"Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 541 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3984. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 889 қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы (2005 жылдың 5 қаңтары N 1 енгізілген толықтырулар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі м.а. бұйрығының N1, 11 тармағында, 2005 жылғы "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқада мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3267 тіркелген) N 815  бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесінде:
      8-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      "8. Амбулаторлық емдеу барысында дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету өкілетті орган бекіткен ауру түрлері мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі бойынша рецептермен дәрілік заттарды көтерме сауда объектілері арқылы сату жүзеге асырылады (бұдан әрі - амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету). Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттармен қамтамасыз ету есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттар айналымына байланысты қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады".

      мынандай тараумен толықтырылсын:
      "3-1. Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу тәртібі

      9-1. Жергілікті органдары фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын (бұдан былай - Қызметтерді көрсетуші) заңды немесе жеке тұлғалардан амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      9-2. Жергілікті органдар амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудегі келісім шарт жасау үшін мынандай ақпаратты:
      1) халықаралық патенттелмеген атауларымен тегін босатылатын дәрілік заттардың тізбесі мен көлемі;
      2) халықаралық патенттелмеген атауымен орынын толтыру коэффициенті көрсетілген жеңілдік жағдайында босатылатын дәрілік заттардың тізбесі мен көлемі;
      3) амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылуы қажет елді мекендердің тізбесі;
      4) осы ереженің 9-4 тармағында көрсетілген әлеуетті қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар;
      5) осы ереженің 9-5 тармағында көрсетілген босатылатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар;
      6) осы ереженің 2 қосымшасына сәйкес амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге қызметтерді көрсетушілермен келісім шарттың типтік түрі;
      7) келісім шартты жасау орны мен мерзімі көрсетілген құжаттарды әзірлейді және бекітеді.

      9-3. Жергілікті органдар алдағы болатын амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алуын потенциалды жеткізушілерге келісім шарт жасауға дейін 20 күннен кем емес арнайы периодтық басылымдарында хабарлайды және (немесе) уәкілетті орган WЕВ-сайтына орналастырылады.
      Мынандай ақпаратты:
      1) сатып алынатын қызметтердің аты;
      2) қызметтерді көрсету мерзімі;
      3) келісім шарт жасау үшін құжаттардың алу орны мен тәсілі;
      4) мәліметті құжаттардың ақырғы өткізу мерзімі орналастырылуы қажет.

      9-4. Жергілікті органдар амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алуын потенциалды қызметтерді көрсетушіге мынандай талаптар белгіленеді:
      1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығының бары;
      2) фармацевтикалық нарықтағы жұмыс тәжірибесі бары, бір жылдан кем болмауы (заңды тұлғаны қайта тіркеуге дейінгі тәжірибесін қоса);
      3) келісім шарт бойынша міндеттерін орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының бары, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есептеу жүйесін енгізу үшін білікті қызметкерлерінің, компьютерлік техникасының және телекоммуникациялық байланыс құралдарының болуы;
      4) келісім шарт жасау үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігіне иелігі;
      5) төлем жасауға қабілетті болуы, Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес таратуға жатпауы, мүлкі тұтқындалмауы, қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс;
      6) заңды күшіндегі сот шешімі негізінде қызмет көрсетушілердің келісім шарттағы амбулаториялық дәрі дәрмекпен қамтамасыз етудегі соңғы екі жыл ағымындағы міндетті байламдағы атқарылмаған немесе тиесінше атқарылған жауапкершілікке сотқа тартылмағандығы.

      9-5. Босатылатын дәрілік заттар мынандай талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға дайын болуы;
      2) дәрілік затты қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықта ресми тіркелген жағымсыз әсерлер жағдайларының сипатталмағаны болмауы;
      3) бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы;
      4) нақтылы өндірістік тәжірибе жағдайында өндірілген болуы, өндіруші елдегі клиникалық зерттеулер немесе генериктер үшін биоэквиваленттігіне зерттеулер туралы дәлелді деректер болуы (бұл талап тендерді ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді);
      5) төмен температураларда сақтауды және қатырудан қорғауды талап ететін дәрілік заттар тиелген пунктінен сатылатын нысанына дейін сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы.

      9-6. Әлеуетті қызмет көрсетушілер амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы келісім шарттарды жасау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің барлық көлеміне коэффициенттік орнын толтыру, жалпы сомасының орнын толтыру есебінен тапсырыс беруші анықтаған сауда атауы және әрбір дәрілік заттың босатылатын бағасы мен орнын толтыру сомасы көрсетілген амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсету тапсырысы;
      2) мамандығы бойынша біліктілігі, жұмыс өтілі көрсетілген мамандар саны туралы мәліметтер;
      3) амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған есепке алу жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техниканың және телекоммуникациялық байланыс құралдарының барлығы туралы мәліметтер;
      4) сату объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензиясының нотариалдық расталған көшірмесі;
      5) сату объектілеріне қосымшаларымен есірткілік дәрілердің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясының нотариалдық расталған көшірмесі;
      6) осы ереженің 9-5 тармағында көрсетілген талаптарға дәрілік заттың сәйкестігін дәлелдейтін құжаттар.

      9-7. Келісім шарт жасауға жіберілетін қызмет көрсетушілердің тапсырыстарын қарау және таңдау үшін жергілікті органдар арнайы комиссия құрады, конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санын құрап және бес адамнан кем болмауы керек.

      9-8. Қызмет көрсетушілерге таңдауға қойылатын өлшемі:
      1) осы ереженің 9-4 тармағында баяндағандай талаптарға сәйкестігі;
      2) жергілікті органдар анықтаған елді мекендерде амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін жергілікті органдардың ең төменгі орнын толтыру сомасы болып табылады.

      9-9. Заңды күшіндегі сот шешімі негізінде қызмет көрсетушілердің келісім шарттағы амбулаториялық дәрі дәрмекпен қамтамасыз етудегі соңғы екі жыл ағымындағы міндетті байламдағы атқарылмаған немесе тиестінше атқарылған жауапкершілікке сотқа тартылған потенциалды жеткізушілердің және талаптарға жалған ақпарат ұсынған потенциалды жеткізушілердің хабарламасы арнайы периодтық басылымдарда және де уәкілетті орган WЕВ-сайтына орналастыру үшін уәкілетті органға жіберіледі.

      9-10. Жергілікті органдар комиссия жұмысының нәтижесінен қызметтерді көрсетушілермен келісім шартқа тұрады. Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті босатылатын дәрілік заттардың тізбесі бөлшектеп сатудағы объектілердің мекен жайы көрсетілген жергілікті органдар жергілікті периодтық баспа басылымдарында және де көрнекті ақпарат орналастырады.

      9-11. Жеткізіп беруші қызметтерді көрсетуден немесе қызметтерді тиісті үлгіде көрсетуден бас тартқан жағдайда, жергілікті органдар осы ережеде белгіленген тәртіппен келісім шартты бұзуға және басқа жеткізіп берушімен келісім шарт жасауға құқы бар.

      9-12. Қаржыландыру жоспарындағы бюджет бағдарламалары (ішіндегі бағдарламалары) міндеттемелер және администратор төлемділері қаражатта шектелген ұсынылған рецептілер тізбесі сәйкестік негізі атқарылған жұмыс актілерге сәйкес жергілікті органдар ай сайын нақты көрсетілген қызметтеріне Қызметтерді көрсетушілердің шығындарын өтейді.

      9-13. Нақты көрсетілген қызмет көлеміндегі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі келісім шарттағы сомасына өзгерістер енгізілуі мүмкін."

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ережедегі 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Фармация комитеті (Л.Ю.Пак) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В. Акрачкова) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.Амангелдиевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетке енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2005 жылғы 30 қарашадағы    
N 541 бұйрығына қосымша     

Тегін медициналық көмектің   
кепілденген көлемін көрсету  
Ережелеріне 2 қосымша     

Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге
Типтік келісім-шарт

__________________                           ____ ж. "__"__________
(Орналасқан жері)

Бір жағынан ___________________________________________ Әкімиятінің
___________________________________________________ тұлғаның атынан
   (Өкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________ негізінде әрекет ететін
"Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 17 қарашадағы (2005 жылдың 5 қаңтары N 1 енгізілген
толықтырулар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі м.а.
бұйрығының N 1, 11 тармағында, 2005 жылғы "Қазақстан Республикасы
орталық атқару және басқада мемлекеттік органдарының нормативтік
құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде N
3267 тіркелген) N 815 бұйрығына, Әкімдік қаулысымен бекітілген
Департамент (Басқармалар) дәрежелері негізінде бұдан әрі Тапсырыс
беруші деп аталатын _______________________________________________
                           (бюджеттік бағдарлама Әкімгерінің толық атауы)
және екінші жағынан _______________________________________________
                (меншік түріне қарамастан Жеткізіп берушінің толық атауы)

____________________________ бұдан әрі Жеткізіп беруші деп аталатын
___________________________________________________ тұлғаның атынан
  (өкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________ негізінде әрекет ететін
          (Жарғы, Ереже және т.б.)

төмендегі мыналар туралы осы Келісім-шартты жасадық (бұдан әрі - Келісім шарт):

Келісім шарт мәні

      1. Жеткізіп беруші Келісім шартқа 1 қосымшада көрсетілген елді мекендерді амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
      2. Тапсырыс беруші осы Келісім шартқа 2 қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша жеткізіп беруші шығындарының орнын толтыруды жүзеге асырады.

Есеп айырысу тәртібі

      3. Келісім шарт сомасы ___ жылға ___теңге құрайды.
      4. Тапсырыс беруші бюджеттік бағдарламалар әкімгерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарында (қосымша бағдарламада) көрсетілген қаржы аумағында, жеткізіп беруші көрсеткен нақтылы қызметтер шығындарының орнын толтырады.
      5. Ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес шығындардың орнын толтыру ай сайын жүзеге асырылады.
      6. Жеткізіп берушіге Келісім шарт жалпы сомасының 30% көлемінде аванс беруге жол беріледі.
      7. Келісім шарт сомасы амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы көрсетілген қызметтер көлемін есепке алумен түзетуге жатады.

Тараптардың құқы және міндеттері

      8. Жеткізіп берушінің міндеті:
      амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді барлық елді мекендерде және Тапсырыс берушінің белгілеген тізбесі бойынша көрсету;
      амбулаторлық емдеу барысында, дәрілік заттар мен арнайы және балалар тағамы өнімдері, тегін және жеңілдікпен, дәрілік заттар бағасының босатылу құны мен сомасының орнын толтырумен жіберілетін ауру түрлері мен азаматтардың жекелеген санатының тізімі туралы азаматтарға көрнекі ақпарат беру;
      амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі деректер базасына деректерді енгізу;
      тапсырыс берушіге осы бұйрықтың үшінші қосымшасына сәйкес түрде дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецептілер тізілімінің электрондық және қағаздағы нұсқасын ай сайын беріп отыру;
      Тапсырыс берушіге осы Келісім шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық керекті құжаттарды беріп отыру.
      9. Тапсырыс берушінің міндеті:
      Жеткізіп берушінің амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсеткен қызметтері шығындарының орнын толтыруды тиісті мерзімінде орындау;
      Жеткізіп берушіні, рецептерді тегін және жеңілдікпен жазып беруді жүзеге асыратын емдеу-алдын алу ұйымдары мен дәрігерлер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін ұсыну мәселелері жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру шараларын өткізу.

Тараптардың жауапкершілігі

      10. Жеткізіп берушінің жауапкершілігі:
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөнінде тұрғындарға қызметтер көрсету барысында жіберілген кемшілік жағдайлары (Тапсырыс беруші анықтаған дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, талапқа сай емес сапасыз препараттарды босату):
      дәрілік заттарды сатуға рұқсаты (құқы) жоқ нысандар арқылы дәрілік заттарды сатуға;
      Тапсырыс берушіден заңнамада белгіленген тәртіппен алынған дәрілерді мақсатсыз пайдалану;
      амбулаторлық дәріні қамтамасыз ету жөнінде базаға енгізілген деректердің дұрыстығы;
      дәрілік заттар жіберу жүзеге асырылған рецептер тізілімін Тапсырыс берушіге ай сайын беріп отыру.
      11. Тапсырыс берушінің жауапкершілігі:
      тегін және жеңілдік рецептілерін ресімдеуді жүзеге асыратын емдеу-алдын алу ұйымдары мен дәрігерлер туралы Жеткізіп берушіге деректерді тиісті мезгілінде беру;
      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес берілген рецептер тізілімін салыстыру негізінде Жеткізіп беруші көрсеткен нақтылы медициналық көмек көлемі шығындарының орнын толтыруға ақшалай қаражатты тиісті мезгілінде аудару;
      амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөнінде автоматтандырылған деректер базасын жүргізу.
      12. Жеткізіп беруші тарапынан, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсетудің Келісім шарттары бұзылса, оған мынандай санкциялар жүктелуі мүмкін: Келісім шартты жою немесе міндеттемелердің орындалмаған немесе талапқа сай орындалмаған сомасы көлемде 0,01 % айыппұл салу.

Келісім шартты өзгерту немесе бұзу

      13. Осы Келісім шарттың шарттары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
      14. Келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар Келісім шартты тоқтатудың болжанған күніне дейін кем дегенде 30 күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
      15. Тапсырыс беруші Келісім шарт шарттары бұзылғанда Жеткізіп берушіге міндеттерді орындамағаны туралы жазбаша ескерту хат жолдап, Келісім шартты бір жақты тәртіппен бұзуы мүмкін.

Форс-мажор

      16. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болғанда Жеткізіп беруші Тапсырыс берушіге кешіктірмей осы жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі керек.
      17. "Форс-мажорлық" жағдайларға Жеткізіп беруші тарапынан бақылауға жатпайтын, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланыссыз тосын сипатқа ие жағдайлар жатады. Мұндай жағдайлар ескерілуі мүмкін, бірақ мынандай жағдайлармен шектелмейді: соғыс қимылдары, табиғи немесе стихиялық апаттар, эпидемия, карантин.

Қорытынды ереже

      18. Бірде бір тарап екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Келісім шарт жөніндегі өзінің міндеттерін үшінші тарапқа беруге құқы жоқ.
      19. Осы Келісім шарт екі данада жасалған, бірдей заңдық күші бар, бір данасы Тапсырыс берушіде, екінші данасы Жеткізіп берушіде.
      20. Осы Келісім шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазыналық комитетінің аумақтық органында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы ____ дейін қолданыста болады.

Тараптардың мекен-жайлары және реквизиттері:

                                         Амбулаторлық дәрілік
                                       қамтамасыз ету жөніндегі
                                     қызметтерді көрсетудің типтік
                                       келісім шартына 1 қосымша

    Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын
     дәрілік заттарды көтерме саудамен сататын нысандар
                            Тізбесі

Елді мекеннің атауы

Көтерме саудамен сату нысандарының атаулары (дәріхана, дәріханалық пункт, дәріханалық киоск, СДА, СУА, ФАП, ФП)

Мекен-жайы







                                            Амбулаторлық дәрілік
                                       қамтамасыз ету жөніндегі
                                     қызметтерді көрсетудің типтік
                                       келісім шартына 2 қосымша

          Амбулаторлық емдеу барысында дәрілік заттар
        мен арнайы және балалар тағамдары өнімдері тегін
        босатылатын аурулар түрлерінің және азаматтардың
                     жекелеген санаттарының
                              Тізбесі
                       ___________ жылға

N

Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаты

Дәрілік заттардың атауы

Дозалау және шығарылу түрі

Босатылу бағасы, теңге

Орнын толтыру сомасы, теңге

       Амбулаторлық емдеу барысында дәрілік заттар мен
       арнайы және балалар тағамдары өнімдері жеңілдік
        жағдайында босатылатын аурулар түрлерінің және
             азаматтардың жекелеген санаттарының
                           Тізбесі
                     ___________ жылға

N

Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаты

Дәрілік заттардың атауы

Дозалау және шығарылу түрі

Босатылу бағасы, теңге

Орнын толтыру коэффициенті есептелген орнын толтыру сомасы, теңге

                                         Амбулаторлық дәрілік
                                       қамтамасыз ету жөніндегі
                                     қызметтерді көрсетудің типтік
                                       келісім шартына 3 қосымша

               Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету
                      жөніндегі рецепттердің
                      Үйлестірілген тізілімі
           200__ ж. ______ __________ дейінгі мерзімге
                   (жеткізіп беруші бойынша ______)

Ре-
цеп-
тер
NN

Тегін және (немесе) жеңілдікпен рецептер ресімдеген медициналық ұйымдардың атауы

Дәрілік заттардың атауы

Дозалау және шығарылу түрі

Саны

Босатылу бағасы 

Орнын толтыру сомасы

      Құрастырған:
      Басшы                            "___" ________ 200__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады