Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1080 тiркелген, 2000 жылғы 13-26 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 6 (176) басылымдарында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 352 (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1275 тiркелген); 2001 жылғы 28 сәуiрдегi N 127 (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1574 тiркелген); 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулыларымен (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2610 тiркелген) енгiзiлген өзгерiстермен және толықтыруларымен) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықта:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) салық төлеушiнiң аты-жөнi, тiркеу нөмiрi (ондай болса), экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтандырушының мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн);";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) салық төлеушiнiң атауы, тiркеу нөмiрi (ондай болса), экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, сақтандырушының банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);";
7) тармақшада "оны төлеудiң тәртiбi мен" деген сөздер "валюта түрi мен оны төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.
Резиденттiк мәртебе " Валюталық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.".
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және Агенттіктiң мүдделі бөлімшелеріне жіберілсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға