Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi филиалдарының, екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшiн ақы алу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 158 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4017. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысымен

Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы N 114 қаулысынан
Үзінді:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жаңа дизайндағы банкнота енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қолма-қол ақшамен жұмысын реттеу бөлігінде жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                           Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             2006 жылғы 27 қазандағы
                                                  N 114 қаулысына
                                                     қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      ...
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 158 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4017 тіркелген.
__________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының кассалық қызмет көрсету жөнiндегi функцияларын нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi филиалдарының, екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшiн ақы алу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 746 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 1999 жылғы 26 сәуiр - 9 мамырда жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1290 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы 
N 381 , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1425 тiркелген, 2001 жылғы 31 қаңтардағы  N 14 , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2493 тiркелген, 2003 жылғы 21 тамыздағы  N 300 , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2667 тiркелген, 2003 жылғы 26 желтоқсандағы  N 455  қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi филиалдарының, екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшiн ақы алу ережелерiнде:

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақшаны қабылдау және беруi Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.";

      2 және 3-тараулар алынып тасталсын;

      8-тармақта "Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақша қабылдау және беру туралы анықтамалары негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгiне жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады