Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2243. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317   қаулысымен .
________________________________

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 6-тармағының 2-1) тармақшасы және 6-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналында 1999 жылғы сәуірдегі N 4 жарияланған, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі  N 30 , "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі  N 44  қаулыларымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566  қаулысымен  бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына:

      барлық мәтін бойынша "брокерлік-дилерлік" деген сөздер тиісінше "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) "ішкі бақылау" - Брокер-дилердің оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарын және кәсіби қызмет стандарттарын сақтауына бақылауды ұйымдастыру, Брокер-дилер жүргізетін операциялардың сипатына және ауқымына сәйкес келетін тиісті сенімділік деңгейін қамтамасыз ету мен Брокер-дилердің және оның Клиенттерінің заңды мүдделерін қорғау мақсатында брокерлік және дилерлік қызметтің тәуекелдерін барынша азайту;";
      3) тармақшадағы "(осы қағидалармен рұқсат етілген жағдайларда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) "жеке шот" - бірінші санаттағы Брокер-дилердегі жазбалар жиынтығы, осылар арқылы Клиенттің немесе Брокер-дилердің бағалы қағаздары мен ақшасын есепке алуды жүзеге асырады;";

      9-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган осы Брокер-дилердің және оның қызметінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясының шарттарына және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексерген кезде осы Брокер-дилер уәкілетті органның тексеру тобының құрамына енгізілген қызметкерлерінің сұратуы бойынша осы Брокер-дилердің брокерлік және дилерлік қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін береді.";

      12-тармақта:
      5) тармақша "барлық қызметкерлері" деген сөздерден кейін "және басқа бөлімшелер" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сауда бөлімшесі қызметкерлерінің (техникалық функцияларды ғана орындайтын адамдарды қоспағанда) Бэк-офис бөлімшесіндегі лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.";

      19-тармақта:
      "инвестициялық шешімдер қабылдауға" деген сөздер "ішкі бақылауды жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "инвестициялық шешімдер қабылдауға" деген сөздер "ішкі бақылауды жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34 және 35-тармақтар алынып тасталсын;

      43-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
      1-2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті бағалы қағаздар туралы мәліметтер: сатып алынуға немесе сатылуға тиісті бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру номері, саны, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бағасы және мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті басқа да мәліметтер;";

      50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Клиенттің ақшасы бірінші санатты Брокер-дилердің кассасына қабылданған жағдайда соңғысы мұндай қабылдану күнінен бастап (осы күнді қоса алғанда) үш жұмыс күні ішінде бұл ақшаны оның Клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында банкте ашылған осы Брокер-дилердің шотына енгізеді.";

      52-тармақтың 2) тармақшасындағы "дилер ретінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      61-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бірінші санатты Брокер-дилер әрбір жеке Клиентке осы Клиентке тиесілі бағалы қағаздар мен ақшаны есепке алуға арналған жеке шот, сондай-ақ Брокер-дилердің өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен ақшаны есепке алуға арналған жеке шот ашады. Брокер-дилер тек қана өзінің жеке шотын және өз Клиенттеріне жеке шоттар ашуға құқылы.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "62. Брокер-дилердің Клиенті жеке шот ашу үшін оған:
      1) егер Клиент заңды тұлға болып табылған жағдайда, - Клиенттің атынан клиенттік тапсырыстарға қол қоюға уәкілеттік берілген Клиент қызметкерлері қолдарының үлгілері бар нотариат куәландырған карточкасын және оның мөрінің таңбасын;
      2) егер Клиент жеке тұлға болып табылған жағдайда - Брокер-дилердің жеке шоттарды ашу мақсатында құжаттар қабылдауға уәкілеттік берілген қызметкерінің қатысуымен осы карточкаға енгізілуге тиісті қойылған қолы бар Клиенттің есеп карточкасын ұсынуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      "62-1. Клиенттің жеке шотын ашу бұйрығына мынадай деректемелер енгізілуі тиіс:
      1) Клиенттің атауы/аты-жөні;
      2) Клиент - жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, номері;
      3) Клиент - заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің номері және күні;
      4) Клиенттің орналасқан орны (тұрғылықты орны);
      5) Клиенттің байланыс құралдары деректемелері (телефондарының, факстің номері, электронды почта мекен-жайы және басқалары)";
      Осы тармақта көрсетілген деректемелер тиісті құжаттармен (жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері) расталған болуы тиіс.
      Брокер-дилер мүше болып табылатын ӨРҰ-ның ережелерінде және Брокер-дилердің ішкі ережелерінде Брокер-дилердің жеке шот ашу бұйрығының деректемелерінің құрамына қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.";

      63-тармақта:
      "табылатын" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарымен," деген сөздермен толықтырылсын;
      "белгіленген тәртіпте" деген сөздерден кейін "есеп журналдарын жүргізу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) жасалған брокерлік шарттар және номиналды ұстау шарттары.";

      мынадай мазмұндағы 63-1 тармақпен толықтырылсын:
      "63-1. Бірінші санатты Брокер-дилер Клиенттерінің жеке шоттары бойынша операциялардың шарттары мен тәртіптері және осы операцияларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін заңдарына сәйкес белгіленеді.";

      70-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Брокер-дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдайтын болсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының мүшесі болып табылмайтын брокер-дилерлерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады