)                      __________
                                                     (қолы)

                                           Кері қайтарып алынған
                                              жүктің кедендік
                                          декларациясының күшін жою
                                             ережесіне 2-қосымша

        Кері қайтарып алынған жүктің кедендік
    декларациясының күшін жою туралы шешімдерді
                 тіркеу журналы

Р/с N

Тіркеу
күні

Жүктің
кедендік
деклара-
циясының
N

Декларанттың
кері қайтарып
алынған
жүктің
кедендік
декларациясын
шақыртуға
арналған
өтінішінің N
және күні

Лауазымды
адамның
тегі, аты,
әкесінің
аты және
қолы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады