Тұрғын емес үй мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру мәселері

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N а-4/87 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 20 сәуірде N 3120 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына , Ақмола облысы әкімдігінің "Мүлікті жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсаттарында, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ :
      1. Тұрғын үй емес қорды жалға беру ставкалары мен қолданылатын коэффициенттерін анықтау Нұсқаулығы (бұдан әрі - әдістеме), сонымен қатар мүлікті жалдау мен тендерлерге қатысу өтінімдерінің формалары 1,2,3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандардың және қалалардың әкімдері, Ақмола облыстық қаржы департаменті (бұдан әрі - департамент) және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - кәсіпорын)  қамтамасыз етсін:
      1) Кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мүлікті жалға беру кезінде 2001 жылғы 25 желтоқсандағы облыс әкімдігінің N а-8/49  қаулысымен бекітілген Ережелердің сақталуын.
      2) Департаментке кәсіпорындар 4-қосымшаға сәйкес, есептіден кейінгі келесі айдың жетісіне дейін, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға берудің тоқсандық  жиынтық есебін беруін. Кәсіпорындардың мен тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға
      3) Кәсіпорындардың мен тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға  беру (жалдау)  ақысының ставкасы осы қаулының 1- тармағында көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес анықталуын.
      3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары осы кәсіпорындарға 5-қосымшадағы үлгіге сәйкес мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасауды ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.В. Наймушинаға жүктелсін.

       Облыс әкімі

Ақмола облысының әкімдігі
2005ж. 29.03 N а-4/87 қаулысына
1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық әкімдігінің 2006 жылғы 19.01 N А-1/37  қаулысымен

                 Тұрғын үй емес мемлекеттік қорлардың жалдау төлем ақысының ставкасын есептейтін және қолданылатын коэффициенттерді анықтайтын Нұсқаулық

      1. Осы нұсқаулық 2001 жылы 25 желтоқсанда Ақмола облысы әкімдігінің N№8/49 қаулысымен бекітілген, 2002 жылы 4 ақпанда заң органында N№957-мен тіркелінген мемлекеттік мекемелердің балансындағы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, шаруашылық  жүргізу немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүліктерін, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік нысандарын сатып алу құқығын бермей мүліктік жалға беру (жалдау) Ережелерінің 3-тармағына сәйкес,өкілетті мемлекеттік орган әзірлеген және тұрғын үй емес мемлекеттік қорлардың жалдау төлем ақысының ставкасын анықтайды.

      2. Тұрғын үй емес мемлекеттік қор ғимаратының толық жалдау төлем ақысы, осы ғимараттың өткен жылғы жалға беру төлем ақысының деңгейінен төмен болмауы керек және Ап =АедхП формуласы бойынша есептеледі.
      Мұндағы:
      Ап-жалдау ақысының бір жылдағы толық сомасы (теңге).
      Аед - нысанның 1 шаршы метр ауданының жалдау ақысы (теңге).
      П - жалдайтын жайдың толық (жалпы) ауданы,(ш.м.).
      1 шаршы метр ауданның жалдау ақысы мына формуламен есептеледі:
      Аед = С х Ки х К1х К2х К3х К4
      Мұндағы:
      С - мүліктік жалға беру үшін бір жылдағы жалдау ақысының базалық ставкасы (теңге);
      Ки - инфляция коэффициенті (Қазақстан Республикасы Агенттігінің көрсеткіштеріне сәйкес статистика бойынша және оның аумақтық органдарымен анықталады);
      К1 - Мүліктік жалға беру (жалдау) ғимаратының жайлылығын, техникалық жағдайын және инженерлік коммуникацияның дәрежесін есепке алатын коэффициенті;
      К2 - жалға алушының қызмет түрін есепке алатын коэффициенті;
      К3 - аумақтық орналасқан орнын есепке алатын коэффициенті (Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет көрсеткіштері);
      К4 - жалға алушының коммуналдық қызметін (жылумен, электрқуатымен, сумен жабдықтау)
      және басқа әлеуметтік - қажетті салаларын (мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектеп мекемелері) есепке алатын коэффициенті;
      3. С-1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық ставкасы бір жылға былай анықталады.

п/п

С-ның көрсеткішін анықтау

өлшем бірлігі


1

2007 жылдағы 1 ш.м. ауданның түгендеу бағасының орташа көрсеткіші (мүлікке салықты есептеу үшін пайдаланылатын)
(жылжымайтын мүлік бойынша Орталықтың көрсеткіштері бойынша)

теңге

18000

2

Тұрғын үй емес жайдың амортизациясының орташа нормасы.

%

7,0


Коэффициент


0,07

3

Бір жылдағы 1 ш.м.ауданның орташа амортизациялық есептеу (п1хп2  18000х0,07)

теңге

1260

4

Өткен жылғы нәтижелер бойынша жайды жалға берудің орташа ұзақтығы.

%

60


(2007 ж 01.01.репортажы бойынша)

коэффициент

0,60

5

1 ш.м. жайдың түгендеу бағасының қалдығы п1х(1-п4)=18000х(1-0,6))

теңге

7200

6

2007 жылға арналған қайта қаржыландырудың ставкасы.

%

9

7

Қайта қаржыландырылған ставкаға сәйкес жалдау ақысының сомасы (п5хп6=7200х0,09)

теңге

648

8

1 ш.м. жалдау ақысының бір жылдағы базалық ставкасы 
(C =п3+п7=1260+648)

теңге

1908

       <*>
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы  N А-2/17 қаулысымен

      4. Мүліктік жалға беру (жалдау) ғимараттың жайлылығын, техникалық жағдайын және инженерлік коммуникацияның дәрежесін есепке алатын (К1) коэффициентті анықтау. 


Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (техникалық жай-күйі мен инженерлік байланыстардың бар болуын ескереді):
- барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін
- орталық жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда
- су құбыры және/немесе кәріздендіру және көркейтудің басқа да түрлері болмаған жағдайда


1,6

1,3
 

  1,0

5. Жалға алушының қызмет түрін есепке алатын (К2)коэффициентті анықтау.


Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент:
- банктер, биржалар, ресторандар, казино, ойын үйлері мен бильярд клубтары үшін
- қызметтері бағалы қағаздар рыногымен байланысты сақтандыру, инвестициялық компаниялар мен ұйымдар, айырбас орындары, ломбардтар, кафе, барлар, клубтар (компьютерліктен басқа), жанар май құю стансалары, жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін
- ойын автоматтарын орнату мен компьютерлік клубтарды құру үшін
- сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
- қалғандары үшін
  мемлекеттік мекемелерге 


  1,5

1,4
 

      1,1

0,5
 

    1,0
0,5

6. Орналасқан орнын есепке алатын коэффициентті (К3) анықтау. (Облыс аймағы бойынша).

3.

Аумақтық орналасуын ескертетін коэффициент:
- қала орталығы
- қала шеті
- кент (аудандық орталық) орталығы
- кент (аудандық орталық) шеті
- село (ауыл)


  1,3
1,2
0,9
0,8
0,5

7. Жалға алушының коммуналдық қызметін және басқа әлеуметтік - қажетті салаларын есепке алатын (К4) коэффициентті анықтау.


Жылумен жабдықтау, электрқуатымен жабдықтау, сумен жабдықтау

0,5

      Ескерту:
      Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап=С х Nam / 100 х Ки х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысы;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық сомасы.
      100 пайыз тозу есепте отырып жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam -«"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"»Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110 - бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Ки - инфляция коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
      Ки=Уи/100
      мұнда:
      Уи - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі айқындайтын, өткен тоқсанға қатысты инфляция деңгейі;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8, мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде, - 0,5 мөлшерінде).

Ақмола облысының әкімдігі
2005ж. 29.03 N а-4/87 қаулысына
2 қосымша

Кімге_______________________________________________________________
      (Жалға берушінің толық атауы және қызметі, басшының аты-жөні)
Кімнен______________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы және жеке тұлғаның аты-жөні ____________________________________________________________________
      (орналасқан орны немесе мекен-жайы)
____________________________________________________________________

РНН_____________________________     тел:_________________________
      (заңды және жеке тұлғалар)

      Мүліктік жалға беруге (жалдауға) өтінім
      Тұрғын жай емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру шешімін қабылдауыңызды және осы өтінімде көрсетілген құжаттарды қарауыңызды өтінемін. Мекен-жайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
жалпы ауданы___________ шаршы метр_________________________________
__________________________________________________________________
                         (қызмет түрі үшін)

"____"___________200__ж.  "____"__________200__ж. мерзімге 
_____________________________________
(басшының қолы және заңды тұлғаның
мөрі немесе жеке тұлғалары үшін қолы)

      Ескерту: Мүліктік жалға беру өтініміне қосымша: объектінің техника-экономикалық негіздемесі ҚР заңды тұлғалары үшін-жарғының ереженің нотариалдық куәландырылған көшірмесі; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің заңды тұлғалары үшін және статистикалық карточканың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; сонымен қатар олардың өкілеттік өкілдерін растайтын құжаттар, шетел заңды тұлғалары үшін - құрылтай құжаттарының орыс тіліне аудармасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, жеке тұлғалары үшін - төлқұжат немесе жеке басын растайтын құжат және олардың көшірмелері, ал жеке меншік кәсіпкерлері үшін, одан басқа, тиісті құжаттар және олардың көшірмелері.

Ақмола облысының әкімдігі
2005ж. 29.03 N а-4/87 қаулысына
3 қосымша

Кімге____________________________________________________________
                   (Жалға берушінің толық атауы)
Кімнен___________________________________________________________
      (құқықты тұлғаның толық атауы және жеке тұлғаның аты-жөні) __________________________________________________________________
тендерге қатысушылардың орналасқан орны немесе тұратын мекен-жайы)
РНН_____________________________ тел:_________________________

                    Тендерге қатысуға өтінім

1. Тендер өткізу нысанының көрсеткіштерін зерделеп__________
______________________________________________________________
(ұйымның толық атауы және жеке тұлғаның аты-жөні тендерге ________________________________________________________________              қатысушылардың)
келесі тендер нысандары бойынша тендерге қатысуға ниет білдіреді,
1)_______________________________________________________________
(Жалға алатын жайдың немесе объектінің атауы және оның мекен-жайы
2)_______________________________________________________________
                  басқа мәліметтер)
тендерге қатысуға және тендер өткізу шарты бойынша кепілдік
жарнасының сомасын енгізуге келісемін ________ (________________)
теңге.

      2. тендер өткізу шартымен және тендерге қатысудың құқығымен таныстым, тендер шартын орындауға, жеңген уақытта мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасауға міндеттімін.
________________________________________________________________
  (аты-жөні, қызметі)                                         _________________________________     "____"_________200__жылы.
  (қолы, заңды тұлғалары үшін-мөр)

      Қосымша:төлем құжаты  "____" ___________200__ жылы N______
кепілдік жарнасының сомасын енгізу туралы____________________
(_____________________) теңге. 
      (сомасы)

Ақмола облысының әкімдігі
2005ж. 29.03 N а-4/87 қаулысына
4 қосымша

     ________________________________ 200___ жылдың ___ (айы)
      (министерліктің, агенттіктің, ведомствоның)

үшін ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел
басқаруындағы мүлікті олардың мүліктік жалға беруі жөніндегі жиынтық есебі 

р/с
N

Кәсіпорынның атауы

Жалдау шартының N және күні (ұзартылған жағдайда жаңашарттың N және күні)

Жалға алушының атауы (тегі, аты-жөні)

Мүліктік жалдау шартының әрекет ету мерзімі

басталуы

аяқталуы



















Үй-жай алаңы немесе жабдық саны

Жалға алынған мүлікті пайдалан
ғаны үшін
ақының мөлшері (мың теңге)

Есептелген
ақы (мың.
теңге )

Аударылған
сома (мың
теңге)

Мүлікті
пайдаланғаны
үшін
төлемдер
бойынша
берешек

Ескерту



















Ақмола облысының әкімдігі
2005ж. 29.03 N а-4/87 қаулысына
5 қосымша

  Тұрғын үй емес мемлекеттік қордың жалдау
мүліктік жалға беру (жалдау) шарты

Көкшетау қ.                            "____"__________200__ж.

      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын_____________________директор
атынан______________________, қолданылып жүрген Жарғы (ереже)
негіздемесі_________________заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы ___________ж. N куәлігі_______, әрі қарай жалға беруші бір
жақтан және________________________________________________________
тұлғада________________________, қолданылып жүрген Жарғы (ереже) негіздемесі______________заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы
__________ж. N куәлігі_______, әрі қарай жалға алушы, екінші жақтан
төмендегі туралы осы шартты жасады.

       1. Шарттың негізі
 
             1.1 Шарттың негізі сатып алу құқығын бермей мүліктік жалға беру
____________________________________________________________________________________________________________________________________,
__________________________________________________________________,
жалпы ауданы_____________ шаршы метр.
Мекен-жайы:_____________________________________________________________________________________________________________________________
балансұстаушы болып саналады______________________________________. 
Жалға берушінің 200__ж. "___" өткізуімен тендер жеңімпазы аталған жалға алушы осы шартты жасауға құқықты (Жалдаушыны тендер өткізу жолымен айқындаған жағдайда). <*>

      Ескерту. 1.1-тармақ толықтырылды - Ақмола облысының әкімдігінің 2003 жылғы 15.04. N а-4/124 қаулысымен.

      1.2 Жалға беруші Жалға алушыға мүліктік жалға беру жайын 200_ж.        
"___"_______  200__ж. "___"________осы келісімде шартта белгіленген шарттар бойынша тапсырады.

       2. Жалға берушінің міндеттері мен құқықтары
 
           2.1 Жалға беруші міндетті: 
     2.1.1 Жалдауға беретін жайды шартта белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуге.
     2.1.2 Жалға алынған жайды шартта белгіленген тәртіппен қолдануға Жалға алушыға кедергі жасамауға.

       3. Жалға алушының міндеттері мен құқықтары
 
             3.1 Жалға алушы міндетті:
      3.1.1. Жалға алынған жайды шартқа сәйкес қолдануға.
      3.1.2. Жалдау ақысының өлшемін, мерзімін және тәртібін келісімде-шартта белгіленген шарттар бойынша енгізуге.
      3.1.3. Жалға алатын жайды күтіп ұстауға, жайға немесе онда орнатылған инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамауға.
      3.1.4. Жалға алатын жайды алған қалыпта ұстауға, із есебінен ағымдағы жөндеуді жасауға, жалға алатын мүлікті ұстағандағы шығысын төлеуге.
      3.1.5. Жалға алатын жайға өзінің қатесі бойынша зақым келтірілген жағдайда, оны із есебінен жөндеуді қамтамасыз етуге.
      3.1.6. Жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз жалға алатын жайды, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға.
      3.1.7. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін жалға алып қолданғанда, оны сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде сақтауға.
      3.1.8. Жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен ізге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің жалға алатын жайға және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беруге, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жоюға.
      3.1.9. Жалға алушы жалға алған жайды шарт мерзімі бойынша алған жағдайында қайтаруға.
      3.2. Жалға алынған жайды үшінші жаққа жалға бермеуге және өзінің осы келісім-шарты көрсетілген құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға (жалға беруге) немесе өтеусіз қолдануға бере алмайды. Жалға алушы жайдың бір білігін үшінші тұлғаға жалға берсе, одан бекітілген ставканың 10-есе мөлшерінде айыппұл өндіріледі. Мұндай жағдайда жалға алушы жалға берген (субарендаға) келісім-шартын жою жөніндегі іс-шаралар қолдануға тиіс.
      3.2.1. Тұрғын үйлердегі жалға алынған тұрғын емес жайларды бірігіп ұстау бойынша тұтынушы кооперативтерімен және ПАК-мен шығындарына қатысу.
      3.2.2. Осы құқықтарды кепілдікке бермей және оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге.
      3.3. Егер Жалға алушы Жалға берушінің келісімін ала отырып өз қаржысы есебінен жалға алған жайды бүлдірмей оны жақсарту шараларын жүргізсе, Жалға алушы келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін ол ушін Жалға берушіден өтем ақысын ала алады, егер келісім-шартта өзге шарттар қарастырылмаса Жалға алынған жайды біліп алынатын оны жақсартуға қолданылған заттары Жалға алушының меншігіне жатады, егер заңдар мен осы келісімде басқа шарттар қарастырылмаса.
      3.3.1. Жалға алушы Жалға берушінің келісімінсіз жақсартуды жасаса, біліп алынбайтын жақсартудың құны қайтарылмайды, егер заңдар мен осы келісімде басқа шарттар қарастырылмаса.

      4. Есептесу

      4.1. Жалға алушы Жалға берушіге келесі шарттар бойынша жалдау ақысын төлейді.
      4.1.1. Жалдау ақысы айына________________________теңге тұрады.
      4.1.2. Жалдау ақысы мерзімінде (ай сайын) тең үлеспен әр айдың 1-не дейін төленеді.
      4.1.3. Жалдау төлемдері мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың есептесу шотына аударылады және кәсіпорын кірісіне есептейді.
      4.2. Инфляцияға байланысты түзетулер енгізу мақсатында әр тоқсанда жалдау ақысы өзгертіледі.
      Жалға алушы тоқсан басталуға 10 күн қалғанда жайдың жалдау ақысының есебін тексеріп отыруға міндетті.
      4.3. Мүліктік жалға беру (жалдау) ақысына коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу есебі, қызмет көрсету төлемі кірмейді. Бұл төлемдерді жалға алушы ведомстволық күзет, эксплуатация, коммуналдық, санитарлық қызметтеріне төлейді.

      5. Тараптардың жауапкершілігі

      5.1. Мерзімінде төленбеген төлемді жалға алушыдан бір күнге есептелген соманың 1,0 пайыз мөлшерінде өсім ұсталынады. Өсімді жалға алушы төлейді. 
      5.2. Жалға алушы екі ай бойына төлемді төлемесе немесе келісім-шарттың шартын бұзса Жалға беруші бір тараптық тәртіпте шарттың күшін жояды. 
      5.3. Ауданды жасыру деректері айқындалса Жалға алушыдан қолданылып жүрген ауданның жалдау ақысын көрсетілген ставкадан 10-есе сомасы мөлшерінде айыппұл алынады.
      5.4. Тараптар осы шарттың ережелерін бұзғаны үшін қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығын мөлшеріне жауапты болады.
      5.5. Санкция айыппұлын төлеу кінәлі тарапты шарт бойынша міндеттерді орындауды босатпайды.
      5.6. Жалға беруші жалға алынған жайды жақсартуға жұмсаған құнын жалға алушыға өтемейді.

      6. Келісім-шарттың ерекше шарттары

      6.1. Шартты мерзімінен бұрын бұзудың ережесі мынандай жағдайларда:
      6.1.1. Заңды тұлға ретінде жалға алушыны жою.
      6.1.2. Жалға берушінің немесе жалға алушының мүліктік жалға беру шартының ережесін бұзуы.
      6.1.3. Заңдылық актілері немесе шарты көрсетілген жағдайлардың жалға беруші немесе жалға алушының жазбаша талаптары бойынша.
      6.1.4. Егер мүліктік жалға беру объектісін өкілетті мемлекеттік органмен жекешелендіру туралы шешім қабылданса (немесе оның күн бұрынғы шешімімен), жалға беруші бір тараптық тәртіппен шартты бұзуға құқықты.
      6.1.5. Балансұстаушының өтінішімен, егер ол негізделген болса, бір тарапты тәртіппен шартты бұзуға болады. 
      6.1.6. Қазақстан Республикасының заңымен немесе шартымен көрсетілген басқа жағдайларда. 
      6.1.7. Шартты бұзған жағдайда жалға алушы жайды 1 ай мерзімде босатуға міндетті. 
      6.2. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделеді және тараптар өкілетті өкілдерінің қолы қойылғаннан кейін, күшіне енеді. 
      6.3. Осы шарттағы барлық реттелмеген мәселелерді тараптар Қазақстан Республикасы заңдарының нормасымен реттейді. 
      6.4. Осы шартта кездесетін барлық дауларды тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіпте қаралады. 
      6.5 Осы шарт тең заңды күші бар 2 данадан құрылған.

      7. қосымша шарттары

      7.1. Жалға беруші (балансұстаушы) жайды жалға алушыға осы шартқа қол қойылғаннан кейін, 3 күннің ішінде қабылдау-беру актісімен береді.
      7.2. Қабылдау-беру актісінде көрсетіледі: актіні құру орны және күні, өкілдер тараптар мүддесін қорғауға өкілетті құжаттар атауы және реквизиттері, мүліктік жалға беру шартына қол қою, нөмірі және күні.
      7.3. Қабылдау-беру актісі үш данадан құрылады, екеуі жалға берушіде (балансұстаушыда) және біреуі жалға алушыда сақталады.

Мекен-жайлары және тараптар реквизиттері:

  Жалға беруші:                         Жалға алушы:
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
_____________________            _____________________
_____________________            _____________________ 
Жалға берушінің қолы:            Жалға алушының қолы:
______________________           ______________________

  М.О.                                     М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады