Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.02.11 N 79 Бұйрығымен.
"Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі;
2) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Р.Ө.Адимолдаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
Төрағасының
2005 жылғы 5 қазандағы
N 206 бұйрығымен
бекітілген
Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай,
әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау
жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа
өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу
кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі
1. Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі Сертификат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар:
1) өтінім берушінің құрылтай құжаттары (кәсіпорынның заңды дербес ретінде жарғы көшірмесі немесе ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификатталатын қызмет құрамына кіретін ұйым жарғысының көшірмесі);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке тұлға үшін жеке куәлік немесе төлқұжат, және заңды тұлға ретінде құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат;
3) жер учаскесін пайдалануға құқық беретін құжаттар;
4) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарының қорытындысы;
5) жеке құрамның міндетті сақтандыру түрлерін растайтын сақтандыру полистері;
6) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтері туралы ереже;
7) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің құрылымдық схемасы;
8) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің штаттық кестесі мен персоналының нақты саны;
9) қызметтік нұсқаулықтың тізбесі;
10) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметі мен өзге де әуежайлар мен ұйымдар қызметтерінің арасында электрқондырғыларын пайдалануға жауапкершілікті шектеу актілері (шарттар, келісімдер);
11) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтері объектілерінің тізімі;
12) Электрэнергиясын, электр жүйесін және подстансаларды пайдаланудың мемлекеттік лицензиясы;
13) әуежайды электрмен жабдықтау және олардың объектілерін электрмен қамсыздандыру схемасы (әуежай объектілерін жоғарғы вольтты және төменгі вольтты, негізгі және резервті электрмен қамсыздандыру схемалары);
14) жарықсигналды жабдықтар жүйелерінің орналасу сипаттамасы, құрамы мен схемасы;
15) әуежайдың өзге қызметтерінің және өзге ұйымдарының өзара қатынастарының схемасы;
16) электрқоректендіруді резервтеу және жедел қайта қосу жөніндегі нұсқаулық;
17) техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың тізбесі;
18) технологиялық нұсқаулық тізбесі;
19) өрттік қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық тізбесі;
20) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің өлшеуіш құралдарының тізбесі;
21) метрология жөніндегі органдармен келісілген, міндетті метрологиялық тексеруге тиісті өлшеу құралдарының тізбесі;
22) Жарықсигналды жабдықтардың жазғы тексеру актілері;
23) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыруды және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтауды жердегі тексеру актілері;
24) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерін жүзеге асыруға негіз болатын нормативтік және басқару құжаттарының тізбесі.
2. Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі сертификатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтініш беруші беретін құжаттар:
1) қажетті негіздемелермен ерікті нысандағы өтініш;
2) бұрын берілген Сертификат оригиналы.
3. Сертификаттың телнұсқасын алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға ерікті нысандағы өтініш беріп алады.
4. Осы Тізімнің 1)-3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі.
Осы Тізімнің 4)-24) тармақшаларында белгіленген құжаттар өтінім беруші ұйымның бірінші басшысымен және мөрмен куәландырылған көшірмелері түрінде беріледі.
5. Өтінім (өтініш) берген кезде ұсынылатын құжаттар кез келген, қарау үшін және пайдалану үшін қолайлы бірізділігінің жинақталуы мүмкін. Осы жағдайда бірінші бетте беттердің нөмірлері белгіленіп ұсынылатын құжаттарының тізімі белгіленеді.
Ұсынылатын құжаттамаларының құрамына енгізілетін барлық материалдар екі данада (уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір бірден) рәсімделеді.
6. Түзетілген, қолмен және мөрмен расталмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті Төрағасының
2005 жылғы 5 қазандағы
N 206 бұйрығымен бекітілген
Ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету және әуежай,
әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен
жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық
тексеру бағдарламасы
Ұйымның атауы: ____________________________________________________
Тексерілген күні, бұйрық N: _______________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.а, лауазымы: ________________________________
________________________________
________________________________
р/с N |
Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер |
Сәйкестік |
Сәйкес- |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Ұсынылған құжаттама жиынтығының болуы және сәйкестігі |
||
1) |
Сәйкестік сертификатын алуға өтінім |
||
2) |
Өтініш берушінің Жарғысы (құрылтай шарты) |
||
3) |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке тұлға үшін жеке куәлік немесе төлқұжат және заңды тұлға ретінде құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат |
||
4) |
Өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындауға жеткіліктілігі |
||
5) |
Басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар |
||
6) |
Еңбек және өндірістік санитария қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар |
||
7) |
Осы қызмет түрі бойынша қызметі жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі мен бар болуы |
||
8) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде ұшу негізгі ережелерінің 58, 59 тармақтарына сәйкес Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтан, пайдаланудың жергілікті ерекшеліктерін және әуеайлақтағы қолданыстағы шектеулерді есепке ала отырып, осы әуеайлақтағы ұшуларды орындау тәртібі бекілетін әуенавигациялық төлқұжатынан үзінді |
||
9) |
Жеке құрамға медициналық қызмет көрсету (ауысым алдындағы медициналық тексеру) |
||
10) |
Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау мемлекеттік органдарының қорытындылары |
||
11) |
Атқарушылық және пайдалану-техникалық құжаттаманың бар болуы және қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкестігі (жарық сигнал беру жабдығының құрамы, кіші жүйелерде жарықтар, кіреберіс жарықтарының профильдері орналасу сызбасы, құрылғы биіктігі, жарықтар лампаларының түсі мен қуаттылығы бойынша) |
||
12) |
Пайдалану барысында тактика-техникалық сипаттамалардан ауытқулардың бар болуы (жабдықты, кабель желілерін тексеру, сынау хаттамалары бойынша, есепке алу журналы) |
||
13) |
Жарық сигнал беру жабдығының ұшу тексеруінің актісі |
||
14) |
Жабдықтың бұзылуы мен ақауларын есепке алу және оларды жою, формулярларды, паспорттарды, пайдалану журналдарын жүргізу сапасы |
||
15) |
Пайдалану құжаттамасындағы жазбалар бойынша бөлшектерді ауыстыру мен жарық сигнал беру жабдығының техникалық бұзылудың жиынтық жазбасы және қосалқы аспаптар мен құрылғылардың жинақтығы |
||
16) |
Жабдықтарға сәйкестік сертификаттары |
||
2. |
Жарықтехникалық жабдық |
||
1) |
Тексеру актісінің (хаттамасының) бар болуы |
||
2) |
Жарық арматурасының жай-күйі (зақымданған корпустардың, шағылдырғыштардың, линзалардың, бояудың) |
||
3) |
Жарықтарды бекіту мен реттеу бөлшек. |
||
4) |
Шығыңқы жерлердің жай-күйі және қауіпсіздіктің соңғы жолағы мен қауіпсіздіктің жанама жолағының үстінен шығып тұратын жарық бекітулерінің жоқ болуы |
||
3. |
Трансформаторлық шағын станциялардың жабдығы |
||
1) |
Тексеру актісінің (хаттамасының) бар болуы |
||
2) |
Төменгі вольтті құрылғылар және тарату қалқандары |
||
3) |
Монтаж, түйісу, бекіту, сымдарды, кабельдерді таңбалаудың жай-күйі |
||
4) |
Электр автоматтарының қондырғылары тоғының қосылған электр қабылдағыштар қуаттылығына сәйкестігі |
||
5) |
Ток өткізгіш тізбектерінің оқшалану кедергісін, жерге қосу контурларын тексерудің хаттамалары |
||
6) |
Жарықтық реттегіштерінің және басқа да электр тұтынушылардың электр қоректену тізбектерін қорғау |
||
5. |
Жарықтық реттегіші |
||
1) |
Тексеру актісінің (хаттамасының) бар болуы |
||
2) |
Монтаждың, түйісудің, жинақтық бұйымдардың, бекітудің, сымдардың, кабельдерді таңбалаудың жай-күйі |
||
3) |
Ток өткізгіш бөлшектерінің, жерге қосулардың кедергісі мен оқшалануы |
||
4) |
Жарықтықтың барлық дәрежелерінде шығу токтары өлшемдерінің жұмысқа қабілеттілігі мен сәйкестігі, ток пен кернеу бойынша қорғаудың жұмыс істеуі |
||
5 |
Жарықтарды қашықтан басқару аппаратурасы |
||
1) |
Тексеру актісінің (хаттамасының) бар болуы |
||
2) |
Командалық диспетчерлік пунктінен жарықтықты реттегіштерге дейін байланыс желілері талшықтарының омдық кедергісін өлшеу хаттамалары |
||
3) |
Қашықтан басқару аппаратурасы жұмысқа қабілеттілігі: жергілікті және жедел басқару панельдерінен басқару командалары өтудің дұрыстығы, мнемосызбада оларды орындау туралы сигнал беруді алу, байланыс желісі үзілу кезінде және жарық сигнал беру жабдығынаң берілген жай-күйінің командалық диспетчерлік пункттағы электр желісінің кернеуі жойылу кезінде сақталуы |
||
4) |
Қондыру диспетчерінің қашықтан басқару аппаратурасынан түймелер бойынша кіші жүйелер жарықтарын таңдаудың дұрыстығы |
||
5) |
Қашықтан басқару аппаратурасы пульттері орналасуының нормаларға сәйкестігі |
||
6. |
Резервтік автономдық қоректендіру |
||
1) |
Тексеру актісінің (хаттамасының) бар болуы |
||
2) |
Дизель генератордың жиынтығы, оның жабдығының сәйкестігі, оны құрастыру |
||
3) |
Жұмысқа қабілеттілігі және іске қосу уақытының талап етілетін нормаларына сәйкестігі, кернеуді қосу кезінде өлшемдердің (жиілік пен кернеудің) сақталуы |
||
4) |
Аккумуляторлық батареяларды автоматты қоректендіру аппаратурасы |
||
5) |
Дизель-генератор автоматикасының аппаратурасы |
||
7. |
Жарық сигнал беру жабдығы жүйесінің кабельдік коммуникациялары |
||
1) |
Кабельдердің жоғары кернеуімен сынау өткізудің хаттамалары |
||
2) |
Кабельдік шығыршықтардың (кабель) оқшалану кедергісінің хаттамалары |
||
8. |
Өртке қарсы - күзет жабдығы |
||
1) |
Өртке қарсы - күзет жабдығының (вентиляцияның) бар болуы, жиынтығы және жұмысқа қабілеттілігі |
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін
сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартында
пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
сәйкессіздіктер;
(-3) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
және де өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын
сәйкессіздіктер.
Ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету және әуежай,
әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен
жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық
тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі
___________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы)
Сертификаттық тексерудің бағдарламасындағы сәйкессіздік позициясының N |
сәйкессіздіктің сипаттамасы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
Тексерушілер: ___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а)
Таныстым: ___________________________________________________
(ұйымның басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)
Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "___"__________