"Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 13/31 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3839. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  Заңы 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 931 тіркелген), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 3 қарашадағы  N 15/15 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі  N 155/221 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы мен 1-тармағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың ережесінде:
      атауы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер, оларға қоса осы қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмелері;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттық мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтініштері;";

      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап жинаған қолдарының дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлау жарналарын енгізгенін дәлелдейтін құжаттар;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;";

      тоғызыншы абзац "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      он екінші абзацта "депутаттарының" деген сөз "Президенттігіне, депутаттығына кандидаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он үшінші абзацта "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентін," деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутаттарының Республика  Конституциясы мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутатының мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы өтініштері;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары;
      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары және өзге де үгіттік баспа материалдары, сайланған Қазақстан Республикасы Президентін тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;

      он бесінші абзац "азаматтардың", "Республикасы" деген сөздерден кейін тиісінше "және ұйымдардың", "Президентінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "учаскелік сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары;";

      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;";

      он алтыншы абзац "азаматтардың", "Республикасы" деген сөздерден кейін тиісінше "және ұйымдардың", "Президентінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы болғандықтан, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат тіркелген күннен кейінгі 10 жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен акт бойынша жойылады.";

      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дәлелдейтін құжаттар;";
      он үшінші абзац "азаматтардың" деген сөзден кейін "және ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      үшінші абзац "Республикасы" деген сөзден кейін "Президентінің" деген сөзбен толықтырылсын;
      бесінші абзац "азаматтардың", "Республикасы" деген сөздерден кейін тиісінше "және ұйымдардың", "Президентінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "Республикасы" деген сөзден кейін "Президентінің" деген сөзбен толықтырылсын;

      6-тармақта "актінің нысаны қоса беріледі" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөнінде жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды мөрленген қалпында:
      учаскелік сайлау комиссиялары облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссияларына;
      облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы болғандықтан, сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі алты ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 қаңтардағы N 2/181 қаулысымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 63/171 қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жіберілсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады