Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 02 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесі" қаулысына , Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару, шағын кәсіпкерлікті қолдау және мүлікті жалға беру шарттарын жасау тәртібін ықшамдау мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Акмолинская правда" газетінің 2002 жылғы 19 ақпандағы 27 санында жарияланған Ақмола облысы әкімдігінің "2001 жылғы 25 желтоқсандағы N а-8/49 (N 957) "Мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
"Аталған қаулымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды жедел басқарудағы немесе шаруашылық қарамағындағы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме балансындағы, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын (бұдан әрі-Ереже) меншік нысандарын кейін сатып алу құқығы берілмен, мүліктік жалға беру Ережесінде 4-тармақта "бір жылдан жоғары (үш жылға дейін) тендерлік негізде өтеді" деген сөз "Үш жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта 1) тармақшада "бір жылдағы" деген сөз "үш жыл" деген сөзбен өзгертілсін;
10-тармақ мынадай мазмұнды 4-тармақшамен толықтырылсын;
"4) Мәлімдеушіге қойылатын талапқа сәйкес екі немесе одан көп сұраныс болған жағдайда объекті мүліктік жалға беру тендердің қорытындысы бойынша беріледі.";
11-тармағы келесі мазмұнды жаңа редакцияда берілсін:
"11. Мүлікті жалға беру, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүліктерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік, тендерлік негізде жүргізіледі: төмендегі жағдайлардан өзге кезде:
1) Қазақстан Республикасы үкіметінің жеке шешімдері негізінде іске асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңызды мүліктерін жалға беру;
2) Мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан ұзақ емес мерзімге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жайларын және баланстық бағасы ең аз есептік көрсеткіштен 150 еседен аспайтын құрал-жабдықтарды, ауданы 100 шаршы метрге дейін жайларды жалға беру.
3) Мемлекеттік мекемелердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес өткізетін мүлікті жалға беру бойынша қызмет көрсету құқығына ие болу конкурсына қатысуы.";
47-тармақтағы "1 жылдан артық" сөзін "бір жылдан кем емес" сөздерімен ауыстырылсын;
51-тармағы келесі мазмұнда абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік мекеме мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің (баланс ұстаушы) ғимараттарын жалға алған жағдайда мемлекеттік мекеме (жалға алушы) коммуналдық қызмет үшін төлемақыны баланс ұстаушының шотына аударады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.В.Наймушинаға жүктелсін.
Облыс әкімі