Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 318-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2304 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі N 30 (135) "Ресми газетте" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 209 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібінде (бұдан әрі - Тәртіп):
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"КҚТ-мен түзетілген (соңғы) мәліметтер көрсетіледі.";
5-тармақта:
бірінші абзацта "3," деген саннан кейін "4," деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз үшінші, отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"2 - СЭҚ ТН кодын деталдауға байланысты түзету жүргізілді;
3 - бір және одан да көп СЭҚ ТН кодтарын біріктіруге байланысты түзету жүргізілді.";
мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"4-баған. "Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі".
Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі қойылады.";
қырық алтыншы абзацта "кеден құны түзетілетін" деген сөздер "түзетілетіндер туралы деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы қырық жетінші, қырық сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"7-баған. "Анықтама нөмірі".
Оған КҚТ ресімделетін ЖКД-ның анықтама нөміріне сәйкес КҚТ-ның анықтама нөмірі көрсетіледі.";
алпысыншы абзацта "кеден құны түзетілетін" деген сөздер "түзетілетіндер туралы деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші және алпыс бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"33-баған. "Тауар коды".
Тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес коды қойылады.
Тауар кодының өзгеруіне байланысты КҚТ толтырылған жағдайда, бағанның сол жақ кіші бөлігінде КҚТ-ның 31-бағанында жазылған тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген тауар үшін, ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.
Тауар кодының толық көрсетілуіне (екіге және одан да көпке бөлінуіне) байланысты КҚТ толтырылған жағдайда, тауар толық көрсетілетін, тауарлар коды рет-ретімен көрсетілетін КҚТ-2 нысанының қосымша парағы ресімделеді. Бағанның сол жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында жазылған тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген, тауар үшін ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.
Тауарлардың екі және одан да көп кодтарын бір кодқа біріктірген жағдайда, КҚТ-да біріктіруге ұшыраған тауарлардың кодтары рет-ретімен көрсетіледі. Бағанның сол жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында жазылған, тауардың түзетілген коды қойылады, бағанның оң жақ кіші бөлігінде ЖКД-ның 31-бағанында көрсетілген, тауар үшін ЖКД-ның 33-бағанының мәні көрсетіледі.";
сексен жетінші абзацта "бұл бағанда ол толтыру күнін, қолын және жеке нөмірлік мөрін қойады. Бұл ретте" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сексен сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Кеден органының лауазымды тұлғасы КҚТ нысанын шығарған күнді, қолын және жеке нөмірлі мөрін қояды.";
6-тармақта:
екінші абзацта "43," деген саннан кейін "54, В" деген санмен толықтырылсын;
"Кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде, бағанның оң жақ бөлігінде негізінде кедендік құнды түзету жүргізілетін баға ақпараты көзінің сандық мәні көрсетіледі:
1 - кеден органдарында бар баға ақпаратын қолдана отырып;
2 - "Superschwake" автокаталогын қолдана отырып;
3 - "Ценовая информация" ақпараттық бюллетендерін қолдана отырып;
4 - Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығын қолдана отырып;
5 - "ҚСЭКЖҚ" Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлік техниканың және күрделі техникалық жүйелердің тауар өндірушілері баға анықтамалығын қолдана отырып;
6 - тәуелсіз сарапшының баға ақпаратын қолдана отырып.";
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"В баған. "Есептеудің егжей-тегжейлілігі".
Бағанда, негізгі парақ және әрбір қосымша парақ бойынша төлемдерден тұратын аталған түр бойынша төлемдердің жалпы сомасы төлемнің әрбір түрі бойынша бөлек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қысқаша атауы көрсетіледі.";
Он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бастықтың және кеден бекетінің/кеденнің жауапты лауазымды адамының қолы, лауазымды тұлғаның жеке нөмірлі мөрі және күні қойылады.";
Ережеге 1-қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік кірістер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықты бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2005 жылғы 28 қыркүйектегі
N 383 бұйрығына қосымша
Кеден құнды түзету нысанын
толтыру тәртібіне 1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Кеден құнын түзету нысаны, кедендік төлемдер мен салықтар КҚТ-1.
------------------------------------------------------------------
!2. Жөнелтуші/ !1. Түзетулердің ! ЖКД-ға қосымша
!экспорттаушы N ! түрі !
! !--------------------!
! !3. Қосым-!4. ЖКД !
! !ша парақ !деректері !
! ! ! !бойынша !
! ! ! !КҚТ реттік!
! ! ! ! нөмірі !
! !--------------------!
! !5. Тауар-! !7. Анықтама нөмірі
! ! лардың! !
! ! барлық! !
!тіркеу N дан ! атаулары! !
------------------------------------------------------------------
!8. Алушы/ !
!импорттаушы N !---------------------------------------
! ! ! !12. Жалпы ! 13.
! ! ! !кедендік !
!Тіркеу N дан ! ! !құны !
------------------------------------------------------------------
!14. Декларант/ !
! өкіл N !
! !
!Тіркеу N дан !
------------------------------------------------------------------
! !20. Жеткізудің шарттары
! !---------------------------------------
! !22. Валюта !23. Валюта!24. Мәміленің
! !және тауар-!бағамы !сипаты
! !дың жалпы ! !
! !фактуралық ! !
! !құны ! !
! !-----------!----------!----------------
------------------------------------------------------------------
31. Жүк !Контейнерлерді !32. Тауар ! 33. Тауар!
орындары !маркілеу және ! !коды !
және !нөмірлерінің !---------------------------------------
тауарларды!саны - !34а. Елдің !35. Жалпы!
сипаттау !тауарды !коды !салмағы !
!сипаттау ! !(кг) !
! !-----------!---------!
! !37. Рәсім !38. Таза !
! ! !салмағы !
! ! !(кг) !
!-----! !-----------!---------------------------
! ! ! !40. Жалпы декларация/
! ! ! !алдыңғы құжат
------------------------------------------------------------------
44. ! !41. Қосымша!42. Фак- !43.
Қосымша ! !өлшем !туралық !
ақпарат/ ! !бірлігі !құны !
ұсынылған ! ! ---------------------------
құжаттар ! !45. Кеден құны
! !---------------------------
! !46. Статистикалық құны
------------------------------------------------------------------
47. Кеден-!Түр!Есеп.!Став-!Сома!СП!КП!Ал- !Өзгеру!Төлем !В. Есеп-
дік баждар! !теу. !ка ! ! ! !дыңғы!(тең- !тапсыр.!теудің
мен алым- ! !дің ! ! ! ! !сома !гемен)!масының!егжей-
дарды ! !негі-! ! ! ! ! ! !N және !тегжейі
есептеу ! !зі ! ! ! ! ! ! !күні !
!-----------------------------------------------!
!Барлығы ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
Транзит !50. Сенуші !С
елінің !Қолы !
кеденінің ! !
белгісі !ұсынылған !
! !
!орны мен күні !
------------------------------------------------------------------
52. Үшін кепіл жарамсыз !
------------------------------------------------------------------
Д. Кедендік бақылау !54. Орны мен күні
К/б, кеденнің бастығы Қолы !
!Ұйым
Күні !
!Орындаушы
Жауапты лауазымды тұлға Қолы !
!Телефон
Күні !
!Қолы
------------------------------------------------------------------