Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227қ "Учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 23-10-1096қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 25 қаңтарда N 428 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 маусымдағы N 23-541қ қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007.06.26 N 23-541қ қаулысымен.

      "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына , "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092  қаулысына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 3-1-227қ "Учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысына(Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылы 25 наурызда N 182 болып тiркелген; 2002 жылғы 4 мамырдағы N 58-59 "Астана ақшамы" және 2002 жылғы 20 сәуiрдегi N 45 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) жоғарыда аталған қаулыда:
      преамбулада:
      2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246-ІІ "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" сөздерiнен кейiн ", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы" сөздерiмен толықтырылсын;

      "Заңына" сөзi "заңдарына" сөзiмен ауыстырылсын;

      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" сөздерiнен кейiн ", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092" сөздерiмен толықтырылсын;

      "Қаулысымен" сөзi "қаулыларымен" сөзiмен ауыстырылсын;

      2-тармақта "Алматы" және "Сарыарқа" сөздерi алынып тасталсын;

      2) Учаскелiк комиссия туралы Ережеде:
      преамбулада:
      2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246-ІІ "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" сөздерiнен кейiн ", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы" сөздерiмен толықтырылсын;

      "Заңына" сөзi "заңдарына" сөзiмен ауыстырылсын;

      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" сөздерiнен кейiн ", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру бойынша кейбiр шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092" сөздерiмен толықтырылсын;

      "Қаулысымен" сөзi "қаулыларымен" сөзiмен ауыстырылсын;

      1-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Учаскелiк комиссиялар Астана қаласы аудандары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен тиiстi аумақтарда арыз иесiне мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) және/немесе 18 жасқа дейiнгi балаларға (бұдан әрi - балаларға жәрдемақы) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны берудiң қажеттiгi туралы қорытынды дайындау үшiн және материалдық жағдайына тексеру жүргiзу қажет болғанда құрылады.";

      2-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Учаскелiк комиссияларға аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары басшылық етедi және мүшелерiнiң жалпы саны 7 адамнан кем болмауы қажет.";

      4-тармақта "Астана қаласының Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" сөздерi "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;

      7-тармақ "атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге" сөздерiнен кейiн "балаларға жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге" сөздерiмен толықтырылсын;

      8-тармақта "атаулы әлеуметтiк көмек" сөздерiнен кейiн "және/немесе балаларға жәрдемақы" сөздерiмен толықтырылсын;

      10-тармақ "атаулы әлеуметтiк көмек" сөздерiнен кейiн "және/немесе балаларға жәрдемақы" сөздерiмен толықтырылсын;

      15-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "15. Атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе балаларға жәрдемақы алуға өтiнiш берушi мен оның отбасының нақты материалдық жағдайын тексеру оның өзiнiң қатысуымен және осы Ережемен белгiленген мерзiмдерде екiден кем емес Учаскелiк комиссия мүшелерiмен жүргiзiледi.";

      16-тармақ "атаулы әлеуметтiк көмек" сөздерiнен кейiн "және/немесе балаларға жәрдемақы" сөздерiмен толықтырылсын;

      1-қосымшаға Учаскелiк комиссиялар туралы Ережеге "атаулы әлеуметтiк көмек" сөздерiнен кейiн "және/немесе балаларға жәрдемақы" сөздерiмен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсiн.

       Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар департаментi"
      мемлекеттік мекемесінің
      директоры

      КЕЛIСIЛДI

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады