Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қазандағы N 465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3926. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 75 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.02.2016 № 75 бұйрығымен.

      "Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын Мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      "Өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі туралы" 2000 жылғы 5 қазандағы N 188 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2000 жылғы 17 қарашада N 1288 тіркелген);

      "Өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын Мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 5 қазандағы N 188 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" 2001 жылғы 13 қыркүйектегі N 167 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда N 1722 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Ким Р.Ю.):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

      2) осы бұйрықты лицензиаттардың назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық Комитеті Төрағасының орынбасары Н.Ш.Ысқақбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Төраға



      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және сауда министрлігі

      Стандарттау, метрология және

      сертификаттау жөніндегі комитетінің

      Төрағасы

      2005 жылғы 4 қараша

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 қазандағы
N 465 бұйрығымен бекітілген

Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндіріс
төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі
1. Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндіріс
төлқұжатына қойылатын жалпы талаптар

      1. Өндіріс төлқұжатын өндіруші өзі әзірлейді және бекітеді, оған бірінші басшы, ол болмаған жағдайда оның уәкілетті адамы қол қояды және этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылады.

      2. Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндірістік төлқұжаты мынадай мәліметтерден тұрады:

      1) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндіруді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - өндіруші) атауы;

      2) өндірушіні мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлігінің нөмірі мен күні, куәлікті берген органның атауы;

      3) заңды тұлға немесе жеке тұлғаның - өндірушінің мекен-жайы;

      4) заңды тұлға немесе жеке тұлғаның - өндіріс басшысының аты-жөні, тегі, телефон нөмірі;

      5) өндірістің орналасқан жері;

      6) өндіріс басшысының аты-жөні, тегі, телефон және факс нөмірі;

      7) салық төлеушінің (өндірушінің) тіркеу нөмірі;

      8) кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы (КҰЖС) коды;

      9) қызмет көрсететін банк, есептік шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);

      10) меншік түрі;

      11) жүргізілген жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжаттар туралы деректер (нөмірі, беру күні, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органның атауы);

      12) өндірушінің теміржол деректемелері;

      13) өндірісті пайдалануға енгізген, соңғы қайта құруды жүргізген жылы;

      14) ғимараттар мен құрылыстардың сұлбасымен өндірістің бас жобасы (төлқұжатқа қосымша түрінде);

      15) өндіріс аумағының жалпы ауданы;

      16) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;

      17) шығарылатын спирттің түрі (спирттің нормативтік және техникалық талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган шешімінің атауы, нөмірі мен күні);

      18) шығарылатын өнiмінің ассортиментi (Республикалық дегустациялық комиссияның қорытындысы негiзiнде берiлген өнімінің нормативтік және техникалық талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган шешімінің атауы, нөмірі мен күні, технологиялық нұсқаулықты, рецептураны, техникалық шарттарды бекіткен органның күні, нөмірі мен атауы);

      19) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндірудің технологиялық сызбасы;

      20) цехтар мен учаскілер бойынша негізгі технологиялық жабдықтарының тізімі;

      21) спирт сақтау қоймасы (жабық немесе ашық типті);

      22) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндірудің техникалы-химиялық бақылау;

      23) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндіргенде негізгі шикізат пен қосымша материалдар туралы мәліметтер;

      24) сақтау қоймалары туралы мәліметтер;

      25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер;

      26) санитарлық-тұрмыстық шарттар туралы мәліметтер;

      27) қоршаған ортаны қорғау.

      Ескерту: 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.05.04 N 237 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Өндіріс қуаты, шикізаттың шығыс және шығын нормалары, қосымша материалдар мен энергия қорлары, жабдықты тиімді орналастыру жоспары, ауыстыру немесе алмастыру нәтижесінде жетекші технологиялық жабдық өзгерген жағдайда өндіруші өндірістің төлқұжатына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн
өндірудің технологиялық сызбасы

      4. Этил спирті және алкоголь өнiмiн өндірудің технологиялық сызбасының сипаттамасында мыналар болуы қажет:

      1) жабдығының ерекшелігі бар өндірістің сызбасының және жабдықты орналастырудың жинақтық жоспарының графиктік бейнесі;

      2) этил спирті өндірісі кезінде:

      дәнді немесе мелассаны тасымалдау (көлік түрі, автомобильдік немесе теміржолдық кіреберіс жолдардың, автомобильдік немесе теміржолдық таразылардың болуы);

      қайнату ж/е уыт өсіру үшін астықты дайындау (қолданылатын тәсіл, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану және т.б.);

      дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақ өнімі %);

      ашытқыны әбден қайнату (әбден қайнату, температуралық режимдер, дайын ашытқының химия-бактериологиялық өлшемдері);

      ашытқыны қанттау (пайдаланылатын тәсіл, өлшемдер, қанттау уақыты);

      мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса уытын әзірлеу);

      ашытқыларды әзірлеу (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және әзірлеу уақыты);

      ашытқының ашуы (орнатылған кеспектердің саны мен сыйымдылығы, қабаттар температурасы, берілген ашытқылардың көлемі, ашудың температуралық режимі және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын әдісі);

      ашытқыны спиртке айыру (пісіп жетілген ашытқыдағы спирт құрамы (дәнді дақылды өңдеу кезінде) немесе меласса уытының концентрациясы %-пен);

      ашытқы тазартатын немесе ашыту (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы (өнімділігі, басқару режимі мен айыру процестерін реттеу, қосымша бағандарды пайдалану);

      спирт температурасын тұрақтандыру (спирт тоңазытқышы, суды салқындату көзі мен өлшемдері, спирт тоңазытқышындағы судың бағыты, спирт температурасын автоматты реттеу жүйесін қолдану);

      спирт өлшеуіш аппараттар (іріктелген пастеризацияланған спирт пен эфиральдегидті фракцияның маркасы, саны, юстировка күні);

      құю бөлімі (эфиральдегидті фракцияны және тазартылмаған майды сақтау);

      спирт сақтау қоймасы (типі (жабық немесе ашық), бір мезгілде сақтау сыйымдылығы);

      арпаны уытта суландыру;

      уыт өсіру (пайдалану тәсілі, өсіру уақыты, температуралық ылғалдылық режимі);

      уытты ұсақтау және уыт сүтін дайындау;

      ферменттерді пайдалану (атауы, өндіруші ел);

      спирт өндірісінің қалдықтарын сату (көмір қышқылы, бард, эфиральдегидті фракция, тазартылмаған май);

      3) арақ, ерекше арақ ликер-арақ өнімдері өндірісі кезінде:

      суды жұмсарту тәсiлдерi;

      су-спирт қоспасын әзірлеу (пайдаланылатын әзiрлеу және араластыру тәсiлi);

      қысымдағы сыйымдылыққа сұрыптауды айдау;

      сұрыптауды көмiрлi-тазалаушы батереяда өңдеу жылдамдығы мен режимi (арақ үшiн);

      су-спирт қоспасының пайдаланылатын сүзгiсi (ликер-арақ өнiмдерi үшiн);

      су-спирт қоспасы талап етiлетін кондицияға (ингредиенттердi енгiзу) және күштiлiкке жеткiзу;

      су-спирт қоспасын өңдеудiң жаңа тәсiлдерiн пайдалану (тазалау, жылтырлату және т.б.);

      құю (құю желiсiнiң саны мен өнiмділiгi, оның бақылаушы есепке алу приборларымен жарақтандырылуы (газдалған алкоголь өнімдерінен басқа);

      4) шарап өнімін өндіруде:

      қайта өңделетiн шикiзат (жүзiмнiң, жемiс-жидектiң пайдаланылатын сорттары);

      шикiзаттың тасымалдануы (пайдаланылатын ыдыс, арнаулы көлiк және т.б.);

      шикiзаттың қабылдануы және өлшенуi;

      шикiзаттың қайта өңделуi (шикiзатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикiзатты сұрыптау және т.б.);

      жүзiм шырынын фракциясы бойынша iрiктеу;

      жүзім шырынын мөлдірлеу тәсілдері (салқындату, сульфаттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттік препараттарды пайдалану);

      ашытқының таза дақылдарының дайындалуы;

      ашыту тәсілдері (температура, сыйымдылықтың қорғағыш жамылтқысы және т.б.);

      спирттеу тәсілдері;

      тұнбадан алу;

      шарап материалдарының өңделуі (өңдеу сызбасы, сыйымдылықтың қорғағыш жамылтқышы);

      екінші қайтара ашытудың енгізілуі;

      шарап материалының сақталуы (сақтау шарттары мен режимі, сыйымдылықтың қорғағыш жамылтқышы);

      шарап материалының тасымалдануы (пайдаланылатын көліктің түрі, оның қорғағыш жамылтқышының болуы және т.б.);

      шарап материалының коньяк спиртіне айдалуы (пайдаланылатын қондырғы, айдау жылдамдығы, спирттің мөлдірлігіне, температурасына, күштілігіне, органолептикалық сапасына бақылау);

      коньяк спиртінің бабына келтірілуі (пайдаланылатын резервуардың түрі, партияның эгализациясы, бабына келтіру режимі, емен бөшкені пайдалану, таған немесе жоққа, үй-жай ауасының температурасы мен ылғалдылығын күнделікті тіркеу, коньяк спиртін бақылау, мүкәммалдау жөніндегі арнайы журналды жүргізу);

      коньяк спиртін тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі және оның қорғағыш жамылтқысының болуы);

      5) сыра өндіруде:

      ашытқыны жаншудың қолданылатын тәсiлi мен режимi;

      құлмақ мiндетiнiң сызбасы;

      мөлдiрлеу және суыту тәсiлi;

      сыра ашытқысын қайнатудың температуралық параметрлерi;

      сыра ашытқысын қайнату процесiн автоматты түрде реттеу;

      ферменттiк препараттарды пайдалану;

      тұқымдық ашытқылардың түрлерi және оларды сақтау шарттары;

      басты ашыту мен ашытуға дейiнгi температуралық режимдер мен күндер саны;

      температуралық режимдердi бақылаудың қабылданған сызбасы;

      сүзгiлеу тәсiлi мен сапаға бақылау жасау;

      форфастағы сүзгiленген сыраны сақтаудың температуралық режимi;

      сыраны пастеризациялау және оны сақтау мерзiмдерi;

      көмiрқышқыл газын және басқаларды жеткiзудiң және сақтаудың пайдаланылатын тәсiлi.

      5. Этил спиртін өндіруді жүзеге асыру үшін ұйымда орнатылған жабдық туралы мәліметтер тізбесі мыналарды:

      1) Шикізатты қабылдау және өңдеу кезінде: платформалық таразылардың, сүрлемнің, меласса жинағыштың, ауа-елеуіш сепараторлардың, магниттік сепаратордың, тас бөлгіштің, норийдің, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесінің атауын, типін, маркасын (өнімділігі, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, жергілікті жылыту (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы);

      2) қайнату бөлімінде: ұсатқыштың, әбден пісіру агрегатының, қанттағыштың, ферменттерді өсіру және дайындау, түйіспелі бастың, уыт стерилизаторының (мелассаны қайта өңдеу кезінде), қантталған суслоны суытуға арналған жылу алмастырғыштың атауын, типін, маркасын (өнімділігі, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      3) ашыту бөлімінде: ашыту сыйымдылықтарының, беріліс резервуарының, ашытқыштың немесе ашытқы генераторының (мелассаны қайта өңдеу кезінде), спирт ұстағыштың, насостың, кіру-сору ауа желдеткішінің атауын, типін, маркасын (өнімділігі, саны, сыйымдылығы, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, суыту қондырғысы);

      4) ашытқы тазалау не ашытқы (мелассаны өндіру кезінде) бөлімінде: ашыту колоннасының, эпюрация колонасының, тазалағыш колонасының, расиропниктің, (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бардоотводчиктің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфиральдегидті үдету колонасы, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышы, қарау фонары, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, спирт өлшеуіш аппараттардың, насостардың, атауын, типін, маркасын (өнімділігі саны, өндіруші зауыт, диаметрі (мм), тарелкалар типі, жылу алмастырғыштың беті (м 2 ), шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      5) араластыру бөлімінде, негізгі және қосымша спирт қабылдаушының, 1-сыныпты стационар техникалық спирт өлшеуіштің, коммуникациядан құйылған спиртті жинағыштың, спиртті, ЭАФ-ты қотару үшін өзі соратын құйынды насостың, спирт булары көрсеткішінің, тыныс алу клапанының, газ коммуникациялары үшін оттан қорғағыштың, желдеткіштің, атауын, типін, маркасын (өнімділігі саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, жермен (өлшеуіш күні) қосқыш) құрайды.

      6. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ бұйымдарын өндіруді жүзеге асыру үшін ұйымда орнатылған жабдық туралы мәліметтер тізбесі мыналарды:

      1) өнiмдi дайындау цехында: сұрыптау, купаждау, қысымдау сыйымдылығының, жетiлдiру шарасының, колереварканың, iрi және мұқият тазалайтын құмсүзгінiң, көмiрлi бағанның, ротаметрдiң, сүзгi-престiң, аламбиктiң, насостың атауын, типін, маркасын (саны, өнімділігі, өндiрушi зауыт, сыйымдылық (дал), диаметр, биiктiк (мм), өлшенген жылы);

      2) құю цехында: шөлмек жуғыш машина типін, марка жаңа шыны шөлмектердi шаю қондырғысын, бөліктеп құю автоматын, тығындау автоматын, шөлмектер бракеражын, этикеттеу автоматын, акциз маркілерін желімдеу автоматын, акциздік маркаларды қорғау үшiн термоқондырғысын, ыдыстан шөлмектi алу автоматын, шөлмектi ыдысқа салу автоматын, полимерлік пленкамен шөлмектердi бандеролдау қондырғысын, (өнiмдiлiгi, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берiлген жылы) өндiрiс көлемдерiн есепке алу бақылаушы приборларын (атауы, саны, абонент, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен оттискi) құрайды.

      7. Шарап өнімдерін өндіруді жүзеге асыру үшін ұйымда орнатылған жабдық туралы мәліметтер тізбесі мыналарды:

      1) шикiзатты өңдегенде: таразылардың, бункерлердің, насостардың, ағу науаларының, престің, транспортерлердің атауын, типiн, маркасын, (өнiмдiлiгi, саны, өндiрушi зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берiлген жылы);

      2) тұндыру және ашыту бөлiмiнде: тұндыру сыйымдылығының, қорғаушы жамылғысы бар ашытқыларды ашыту сыйымдылықтарының, сульфадозаторлардың, насостың атауын, типін, маркасын (өнімділігі, сыйымдылығы, саны, өндіруші зауыты, эксплуатацияға енгізiлу жылы, өлшенген жылы, шпунттардың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);

      3) шарап сақтау қоймасы бойынша: қорғағыш жамылғысы бар шарап материалын, шарапты ж/е коньякты, пастеризаторды, насосты, фильтр-престі сақтау үшін қажет сыйымдылықтардың атауын, типiн, маркасын (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, типi, маркасы, бетi (шаршы метр), өндiрушi зауыт, өлшенген жылы, шпунттардың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);

      4) шарап сақтау қоймасында өнiмдердi сақтаудың талап етілетін режимін сақтауды қамтамасыз ететін қондырғылар мен приборлардың атауын;

      5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөлiктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, этикеттеу автоматының, акциз маркiлерiн желiмдеу автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, акциз маркаларын қорғайтын термоқондырғының типін, маркасын (өнімділігі, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берiлген жылы), өндiрiс көлемдерiн есепке алатын бақылаушы приборларды (атауы, саны, абонент N, үздiксіз қоректендiру көзi, жұмыс режимі, журналды жүргізу, қойылған пломбалардың саны мен оттискi);

      6) шарап материалын коньяк спиртiне айдағанда: қолданылатын қондырғы мен жабдықтың атауы, олардың типін, маркасын, санын, өнімділігін, өндіруші зауытты, шығарылған және енгізілген жылын құрайды.

      8. Сыра өндірісін жүзеге асыру үшiн ұйымда орнатылған жабдық туралы мәлiметтер тiзбесi мыналарды:

      1) қайнату бөлiмiнде: ұсатқыштың, сүзiндi кеспектің (қайнатылған), сүзгi кеспектiң, жүзiм шырыны қайнатылатын қазандықтың, жылу алмастырғыштың, гидроциклонның, құлмақ сүзгінің жылтырлату машинасының, ұсатылған сыйымдылығының атауын, типiн, маркасын (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, өндiрушi зауыт, шығарылған, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы);

      2) ашыту бөлiмiнде: басты ашыту сыйымдылығының, ақырына дейiн ашытатын танкі, танктердiң шпунт аппараттарымен қамтамасыз етілуінің, сүзгіленген сыра жинағыштың, сүзгінің, жүзім шырынын қабылдағыш өлшемді ыдыстың, жылу алмастырғыштың, насостың атауын, типін, маркасын (сыйымдылығы, өнiмділiгi, саны, өндiрушi зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізiлген және өлшенген жылы);

      3) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектi шаю қондырғысының, бөлiктеп құятын автоматтың, тығындайтын автоматтың, шөлмек бракеражының, этикеттеу автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, ыдысқа шөлмектi орналастыру автоматының, шөлмектердi полимерлiк пленкамен орап қаптау қондырғысы, кег-бөшкелердi толтыру қондырғысының, кег-бөшкелердi жуу қондырғысының типiн, маркасын (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, өндiрушi зауыт, шығарылған, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы) құрайды.

4. Спирт қоймасы (ашық не жабық типтегі)

      9. Спирт қоймасының сипаттамасында спирт қабылдау бөлімшелері және спирт қоймасы туралы мәліметтер көрінеді.

      10. Спирт қабылдау бөлiмшесi туралы мәлiметтерде мыналар болуы керек:

      1) техникалық спирт үшін 1 сыныпты стационарлық сыйымдылығы (типі, маркасы, сыйымдылығы, саны, өндiрушi зауыт, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы);

      2) өлшеуiште салыстырылып тексерiлген 2 термометр;

      3) спирттi айдау үшiн өзi соратын құйынды насос (типi, маркасы, сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, өндіруші зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлу жылы, меншік құқығын растайтын құжаттар);

      4) механикалық ауа тазартуды қамтамасыз ететiн ауа тазартқыш;

      5) сегіз еселiк ауа тазартуды қамтамасыз ететiн ауа тазартқыш;

      6) жермен байланыстыру (өлшеу күні);

      7) бөлімшені сақтау қоймасының бөлетін қоршаулар;

      8) өрт сөндіру құралдары.

      11. Спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтерде мыналар болуы керек:

      1) спирт сақтау резервуарларында (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);

      2) резервуарларға қызмет көрсету алаңшалары;

      3) резервуарлардағы спиртті өлшеу қондырғылары мен құжаттары;

      4) резервуарлардағы спирттің шектік деңгейін автоматты сигналдау құралдары;

      5) резервуарларды суландыру;

      6) спирт буларының көрсеткіші;

      7) газ коммуникацияларындағы тыныс алу клапаны мен оттан қорғағыш;

      8) механикалық ауа тазартуды қамтамасыз ететін ауа тазартқыш;

      9) 8-еселiк ауа тазартуды қамтамасыз ететін ауа тазартқыш;

      10) жермен байланыстыру (өлшеу күні);

      11) найзағайдан қорғағыш;

      12) резервтiк (эвакуациялық) шығу;

      13) қарсы еңiс;

      14) төгiлген спирттi жинап алушы түтiк;

      15) оңай лақтырылатын жамылғы;

      16) өрт сөндiру құралдары;

      17) өрт-күзет сигнализациясы;

      18) алаңды тегiстеу және асфальттау (тек жабық тип үшiн);

      19) едендi темiрлеу.

5. Этил спирті мен алкоголь өндiрiсiн
техникалы-химиялық бақылау

      12. Өндiрiстi техникалы-химиялық бақылау сипаттамасында өндiрiстік зертхана туралы мәлiметтер, жүргiзiлетiн талдамалар тiзбесi және мына нормативтiк құжаттар мен техникалық құжаттама болуы керек:

      1) өндiрiстiк зертхананың аттестациялық куәлiгi (нөмiрi, мерзiмi, оны берген орган, күшінiң мерзiмi);

      2) аттестациялық куәлiкке қоса берiлiп отырған нысанға сәйкес аналитикалық бақылауға жататын дайын өнім мен шикізаттың номенклатурасы;

      3) бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бар болуы және атауы;

      4) жүргізілетін талдаулар тізбесі:

      этил спиртін өндіру кезінде - шикiзатқа (дәнді дақылдар мен патоктарға), ашытқыға, ашыған сүтке, жүзім шырынына, ашытқыларға, спиртке, бардаларға, эфироалдегидті фракциясына, тазартылмаған майға, қосымша материалдарға, суға;

      арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерін өндіруде - суға, су спирт қоспаларына, ингредиенттер мен басқа қосымша материалдар активтенген көмірге, хош иісті спиртке, дайын өнімдерге, жарамсыз ақауға;

      шарап өнімдерін өндіруде - шикізатқа, жүзім шырынына, ашытқыларға, шарап материалдарына, шарап және коньякқа, қосымша материалға, өндіріс қалдықтарына, суға, спиртке, дайын өнімдерге;

      сыра өндіру кезінде - шикізатқа, ашытқыға және ашытылмаған материалдарға, құлмақ, құлмақ өнімдері, жүзім шырынына, ашытқыларға, қосымша материалдарға, суға, дайын өнімдерге;

      5) нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы керек.

6. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі
кезіндегі негізгі шикізат пен көмекші
материалдардың шығысы туралы мәліметтер

      13. Этил спирті өндірісі кезіндегі негізгі шикізат пен көмекші материалдардың шығысы туралы мәліметтер:

      1) өңделетін шикізаттың шартты крахмалының тоннасынан алынатын спирт шығымы (дал/тонна), мына дақылдар бойынша:

      жүгері;

      бидай;

      тары;

      қара бидай;

      арпа;

      сұлы;

      2) мелассаны өңдеу кезіндегі спирт шығымы (шартты крахмалдан дал/тонна);

      3) мына дақыл түрлері бойынша ашытқыны әзірлеуге астықтың жұмсалуы (ашытқының шартты крахмалын қоса алғанда, шикізаттың өңделетін шартты крахмалының массасына %-пен):

      бидай;

      сұлы;

      қонақ жүгері;

      күріш;

      4) ашытқыны толық ауыстырғанда ферменттік препараттардың жұмсалуы, мына түрлер бойынша (литр/1000 дал спирт): амилосубтилин, глюковамарин, сансупер, термомил және тағы басқалар;

      5) көмірқышқылының шығымы (кг/1000 дал спирт);

      6) бардтың шығымы (литр/1000 дал спирт);

      7) эфиральдегидті фракцияның шығымы (дал/1000 дал спирт);

      8) тазартылмаған майдың шығымы (дал/1000 дал спирт);

      9) күкірт қышқылының жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      10) ортофосфор қышқылының жұмсалуы 70% (кг/1000 дал спирт);

      11) диаммоний фосфатының жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      12) карбамидтің жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      13) формалиннің жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      14) хлорлы известің жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      15) каустикалық соданың жұмсалуы (кг/1000 дал спирт);

      16) өткен жылғы жылу энергиясының жұмсалуы (гкал/1000 дал спирт);

      17) өткен жылғы электр энергиясының жұмсалуы (квт-сағ/1000 дал спирт);

      18) өткен жылғы судың жұмсалуы (мың куб метр/1000 дал спирт).

      14. Арақ, ерекше арақ және ликер-арақ өнімдері өндірісі кезіндегі негiзгi шикiзаттардың, көмекші материалдардың шығыс туралы мәлiметтер:

      1) арақ өндiрiсiндегi спирт шығысы (дал б.с./мың дал);

      2) көлемi, деңгейi бойынша құйылатын iшкi рынокқа өндiрiлетiн арақтарды, ерекше арақтарды және ликер-арақ бұйымдарын өндiру кезiндегi спирттiң жоғалуы (дайын өнiмдегi спирт көлемiмен салыстырғанда %-пен);

      3) Аромат спирттердi өндiру кезiндегi спирттiң жоғалуы (құюға алған спирт көлемiмен салыстырғанда %-пен);

      4) жарамсыз ақауды буландыру кезiндегi спирттiң жоғалуы (ашытқы құрамындағы спирт көлемiмен салыстырғанда %-пен);

      5) құю цехтары мен дайын бұйымдар қоймаларындағы өнiмнiң жоғалуы (дайын өнiмдегi сусыз спирттi алғанда %-пен);

      6) шыны шөлмектердiң (сынуы) шығыны (қабылданған және босатылған шөлмектер санын қосып, екiге бөлгендегi санға %-пен);

      7) тасымалдау кезiнде өнiмнiң жоғалуы (жөнелтiлген санға %-пен);

      8) жапсырмалардың, кольереткалардың және қарсы жапсырмалардың және қақпақтардың жоғалуы (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына %-пен);

      9) жылу энергиясының шығысы (орташажылдық Гкал/өнiмнiң мың дал);

      10) электр энергиясының шығысы (орташажылдық Квт-сағ/өнімнің мың дал);

      11) Судың шығысы (орташажылдық мың куб м/өнімнің мың дал).

      15. Шарап жасау өнімдері өндірісі кезіндегі негiзгi шикiзаттардың, көмекші материалдардың шығыс туралы мәлiметтер:

      1) шикізатты қайта өңдеу (массамен салыстырғанда %-пен):

      жүзiмдi жүзiм ашытқысына;

      қалқымаларды жүзiм ашытқысына;

      кәдеге асатын материалдарды;

      2) шарап материалдарындағы спирттiң (спирттiктiң азаюы) шығындары (көлемімен салыстырғанда %-пен):

      купаж бен құюды қоса алғанда, күшейтілген шарап материалдарын технологиялық өңдеу кезінде (жылумен өңдеусіз);

      купаж бен құюды қоса алғанда, ашытылған-спирттелген шырындардан дайындалған жемiс-жидек шарап материалдарында;

      шарап, материалдарын бір жыл сақтағанда;

      3) Технологиялық өңдеу кезiнде шарап материалдарының шығындары (осы операцияға түскен шарап материалының санымен (көлемiмен) салыстырғанда %-пен):

      қайта құю (қайта айдау) кезiнде;

      араластыру кезiнде: купаж кезiнде, эгализация кезiнде, спирттеу кезiнде; желiмдеу кезiнде;

      сүзгiлеу кезiнде: шараптың сүзгi картонға сiңуi; шараптың сүзгi мақтаға сiңуi; шараптың диатомитке сiңуi;

      жылумен өңдеу кезiнде (жылумен не суықпен): ағында бабына келтiрмей; ағында одан ары 10 тәулiкке дейiн бабына келтiрiп;

      4) шараптың құю кезiнде жоғалуы осы операцияға түскен шарап материалының санымен (көлемiмен) салыстырғанда %-пен:

      ыстық күйiнде құю;

      шөлмекте пастеризациялау;

      әрлеу ж/е дайын өнімдер қоймасына тапсыру;

      дайын өнiмдер қоймасында сақтау;

      5) мына аппараттарда шарап материалдарын айдау арқылы коньяк спиртін алу кезінде спирттің жоғалуының нормативтері (шарап материалдарындағы сусыз спирт санымен салыстырғанда %-пен):

      мерзiмдi әсер ететiн (бiр рет айдау);

      үздiксiз әсер ететiн;

      6) шыны шөлмектердің (сынуы) шығыны (қабылданған және босатылған шөлмектер санын қосып, екіге бөлгендегі санға %-пен):

      сақтау кезiнде;

      ыдыс цехтарында өңдеу кезiнде;

      өте кірленген шөлмектерді алдын-ала жуу кезінде;

      ішкі қоймада тасығанда, сақтағанда және автомашинаға тиегенде;

      7) шыны шөлмектердің (сынуы) шығыны (өндіріске түскен санына %-пен):

      шөлмектер:

      жуғанда;

      құйғанда;

      тығындағанда;

      безендіргенде;

      жәшiктерге салғанда және дайын өнiмдер қоймасына тапсырғанда;

      8) тасымалдау кезiндегi жоғалу (жөнелтілген санға %-пен);

      9) жапсырмалардың, кольереткалар мен қарсы жапсырмалардың және қақпақтардың жоғалуы (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына %-пен);

      10) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық Гкал/өнiмнiң мың дал);

      11) электр энергиясының шығысы (орташажылдық Квт-сағ/өнiмнiң мың дал);

      12) судың шығысы (орташажылдық мың куб м/өнiмнiң мың дал).

      16. Сыра өндірісі кезіндегі негiзгi шикiзаттардың, көмекші материалдардың шығыс туралы мәлiметтер:

      сыра өндiруге қажетті шикізаттың шығысы (кг/1000 дал):

      ашытқы;

      ашытылмаған материалдар;

      қант шикiзаты;

      2) ұнтағышта экстракттың жоғалуы (%);

      3) сыраны құю кезiнде шөлмектердiң жойылуы (сынуы) (%);

      4) ашытқыны суыту кезінде жойылуы (%);

      5) ашу кезінде жойылуы (%);

      6) ашыту кезінде жойылуы (%);

      7) колировка кезінде ашытқыштың жойылуы (%);

      8) ыдыссыз тасымалдау кезiнде сыраның жойылуы (цистерналарға құйылуын, тасымалдануын және сауда жүйесiне тапсырылуын есептей отырып (%));

      9) өнiмнiң құю цехтары мен дайын өнiмдер қоймасында жойылуы (%);

      10) сыраны пастеризаторларда пастеризациялау кезiнде шөлмектердiң сынуы (%);

      11) жылу энергиясының шығысы (орташажылдық Гкал/1000 дал сыра);

      12) электр энергиясының шығысы (орташажылдық Квт-сағ/мың дал сыра);

      13) судың шығысы (орташажылдық мың куб м/мың дал сыра).

7. Қойма үй-жайлары туралы мәліметтер

      17. Этил спирті өндірісі кезіндегі қойма үй-жайлары туралы мәліметтер:

      астықты, мелассаны, көмірқышқылын, ферменттерді, көмекші материалдары сақтау қоймалары (саны, ауданы ш.м.), бір мезгілде сақтау сыйымдылықтары (тонна, баллон), талап етілетін режимді қамтамасыз ететін қондырғылардың атауы).

      18. Арақ, ерекше арақ, ликер-арақ өнімдерін және шарап жасау өнімдерін өндіру кезіндегі қойма үй-жайлары туралы мәліметтер:

      1) ашық және жабық типтегi ыдысты қабылдау және сақтау қоймасы (бiр мезгiлде сақталынатын сыйымдылық (дал, тн) ауданы (ш.м.) бөлменi жылытатын қондырғылардың атауы мен саны);

      2) дайын өнiмдi сақтау қоймасы (бiр мезгiлде сақталынатын сыйымдылық (мың шөлмекпен) ауданы (ш.м.) бөлмені жылытатын қондырғылардың атауы мен саны, сондай-ақ сақталуды бақылайтын аспаптар);

      3) көмекші материалдарды сақтау қоймасы (сақталынатын материалдардың саны, ауданы (шаршы метр), атауы.

8. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін
метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер

      19. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің құрамында мыналар көрсетіледі:

      1) атауын, типiн, маркасын, метрологиялық сипаттамасын, тексеру саны мен мерзімділiгiн көрсетумен салыстырып тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзбесiнің бар болуы;

      2) метрологиялық қызмет көрсету туралы шарт (нөмірі, күні, оны жүзеге асыратын орган);

      3) өлшеуіш құралдарының салыстырып тексерілуін жүзеге асыру үшін жауапты тұлға (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, бұйрықтың күні мен нөмірі).

9. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін
инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер

      20. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің құрамында мыналар көрсетіледі:

      1) желдеткіш қондырғы және ауамен қамтамасыз ету, онда желдеткіштердің, сығылған ауаны өндіретін компрессорлық қондырғының, су жылытқыштың, ауа жылытқыштың атауы, типі, маркасы, өнімділігі, саны көрсетіледі;

      2) сумен жабдықтау және кәріз, онда мыналар көрсетіледі:

      сумен жабдықтау көзінің (орталықтандырылған, артезиандық құдық) бар болуы;

      тереңдік насосының типі, маркасы, өнімділігі, саны;

      өткен жылы технологиялық қажеттерге, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдаланылған судың көлемі (текше метр);

      резервтегі суды сақтау үшін бассейннің бар болуы (саны, бір мезгілде сақтау көлемі (текше метр);

      өткен жылы қалалық тазалау құрылғыларына не өзінің сүзгілеу сыйымдылықтарына ағызылатын құйынды сулардың көлемі (текше метр);

      3) электрмен жабдықтау, онда мыналар болуы керек:

      жабдықтау көзінің бар болуы (орталықтандырылған, дербес);

      трансформатордың, типі, маркасы, саны, қуаты, өткен жылы тұтынылған электр энергиясы (мың квт/сағ);

      4) Жылумен жабдықтау, онда мыналар көрсетіледі:

      жабдықтау көзінің бар болуы (орталықтандырылған не дербес);

      орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отынның түрі), су жылыту қазандықтарының, ыстықты өндіретін компрессорлық қондырғылардың атауы, типі, маркасы, өнімділігі, саны;

      өткен жылы тұтынылған (өндірілген) жылу энергиясының саны;

      Су дайындығы, онда мыналар болуы керек:

      пайдаланылатын қондырғылардың, сүзгілердің атауы, типі, маркасы, өнімділігі, саны;

      жұмсартылған суды жинағыштың саны мен сыйымдылығы (текше метр).

10. Санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      21. Санитарлық-тұрмыстық шарттар туралы мәліметтерде арнаулы киімнің, ашық типті не жабық типті гардеробтардағы орындардың, душтардың, дәретханалардың (көшедегі, үй-жайдағы), әйелдердің жеке тазалық бөлмелерінің, ыстық және суық су араластырғышы бар қол жуу раковиналарының саны көрсетіледі.

      22. Жабдықтар мен үй-жайларды санитарлық өңдеу туралы мәліметтерде тиісті нұсқаулықтар, жабдықтарды, үй-жайларды өңдеу кестелері, оларды өткізу мерзімділігі көрсетілуі керек.

11. Қоршаған ортаны қорғау

      23. Қоршаған ортаны қорғау шараларының мәліметтерінде зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына, құйынды сулардың ағызылуына және өндіріс қалдықтарының (шынының сынуы, түсті және қара металдардың сынықтары және т.б.) кәдеге асырылуына келісімін берген уәкілетті орган құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады