Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 165/20-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 28 шілдеде N 403 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімімен

Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
Үзінді:

      Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Астана қаласы мәслихатының    
2006 жылғы 21 қыркүйектегi    
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша  

Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi

      ...
      12. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 165/20-III "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" шешiмi (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2005 жылғы 28 шiлдеде 403 нөмiрмен тiркелген, 2005 жылғы 4 тамызда "Астана хабары" газетiнде, 2005 жылғы 9 тамызда "Вечерняя Астана" газетiнде жарияланды);
      ...

      Астана қаласы мәслихатының хатшысы
________________________________________

      Астана қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 5 тамызда тiркелген  N 340 , 2004 жылғы 20 қарашадағы "Астана хабары", 2004 жылғы 17 тамыздағы "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған), 2005 жылғы 17 ақпандағы N 122/16-III "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылғы 18 наурызда тiркелген  N 380 , 2005 жылғы 2 сәуiрдегi "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) шешiмiмен бекiтiлген Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тараудағы 4-бөлiмнiң 12-тармағындағы "Объектiлердiң құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiмдердi шығару кезiнде" сөздерiнен кейiн "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен, объектiлердiң" сөздерiмен толықтырылсын.

      Астана қаласының мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады