"Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 162 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 330 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3856

      "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 162  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3659 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
      1 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығындар" сыныбында:
      120 "Жұмыс берушілердің жарналары" ішкі сыныбында:
      125 "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      130 "Тауарлар сатып алу" ішкі сыныбында:
      131 "Тамақ өнімдерін сатып алу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      132 "Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өзге құралдарды сатып алу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Донорға ақшалай өтемақы төлеу келісім-шарт жасаспай жүргізіледі. Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      134 "Мүліктік керек-жарақ заттарын және басқа пішімдік және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағанын мынадай редакцияда мазмұндау:
      "Мүліктік керек-жарақ заттарын, пішімдік және арнайы киім-кешектерді сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезінде тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) беруге шарттар жасалмайды.
      Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      139 "Өзге тауарларды сатып алу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" ішкі сыныбында:
      143 "Көлік қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтар мен басқа негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағанында:
      "шарттардан басқа:" деген сөздерден кейін "штаттан тыс қызметкерлерге жеке еңбек шарттары бойынша жалақы, жәрдемақы, іссапар шығыстары және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығындарды төлеу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      147 "Үй-жайды жалға алғаны үшін ақы төлеу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағанында:
      "шарттардан басқа:" деген сөздерден кейін "штаттан тыс қызметкерлерге жеке еңбек шарттары бойынша жалақы, жәрдемақы, іссапар шығыстары және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығындарды төлеу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      150 "Басқа да ағымдағы шығындар" ішкі сыныбында:
      153 "Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.";

      2 "Күрделі шығындары" санатында:
      4 "Негізгі капиталды сатып алу" сыныбында:
      410 "Негізгі капиталды сатып алу" ішкі сыныбында
      411 "Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу" ерекшелігінде:
      "Ескерту" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу шарттың не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес берілген тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) шот-фактурасы негізінде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады