Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
31 тамыз 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы
N 317 қаулысына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы ереже), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше ереже), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмесе, дәстүрлерге (оның ішінде іскерлік айналыс дәстүрлеріне) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
2. Осы Ереженің қолданылуы мыналарға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларға;
3) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларға.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерінің бірін иелене алады:
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығымен);
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Ережеде бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
4-1. Осы Ереженің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтік бағаларынан өзге сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын таниды.
Ескерту. 4-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-2. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 168 Қаулысымен.
4-3. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер аффилиирленген тұлғалардың есебін жүргізеді.
Ескерту. 4-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-4. <*>
Ескерту. 4-4-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-5. Брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарымен бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнiң, қор биржасының, клиринг ұйымының және (немесе) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-1-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы құралдармен мәмілелер бойынша ұйымға есеп айырысуды (төлемдерді) жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пароль пайдаланатын) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi белгiленедi.
Ескерту. 4-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-6. Осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер ғана мына критерийлерге сәйкес келген кезде жасайды:
1) кемінде үш жылда бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметін жүзеге асыруы;
2) тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі;
3) қатарынан алдағы үш ай ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айдың қорытындысы бойынша мәмілелер жасаған кейінгі айдың ішкі әдістемесіне сәйкес айқындалатын қор биржасы мүшелерінің белсенділік рэнкингі бойынша алғашқы жеті компаниялар тізімінде болу және қаржы құралдармен кемінде үш жүз мәмілелер жасау (талаптары мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелерді қоспағанда);
4) эмитенттерге кем дегенде сегіз, олардың ішінен бестен аспайтын қаржы құралдар бойынша қор биржаның өкілдік индексіне кіретін қор биржаның ішкі құжаттарымен сәйкес маркет-мейкер ретінде баға белгілеуді жариялау және ұстау бойынша қызмет көрсету;
5) андеррайтер ретінде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету, қатарынан соңғы үш күнтізбелік жыл ішінде кем дегенде үш эмитентке;
6) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттерге консультациялық қызмет көрсету.
Ескерту. Ереже 4-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
4-7. Егер банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген бір және (немесе) бірнеше критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, онда осындай сәйкес келмеген күннен бастап осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасамайды. Бұл ретте осы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезінде жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша клиенттері мен қарсы серіктестер алдында міндеттемелерді орындау бойынша іс-әрекеттер жасайды.
Брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеу фактісі басталған кезде брокер және (немесе) дилер уәкілетті органға сәйкес келмеуі анықталған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күн ішінде осы факті туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. Ереже 4-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2-тарау. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық
құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі
5. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
7. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Екінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымын олар Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына және осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындайды.
9. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
10. Брокер және (немесе) дилер өз клиенттерінің алдында олар үшін осы брокер және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға кіру жөніндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөніндегі ниеттер бөлігіндегі елеулі мәні бар ақпаратты осы Ереженің 11-15 тармақтарымен белгіленген тәртіпте ашады.
10-1. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті бірлесіп атқаратын брокер және (немесе) дилер "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде, активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомасы, оның ішінде, "репо" операцияларын ашу аясында пайда болған сома туралы ақпаратты, кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қоса алғанда жібереді.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының - 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Брокер және (немесе) дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайларындағы оның клиенттері үшін қолайлы орындарда:
1) осы брокер және (немесе) дилерге брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес, брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талабы бойынша оған танысуға ұсынатын құжаттардың тізбесі.
12. Брокер және (немесе) дилер клиенттің бірінші талабы бойынша оған танысу үшін клиенттің талабын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде:
1) соңғы есепті кезең үшін өзiнiң қаржылық есебін;
2) пруденциалдық нормативтерді осы брокер және (немесе) дилердің сақтау деңгейі туралы мәлiметтердi;
3) қатарынан соңғы он екi күнтізбелік ай iшiнде уәкiлеттi орган осы брокер және (немесе) дилерге қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы мәліметтер. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айға осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәліметтерді;
4) өзiн-өзi реттейтін ұйымның және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушының осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты қатарынан соңғы он екі күнтізбелік ай iшiнде қабылданған шешiмдерiн;
5) брокерлік және дилерлік қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеудiң шарттары мен тәртiбiн, брокер және (немесе) дилердің iшкi құжаттарын;
6) бірінші басшысы (ол болмаған кезінде – оның орнындағы адам) қол қойған және брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарында көзделген, брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу кезінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасаған кезде сәйкес келуі туралы мөр бедерімен расталған жазбаша растауды ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Брокер және (немесе) дилер клиентке осы ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың соңғы көшірмелерін беруден бас тартуға құқылы емес. Брокер және (немесе) дилер көшірмелерді бергені үшін оларды дайындауға кеткен шығынның мөлшерінен аспайтын мөлшерде клиенттен ақы алуға құқылы.
14. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентке хабарлайды.
Қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентті хабарландырудың жазбаша түрде ресімделуі, брокер және (немесе) дилердің жіберілетін құжаттар журналында тіркелуі және почта және/немесе қолына тапсырып және/немесе электронды почта, және/немесе факсимильдік және/немесе телекстік және/немесе телеграфтық хабарлау арқылы немесе мұндай хабарландыруды жөнелту негіздері туындаған күннен бастап байланыстың өзге түрлері арқылы жіберілуі тиіс.
15. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен, өз клиенттері алдында ақпараттар ашу жөнінде осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (осы Ереженің 11-14-тармақтарында айқындалған міндеттерден басқа) белгіленуі мүмкін.
Брокер және (немесе) дилердің жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
15-1. Брокерлер және (немесе) дилерлер есепті тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнінен кешiктiрмей тоқсан сайын кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы мен есепті мерзiмдi баспасөз басылымдарында және (немесе) меншікті интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
Брокер және (немесе) дилердің кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы мен есепті жариялау үшін он бес мың данадан кем емес басылыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдары қолданылады.
Кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансты және есепті брокер және (немесе) дилердiң интернет-ресурсында жариялаған кезде, осы ақпаратты орналастырудың күні мен уақыты көрсетiледi. Брокер және (немесе) дилердің кiрiстер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есеп брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсындағы мұрағатта сақталады.
Ескерту. 15-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлері (бағалары, көлемдері және басқа ықтимал параметрлері) туралы нақты емес немесе жаңылдыруға әкеп соғатын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өзге де тәсілмен таратуға құқылы емес.
17. Өзінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге де тәсілдермен хабарландырулар жариялау кезінде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілген күнін және нөмірін көрсетуге міндетті.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
3-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт.
Клиенттік тапсырыс
18. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі - брокерлік шарт деп аталады) жазбаша нысанда жасалады.
19. Брокерлік шартта бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсету талаптары мен тәртібі бір мезгілде болуы мүмкін.
19-1. Брокерлік шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары пайдаланылады.
Тапсырма шартының нормалары номиналды ұстаудың қызмет көрсетулерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары – бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында брокерлік қызметті көрсету бөлігінде пайдаланылады. Осы Ереженің 38-тармағымен белгіленген жағдайларда бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногындағы брокерлік қызмет көрсетулер брокерлік шарттың тараптарының келісімі бойынша тапсырма және комиссия шартының негізінде ұсынылады.
Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
19-2. Клиентпен брокерлік шартты жасау барысында брокер және (немесе) дилерге мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері):
жарғының көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы
№ 61 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінің 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтер қамтылған, заңды тұлғаның қолтаңба үлгілері (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) және мөр бедері бар нотариалды куәландырылған құжат;
3) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері емес):
жарғының көшірмесі;
резидент емес мемлекеттің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғаның қолтаңбалар үлгілері (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) және мөрінің бедері бар құжат;
брокерлік шартты жасайтын және өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлға өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;
брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен көзделген өзге құжаттар.
Клиентке осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес заңдастырылып немесе апостилирленіп, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, нотариатта куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Ескерту. Ереже 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
20. Брокерлік шарт қаржы құралдарымен бір немесе бірнеше өзара байланысты мәмілелер жасау мақсатында немесе Брокерлік шартта белгіленген мерзім ішінде клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасалуы мүмкін.
Қаржы құралдарымен бір немесе бірнеше өзара байланысты мәмілелер жасау мақсатында жасалған брокерлік шарт клиенттік тапсырыстың күшіне ие болады, онда осы Ереженің 29-тармағында белгіленген қағида болуы тиіс.
Белгіленген мерзімге жасалған Брокерлік шарттың негізінде қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер жеке клиенттік тапсырыстардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Брокерлік шартта Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптардан басқа, брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырыстарды ұсыну тәсілдеріне нұсқаулар, брокер және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауын растау тәртібі және брокер және (немесе) дилердің клиентке клиенттік тапсырыстарды орындау жөніндегі есептерді ұсыну тәртібі, сондай-ақ осы Ереженің 14, 22, 25, 34, 34-1-тармақтарымен көзделген жағдайларда клиентке хабарламаларды жіберу тәртібі мен мерзімі болуы тиіс.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
21. Брокерлік шартта бағалы қағаздармен осы Брокерлік шартқа сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен оған қатысты шектеулер мен ерекше шарттар белгіленген мәміле туралы брокер және (немесе) дилердің уәкілетті органды осы мәміле жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабардар ету міндеті көзделеді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
22. Брокерлiк шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентіне:
1) оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлау фактiлерi мен себептерi, брокер және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтердi сақтамауы туралы;
2) қатарынан соңғы он екi күнтізбелік ай iшiнде осы брокер және (немесе) дилерге уәкiлеттi орган қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, шектеулi ықпал ету шаралар мен санкциялар туралы. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, қатарынан соңғы он екі күнтізбелік айға осы брокерге және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтердi ұсынады;
3) брокер және (немесе) дилердiң лауазымды тұлғаларына салынған әкiмшiлiк айыппұлдар туралы;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым қолданған ықпал ету шаралары және осы брокер және (немесе) дилерге қатысты қор биржасымен салынған айыппұлдар туралы;
5) қаржы құралдарымен брокерлік шартқа сәйкес жасалуға тиiстi (жасалған) мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен ерекше шарттар туралы;
6) егер ол бұрын осындай критерийлерге сәйкес келген жағдайда және осы Ереженің 37-1 және 37-2-тармақтарына сәйкес мәмілелер жасаса осы брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмегені туралы хабарлайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
23. Осы Ереженің 22-тармағында көзделген ескертпелер жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай ескертпенi жіберуге негіз туындаған күннен бастап өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
24. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер клиентке мынадай қызметтер:
1) инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін клиентке қажетті ақпарат береді;
2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы клиентке нұсқамалар береді;
3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді.
25. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты жасау және орындау кезінде клиентке мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабарлайды.
Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығына әкеп соқтыратын болса, Брокер және (немесе) дилер клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы нұсқама беруге құқылы емес.
Осы тармақтың екінші абзацта белгіленген талаптарды бұзған жағдайда брокер және (немесе) дилер клиентке осындай жөнсіздік салдарынан оған келтірілген шығынды және Брокерлік шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.
26. Мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттің өз мүдделерінің басымдығына қарай жасайды.
27. Брокерлік шартты жасасу және орындау процесінде брокер және (немесе) дилер өзінің клиенті туралы мәліметтердің құпиялығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәліметтің құпиялығын, егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдармен өзгеше белгіленбесе, сақтауға міндетті.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
28. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттік тапсырыстың негізінде жасайды.
29. Клиенттік тапсырысқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түріне нұсқау;
1-1) клиент мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;
жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі және құжатты берген органның атауы;
заңды тұлға үшін:
атауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні мен нөмірі, мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;
2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары эмитентінің атауы;
3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары туралы мәліметтер: түрі, ұлттық бірегейлендіру номері (шетелдік бағалы қағаздарға қатысты – халықаралық бірегейлендіру нөмірі (ISIN)), сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы және мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті басқа да мәліметтер;
4) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:
лимиттік - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
нарықтық - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
буферлік - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстардың өзге түрлері;
5) клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі туралы мәлімет;
6) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және нақты уақыты;
7) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
8) брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмілені жасау туралы ұсынымдарының бар екендігі туралы мәліметтер;
9) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәміленің мақсатын көрсету;
10) брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де ықтимал деректемелер.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
30. Клиенттің брокер және (немесе) дилерге беретін клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыстың даналарының саны брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды, егер клиент заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған тұлғаның өкілеттілігін тексереді, сонымен қатар клиенттік тапсырыстардағы (қағаз жеткізушідегі) қолтаңбалардың және мөр бедерлерінің заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілерімен (соның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері) және мөр бедері бар нотариатпен куәландырылған құжатындағы немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатындағы қолтаңбаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Егер, бұл брокерлік құжатпен көзделген жағдайда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес электрондық құжат айналымының жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде клиенттік тапсырысты жасауға және беруге жол беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
30-1. Егер бұл брокерлік шартпен көзделген жағдайда, клиенттік тапсырысты осы Ереженің 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін клиенттің тапсырыстың түпнұсқасын кейіннен беру арқылы телефон байланысы құралдарымен беруге жол берiледi. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкiлеттi өкiлi сөйлесудің жазбасын жазады (бұдан әрі - телефон жазбасы).
Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентiнiң iс-әрекеттерi клиенттік тапсырыстың түпнұсқасының телефон жазбасына сәйкес келмеген жағдайда брокерлік шартпен анықталады.
Ескерту. 30-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
31. Егер Брокерлік шартта жекелеген клиенттердің клиенттік тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырыстар оларды қабылдауына қарай хронологиялық тәртіппен орындалады.
32. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:
1) клиенттік тапсырыстың мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;
2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;
3) брокер және (немесе) дилер клиентінің өзі қойған қолтаңбасына ұқсас механикалық немесе өзге көшірме көмегімен факсимильдік қолтаңба құралдарын клиенттік тапсырыста пайдаланған кезде;
4) егер клиенттік тапсырысқа брокер және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз жеткізушідегі) қолтаңба үлгісі және (немесе) мөр бедері заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілері (оның ішінде заңды тұлғалардың өкілдерінің клиенттік тапсырысқа қол қою құқығы бар) және мөр бедері бар нотариатпен куәландырылған құжатында немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға және (немесе) мөр бедеріне көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде қабылдамайды.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай орындалуы ұйғарылған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін 2 000 айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
33. Брокерлік шартта оның қолданылуын тоқтатудың негіздері, сондай-ақ Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған жағдайда тараптардың әрекет ету тәртібі көзделуі тиіс.
Егер Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған сәтке брокер және (немесе) дилердің шоттарында және кассасында тиісті клиентке тиесілі қаржы құралдары мен ақша (бірінші санатты брокер-дилердің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған болса, олар осы клиентке Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. Брокерлік шартта клиенттің қаржы құралдары мен ақшасын қайтарудың бұдан да қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін.
34. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкiлеттi органның ескертпесін алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл жөнінде:
1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиiстi хабарландыруларды клиенттерге қолайлы орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында және интернет-ресурсында (бар болса)) орналастыру арқылы;
2) осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
34-1. Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның ескертпесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:
1) лицензиясынан айырған себептен брокерлік қызметті көрсету жөніндегі шартты бұзғаны туралы өзінің клиенттеріне жеке хабарлама жіберу арқылы;
2) осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның ескертпесін алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде клиенттің бұйрығы негізінде активтерді тіркеушіге немесе жасасқан шарт бар болса жаңа брокер және (немесе) дилерге өткізеді және тиісті хабарландыруды клиенттерге қолайлы орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастырады.
Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
4-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау
35. Брокер және (немесе) дилер өз есебінен және өз мүддесі үшін (дилер ретінде), сол сияқты өз клиентінің есебінен және оның мүддесі үшін (брокер ретінде) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы.
36. Банк болып табылмайтын бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында банк шоттарын онымен аффиллирленбеген банктерде, туынды қаржы құралдарымен және валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде, клирингтік және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында ашады.
Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген банктер мынадай критерийлердің бiреуiне сәйкес келеді:
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB-»-тен төмен емес басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «A-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктiң резидент-еншiлес банктері болып табылады;
қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi санатына енгiзiлген эмитент-банктер болып табылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
36-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;
3) шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген) белгіленген ең төменгі рейтингісі бар мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайларын қоспағанда, банк болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалады.
Ескерту. Ереже 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 69 (05.09.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
37. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен кез келген мәмілелері осы Ереженің 37-1, 37-2 және 38-тармақтарында белгіленген ерекше жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалуы тиіс.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 69 (05.09.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
37-1. Осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін банк болып табылмайтын бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 38-тармағында көрсетілген қаржы құралдармен жасалған мәмілелерден басқа, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың халықаралық (шетел) нарықтарда жасайды.
Ескерту. 37-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
37-2. Осы Ереженің 4-6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін брокер-дилер бес жұмыс күнге дейін есепті кезеңімен мәмілелер жасауға рұқсат беріледі, басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмілесін жасаған күннен бастап төрт жұмыс күн ішінде мәмілені орындауы мүмкін болғанда бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындайды.
Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар «төлемге қарсы жеткiзiлiм» принципі бойынша (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) халықаралық (шетелдiк) есеп-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бiр тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткiзу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.
Ескерту. 37-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38. Осы Ереженің 37-тармағының екінші бөлігінде белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды:
1) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған, мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздармен тек жеке тұлғалар арасында оларды орналастыру көзделген шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу талаптарымен мәмілелер жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
4) брокер және (немесе) дилердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншік иелерінен (бағалы қағаздардың меншік иелерінің олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық өкілдері болып табылмайтын өкілдерінен) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алуына;
5) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, оның ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілмеген шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
7) бағалы қағаздармен (оның ішінде брокер және (немесе) дилер өзі шығарған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру кезінде мәмілелер жасауға;
8) брокер және (немесе) дилердің өзі шығарған бағалы қағаздарын сатып алуы;
9) тауар жеткiзудi көздемейтін тауар биржаларындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға;
10) бiлiктi инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен бiлiктi инвесторлар қаражатының есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
11) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасау;
12) бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруға;
13) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
14) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес белгіленген жағдайларда эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алуға;
15) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын осы акционерлік қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастауға;
16) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша немесе талап етуі бойынша сатып алу.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38-1. Үлестес тұлғалармен акционерлік қоғамнан өзге, басқа ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған брокер және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен мәмілелер жасау туралы шешім осы брокер және (немесе) дилердің бақылау кеңесімен келісіледі.
Ескерту. 38-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38-2. Брокер және (немесе) дилер шарттарымен мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен мәмілелер жасамайды.
Ескерту. 38-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38-3. Брокер және (немесе) дилер қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен және комиссия шарты болып табылатын брокерлік қызмет көрсетуге шарты шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге "репо" операциясының бастапқы мерзімін ұзартуды ескеріп, жасалады.
Ескерту. 38-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38-4. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің барынша төмен құны жасалған маржиналдық мәмілелер бар болғанда, маржаның шектеулі деңгейін ескерусіз, осы клиенттің тапсырмасы бойынша брокер және (немесе) дилер қ ор биржасының сауда-саттық жүйесінде "тікелей" тәсілмен жасаған барлық "репо" операцияларының сомасынан отыз пайыздан кем еместі тұрақты құрайды.
Ереженің осы тармағында клиент активтері ретінде мыналар танылады:
1) ақша;
2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
4) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар.
Ескерту. Ереже 38-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 168, 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулыларымен
38-5. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздардың қажетті саны брокер және (немесе) дилердің немесе тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентiнiң шотында болмағанда, бағалы қағаздармен мәмiленi жасаспайды және бағалы қағаздармен мәмілені жасасуға өтінімді бермейді.
Осы тармақ осы Ереженің 37-2-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
Ескерту. 38-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
38-6. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi мынадай талаптарды сақтаған кезде жасайды:
1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу мәмiлелерi Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетін халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмiленi жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнiнен аспайтын бағалар бойынша жасалады;
2) акцияларды (депозитарлық тілхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерiнде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетiн халықаралық (шетелдiк) қор биржаларында мәмiленi жасау күнiне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төменгi мәнiнен кем емес бағалар бойынша жасалады;
3) principal protected notes қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға (сатуға) бағасын белгiлеудiң талдамасы бар не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда, почта, электрондық немесе факсимильдiк байланыс арқылы алынған кемiнде үш түрлi қарсы әрiптестерден үш баға белгiлеу бар. Егер, қарсы әріптес осы бағалы қағазға баға белгілемеген жағдайда, қарсы әрiптестiң бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң болмауы немесе баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәмiленi жасау туралы есепке енгiзiледi;
4) осы қаржы құралдарымен мәмiлелер жөнiндегi есептеулер «төлемге қарсы жеткiзiлiм» принципi бойынша (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) халықаралық (шетелдік) есеп-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бір тараптың мiндеттемелерiн қаржы құралын немесе ақшаны жеткiзу жөнiндегi мәмiленi орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөнiндегi қарама-қарсы міндеттемелер мәмiлесiн орындамай мүмкін емес.
Осы Ереженің мақсаттары үшін қарсы әріптес деп Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға түсiнiледi.
Ескерту. 38-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
39. Брокер ретінде іс-әрекет жасай отырып, брокер және (немесе) дилер осы мәмілені жасау сәтіне тиісті сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркелген осыған ұқсас қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы емес.
40. Қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға деп:
1) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатқан кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатып алудың ең жоғарғы (ең жақсы) бағасынан төмен баға;
2) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатып алған кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатудың ең төменгі (ең жақсы) бағасынан жоғары баға түсініледі.
41. Брокер ретінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырманы аса жақсы орындау үшін барлық ықтимал күш-жігерін салады.
42. Брокерлік шартта көзделген жағдайларда не осы клиенттің мүдделерін қорғау мақсатында брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруға құқылы. Брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәміле жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаржы құралдарымен мәміле туралы мәліметтер осы мәмілені жасау тапсырылған брокер және (немесе) дилердің атауы көрсетілген брокер және (немесе) дилердің ішкі есепке алу журналында көрсетіледі.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
42-1. Брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен қоса атқарғанда, брокердің және (немесе) дилердің меншік қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі шешімдерді инвестициялық комитет қабылдайды.
Ескерту. Ереже 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
43. Бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилерге тиесiлi ақша мен қаржы құралдары оның клиенттерiнiң қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсаттарда бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер оған және оның клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есеп жүргізуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын орталық депозитарийде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) осы Ереженің 36-тармағының талаптарына сәйкес келетін банктерде, сондай-ақ клиринг ұйымдарында және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында ашады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
44. Клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер орталық депозитарийде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) осы Ереженің 36-тармағының талаптарына сәйкес келетін банктерде, және (немесе) клиринг ұйымдарында және (немесе) өзге есеп айырысу ұйымдарында брокер және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесiлi қаржы құралдары мен ақшаға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш күндік мерзімде аударуы тиіс.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
44-1. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет аясында брокердің шоттарында орналасқан өз клиенттерінің ақшасын өз мүдделерінде немесе аффилиирленген тұлғалардың мүддесінде, сондай-ақ өздерінің клиенттерінің және олардың аффилиирленген тұлғаларының мүдделерінде заем түрінде тартпайды.
Ескерту. 44-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
45. Брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:
1) клиенттік тапсырыстарға және олардың орындалуына (орындалмауына);
2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге және олардың орындалуына (орындалмауына);
3) алынып тасталды;
4) алынып тасталды;
5) жеке шоттардағы қаржы құралдарға және олардың санының өзгерістеріне;
6) жеке шоттардағы ақшаға және олардың санының өзгерістеріне;
7) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістерге;
8) клиенттердің наразылықтарына және оларды қанағаттандыру жөніндегі шараларға;
9) клиенттік тапсырыстардың орындалысы туралы клиенттер берген есептерге;
10) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары:
11) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдері;
12) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтары және (немесе) тапсырмалары.
Осы тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфелді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
46. Клиент ұсынған құжаттар бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, жеке шот ашу және жүргізу мақсатында, сондай-ақ осы есеп деректерін өзгерту үшін, брокер және (немесе) дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.
Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 168 Қаулысымен.
46-1. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәміле жасап, жасалған мәмілені орындау туралы, сондай-ақ халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағалардың барынша жоғары және барынша төмен мәнін және мәмілені жасау күні мен уақытына осы бағалы қағаздарға нарықтық баға белгілеу параметрлерін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеулерді растайтын құжат есебінде Bloomberg не Reuters ақпараттық талдау жүйелерінің талдамаларының көшірмелері не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда почта, электрондық және факсимальдік байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің ұсыныстары танылады. Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеулерді растайтын құжатқа мәмілені жасаған қызметкер және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше басшысы қол қояды.
Ескерту. Ереже 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6-тарау. Маржиналдық мәмілелерді жүзеге асыру ерекшеліктері
47. Егер бұл Брокерлік шартта көзделмеген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауға құқылы, әрі олар бойынша есеп айырысуларды брокер және (немесе) дилер қайтарымдылық және төлем жасалу талабымен клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жасалады (бұдан әрі - маржиналдық мәмілелер).
Бұл ретте Брокерлік шартта көрсетілген ақшаны немесе бағалы қағаздарды қайтару міндеттемелерін орындау талаптары мен тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ маржиналдық мәмілелерді жасау талаптары болуы тиіс.
Маржиналдық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болуы тиіс:
1) брокер және (немесе) дилердің клиентке ақшаны немесе бағалы қағаздарды ұсыну мерзімі;
2) брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәмілені жасау үшін ұсынатын ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны;
3) клиент брокер және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге ұсынатын ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны.
48. Клиент маржиналдық мәмілені жасауға клиенттік тапсырысқа қол қойған кезінде брокер және (немесе) дилерге оның уәкілетті тұлғасының атына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында жүзеге асырылатын мәмілелерді жасаған кезде қажетті құжаттарға қол қоюға берілген сенімхатты ұсынады.
49. Маржиналдық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырысты брокер-дилер мынадай талаптарда орындауға қабылдайды:
1) ең аз талап етілетін маржа деңгейін сақтау;
2) клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және/немесе брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 51-тармағында көзделген талаптармен осы маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін сатып алатын бағалы қағаздарды ұсынуы;
клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және/немесе маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін алынатын ақшаны ұсынуы.
50. Брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасаған кезде:
1) ақшаны аудару және/немесе брокер және (немесе) дилерге тиесілі бағалы қағаздарды жеткізу арқылы клиенттің тапсырмаларын орындайды;
2) осы Ереже көзделген жағдайларда, маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасына оның брокер және (немесе) дилер алдындағы бағалы қағаздарды жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын санда бағалы қағаздарды сатып алады;
3) осы Ережеде көзделген жағдайларда, маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде брокер және (немесе) дилер алдында туындаған міндеттемелер бойынша клиентпен есеп айырысуларды жүргізу үшін жеткілікті болатын көлемде клиенттің жеке шотында ескерілетін бағалы қағаздарды сатады.
51. Маржиналдық мәмілелерді жасау, брокер және (немесе) дилердің клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын бағалы қағаздарды сатуы, сондай-ақ клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жүзеге асырылады.
52. Брокер және дилер маржалық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда, клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:
1) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары;
3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік бағалы қағаздары қабылданады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 2012.01.30 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
53. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер жекелеген клиентке қатысты маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
ДСКр + СЦБр - ЗКБ
УрМ = ------------------- х 100%
ДСКр + СЦБр
мұнда:
УрМ - маржа деңгейі;
ДСКр - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилердегі клиенттің шотындағы ақша сомасы;
СЦБр - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилер клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын клиенттің бағалы қағаздарының ағымдағы нарықтық құны;
ЗКб - брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған не олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс клиенттің мүддесі үшін жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін клиенттің брокер-дилер алдындағы берешегі.
Маржа деңгейі есеп айырысуларды жасау сәтіне дейін жасалған барлық мәмілелерді, оның ішінде олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жасалуы тиіс мәмілелерді ескере отырып есептеледі.
54. Егер маржаның одан жоғары шектеулі деңгейі клиентпен жасалған Брокерлік шартта көзделмеген жағдайда маржаның шектеулі деңгейі елу процентті құрайды, брокер және (немесе) дилер нәтижесінде маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен азаюы мүмкін мәмілені жасауға құқылы емес. Егер маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен болған жағдайда, брокер және (немесе) дилер маржа деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыратын мәмілені жасауға құқылы емес.
55. Егер маржаның шектеулі деңгейі отыз бес проценттен төмендесе, брокер және (немесе) дилер маржаның шектеулі деңгейіне дейін деңгейді ұлғайту үшін жеткілікті болатын мөлшерде клиенттің ақшасын немесе бағалы қағаздарын салу туралы талапты (бұдан әрі - маржиналдық талап) клиентке жібереді, егер маржиналдық талапты жіберу үшін маржаның одан жоғары деңгейі клиентпен жасалған брокерлік шартта көзделмесе.
Брокер және (немесе) дилер маржиналдық талапты клиентке жазбаша нысанда жібереді.
56. Клиент брокер және (немесе) дилер қойған маржиналдық талапты оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
57. Егер маржаның деңгейі күрт төмендеп кетсе (отыз бес проценттен төмен) және клиент маржиналдық талапты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, брокер және (немесе) дилер қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің бағалы қағаздарын сатуға немесе клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу үшін жеткілікті болатын көлемде қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
58. Брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды клиент немесе осы клиент берген сенімхат негізінде іс-әрекет ететін брокер және (немесе) дилердің уәкілетті тұлғасы қол қойған клиенттік тапсырыстың негізінде жүзеге асырады.
59. Клиенттің берешегі болған кезеңде брокер және (немесе) дилер клиентке клиенттік тапсырыстарды және қамтамасыз етуді құрайтын оған тиесілі бағалы қағаздарды сатуға және клиенттің осы іс-қимылдары оның брокер және (немесе) дилер алдындағы барлық берешегін өтеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасын пайдалануға арналған бұйрықтарды орындаудан бас тартуға құқылы.
60. Брокер және (немесе) дилер әрбір клиентке қатысты жасайтын маржиналдық мәмілелердің есебін бөлек жүргізеді, оған қоса:
брокер және (немесе) дилердің маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде туындайтын әрбір клиенттің міндеттемелер көлемін есепке алуды (клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналы);
брокер және (немесе) дилер берген ақшаны және/немесе бағалы қағаздарды қайтару туралы клиентке жіберілген талаптарды есепке алуды (әрбір клиенттер бөлігінде маржиналдық мәмілелер бойынша есепке алу журналы);
клиент брокер және (немесе) дилер алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берген бағалы қағаздарды сату мәмілелерін есепке алуды жүзеге асырады.
61. Маржиналдық мәмілелерді есепке алу журналында мыналар болуы тиіс:
клиенттің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
заңды тұлға - клиенттің атауы;
жеке шотының нөмірі;
маржиналдық мәмілені жүргізу күні және уақыты;
маржиналдық мәмілені жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегінің сомасы;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы міндеттемелерінің мөлшері және қамтамасыз ету құрамы.
62. Клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналында мыналар болуы тиіс:
заңды тұлға - клиенттің атауы;
клиенттің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты, клиенттің жеке шотының нөмірі;
жеке шотының нөмірі;
талаптың жіберілген күні және уақыты;
талапты жіберу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі.
7-тарау. Жекелеген операциялардың
түрлерін жүзеге асыру
Ескерту. 7-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8-тарау. Брокер және (немесе) дилерлердің
андеррайтингтік қызметі
64. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер андеррайтер (дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында) болуға құқылы.
Егер эмиссиялық консорциум арқылы жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сондай шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында да жүргізген жағдайда, эмиссиялық консорциум қатысушылары осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары болуға құқылы.
65. Брокер және (немесе) дилерлер - эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы бірлескен қызметі туралы жасалған шарт (бұдан әрі - андеррайтерлер арасындағы шарт) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа ықтимал нормалардан басқа мынадай нормалар болуы тиіс:
1) эмиссиялық консорциум қатысушыларының міндеттері;
2) эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы құқықты, міндеттемелерді және жауапкершілікті бөлу туралы;
3) бірлескен қызметі туралы шарттың қолдану мерзімі.
66. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қарым-қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледі, ол эмиссиялық консорциуммен жасалған жағдайда оған эмиссиялық консорциумның соңғы басқарушысы қатысушыларының атынан қол қойылады.
Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт андеррайтерлер арасындағы шарт жасалғанға дейін және одан кейін де жасалу мүмкін. Бірінші жағдайда бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт ол кімнің басқарушы болатын эмиссиялық консорциумды құруға андеррайтердің құқығын көздеуі тиіс.
67. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер арасында жасалған шарт (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсiлдердiң бiреуiн белгiлейдi:
1) «қатаң міндеттемелер» тәсiлi, мұндайда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейін оларды басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.
Андеррайтердің (эмиссиялық консорциум) «қатаң міндеттемелер» тәсiлiмен көрсетiлетiн қызметін бiрiншi санаттағы брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.
Көрсетілген қызмет түрін көрсету тәртiбiн реттейтін брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында осы функцияларды мiндеттi түрде бекіту қосымша шарт болып табылады;
2) «ең жақсы күш салу» тәсiлi, бұл ретте андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторға ұсыну арқылы оларды орналастыру бойынша оған барынша күш салуға мiндеттенедi;
3) бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсiлi.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
67-1. "Қатаң міндеттемелер" тәсілін қолданғанда, андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады, олар андеррайтердің (эмиссиялық консорцум) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына қабылданады.
"Ең жақсы күш салу" тәсілін қолданғанда, андеррайтер (эмиссиялық консорциум) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсілін қолданғанда, осы бағалы қағаздар андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына қабылданады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бойынша барлық мүмкіндігін салуға міндеттенетін шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсілін қолданғанда, осы бағалы қағаздарды орналастыру жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздарды өзге тәсілмен орналастыру осы тармақтың талаптарын ескере отырып, бағалы қағаздардың эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту: 67-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
67-2. Бағалы қағаздарды орналастыру барысында бағалы қағаздардың эмитентіне "қатаң міндеттемелер" тәсілімен пайдалануды көздейтін шарттарды қоспағанда, бірнеше андеррайтерлермен (эмиссиялық консорциумдармен) шарттар жасасуға рұқсат беріледі.
Ескерту: 67-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен .
68. Егер бұл бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциумның) және андеррайтерлер арасындағы шарт талаптарына қарама-қайшы келмесе, андеррайтер (эмиссиялық консорциумның басқарушысы) эмиссиялық консорциумның мүшелері болып табылмайтын (егер бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды эмиссиялық консорциум жүзеге асырса) басқа брокер және (немесе) дилерлердің (осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметін жүзеге асыруға өкілетті шетел ұйымдары) шығарылымын орналастыратын бағалы қағаздарды сатуға тартуға құқылы.
9-тарау. Ішкі бақылау
69. Брокер және (немесе) дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі бақылауды жүзеге асыру нормалары осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленеді. Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға ішкі бақылаудың объектісі болып табылатын тікелей іс-әрекеттер жасайтын брокер және (немесе) дилердің қызметкерлері жіберілмейді.
70. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банк шоттарындағы қаржы құралдарының саны мен ақшаға өзiнiң есеп деректерін бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, клирингтік және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодианның және банктердің осы брокер және (немесе) дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша туралы деректермен салыстырып тексереді.
Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексерудің нәтижелері салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қоятын салыстырып тексеру актiсiмен ресiмделедi.
Брокер және (немесе) дилер күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийге әрбір клиенттің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шоттағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәлiметтердi ұсынады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
71. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте шешіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы
N 317 қаулысына 2-қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерді тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 683 тіркелген, 1999 жылы сәуір айында "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 4 журнлында жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 924 тіркелген, 1999 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 10 журналында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1746 тіркелген, 2002 жылы "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2243 тіркелген, 2003 жылы "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 басылымда жарияланған).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1263 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын банктік емес ұйымдарға клиенттердің ақшасын есепке алу және сақтау үшін шоттарын ашуға рұқсат етілген банктер (банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тізбесі туралы" 2000 жылғы 31 қыркүйектегі N 80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2933 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 7 басылымында жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3414 тіркелген, 2005 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 2 басылымында жарияланған).