Алғашқы әскери дайындық туралы

Күшін жойған

Алматы облысының әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазанда N 212 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 3 қарашада N 1948 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 04 маусымдағы N 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.06.04 N 118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы "Алғашқы әскери дайындық туралы" N 1340 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Алматы облысының оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізуді жақсарту жөніндегі 2005-2006 оқу жылына арналған негізгі шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Облыстық денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесі басқармалары, аудандар және қалалар әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (келісім бойынша), Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) "Алғашқы әскери дайындық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын орындау шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін және әскери құрылымдарын өзінің Отан қорғау жөніндегі борышын моральдық-психологиялық және дене тәрбиесі тұрғысынан орындауға дайын жеке құраммен қамтамасыз етсін;
      3. Алматы облыстық білім департаменті (Т.Естенов):
      1) оқу орындарының алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылар штатымен ескерілген бюджет қаражаты шегінде толықтырылуын қамтамасыз етсін;
      2) жалпы білім беру және кәсіптік техникалық мектептердегі 10-11 сыныптардың, сондай-ақ арнаулы орта білім беру орындарындағы 1-3 курс оқушыларына, соңынан оларды оқу-дала жиындарына тарта отырып алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақтың жүргізілуін белгілесін;
      3) Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылар даярлау үшін кандидаттар іріктеуді ұйымдастырсын;
      4) білім беру жүйесіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институттарында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылардың мамандығын көтеру курстарын ұйымдастырсын;
      5) медициналық-санитарлық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыларды денсаулық сақтау, білім беру органдарына және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға әдіскерлік сабақтарға жіберсін:
      6) оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқу-материалдық базаны нығайту жұмыстарын жалғастырсын;
      7) оқу орындарында оқушылардың алғашқы әскери дайындығы мен әскери патриоттық тәрбие өткізудің озық тәжірибесін қорытып, таратсын.
      4. Аудандар мен қалалар әкімдері, білім департаменті штат санының шегінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штатында әскер жасындағы және әскер жасына дейінгі жастармен жұмыс жөніндегі маман - қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінің бастығы лауазымы қарастырылсын.
      5. Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) облыстағы алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысқа бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) оқу орындарының алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы - оқытушылары (оқу жылы басталардың алдында) үш күндік әдістемелік жиындар және бір күндік әдістемелік сабақтар дайындап, өткізсін;
      3) алғашқы әскери дайындық, әскери-патриоттық тәрбие және жастардың дене тәрбиесі туралы жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарды хабардар етіп тұрсын.
      6. Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жастарды адам өмірінің қауіпсіздігін және медициналық-санитарлық дайындық негіздерін үйрету жөніндегі жұмысқа басшылықты және бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. Алматы облысы әкімінің денсаулық сақтау басқармасы:
      1) медициналық-санитарлық дайындық пәні оқытушыларын таңдап алуды, дайындауды және бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) медициналық мекемелерге оқушылармен практикалық сабақтар жүргізу үшін білім беру мекемелерін бекітіп, олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырсын.
      8. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы:
      облыстың аудандық білім беру мекемелерінде әскер жасындағы және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесі мәселелеріне басшылықты және бақылауды жүзеге асырсын.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. А. Долженковқа жүктелсін.

         Облыс әкімі                             С. Үмбетов

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 3 қазандағы N 212
"Алғашқы әскери дайындық туралы"
қаулысына қосымша

Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастарды әскери қызметке дайындау жөніндегі 2005-2006 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Шаралардың аталуы Орындалу мерзімі Орындаушы
1. Ұйымдастыру шаралары

1

Облыс (қала, аудан) әкімінің қарауына төмендегі шешімдердің жобасын дайындап беру:
әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу туралы

2006 ж.
ақпан

Қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқармалар, бөлімдер, білім департаменті

2

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке жастарды үздік дайындауға бағытталған жарыстар ұйымдастыру:
а) аудандар мен қалалардағы білім беру ұйымдары арасында;
б) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер арасында

2006 ж.
сәуір

Аудандар мен қалалар әкімдіктері, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер)

3

Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы", сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғаныс туралы" Заңдарын оқушылармен зерделеу мәселелері жөнінде, білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушылармен бір күндік семинар дайындап, өткізу

2006 ж.
22 ақпан

Білім департаменті, прокуратура, аудандардың (қалалардың) қорғаныс істері жөніндегі басқармалары (бөлімдері)

4

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жастарды әскери қызметке дайындау мәселелері бойынша облыс аудандары мен қалаларының алғашқы әскери дайындық оқытушыларымен және алғашқы әскери дайындыққа жауаптылармен ғылыми- практикалық конференция дайындап, өткізу

2006 ж.
24 наурыз

Әкімдіктер, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер), ауданды және қалалық білім беру бөлімдері

5

Жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке дайындау жөніндегі жарыстың қорытындыларын шығару:
а) аудандар мен қалалардың білім мекемелері арасында;
б) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер арасында

2006 ж.
5 мамырға дейін

Аудандық және қалалық әкімдіктер, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер)

2. Әскери-патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар

1.

"Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы тұрғысынан жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі жағдайы және оны одан әрі жақсарту  шаралары туралы" мәселе бойынша әкімдікте облыс активінің мәжілісін дайындап, өткізу

2006 ж.
сәуір

Әкімнің орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі  департаменттің бастығы, білім департаментінің директоры

2.

Білім беру ұйымдарында "Қорғаныс-бұқаралық жұмыстар" айлығын дайындап, өткізу

2006 ж.
9-сәуірден  9-мамырға дейін

Әкімдіктер, білім беру ұйымдары, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, Республикалық мемлекеттік қазыналық "Қазақстан  Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери -техникалық мектебі" кәсіпорны

3

Жастарды Қазақстандық патриотизм, Отанына шексіз берілгендік, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілік және құрмет рухында тәрбиелеу мақсатында білім беру ұйымдарында:
- әскери-патриоттық тақырыпта дәрістік насихат, сондай-ақ әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар туралы жүйелі түрде саяси-ақпарат өткізіп тұру
- жауынгерлік және еңбек даңқы жерлеріне, әскери бөлімшелерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Жеңіс күндерін атап өтуге арналған экскурсиялар ұйымдастыру;
- әскери оқу орындарының озат курсанттары мен әскерге шақырылушылар арасындағы үздіктердің, әскери училищелер мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, сондай-ақ запастағы офицерлердің өнерлерін көрсету;
- әскерге шақырылушылардың Ұлы Отан Соғысының ардагерлерімен, Совет Одағының Батырларымен, Еңбек Ерлерімен және Халық қаһармандарымен, интернационалист жауынгерлермен кездесулерін ұйымдастырып, өткізу

тізімге алу және шақыру кезеңінде

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, білім беру бөлімдері

4.

Спорт ұжымдары, әскери бөлімшелер, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің қатысуымен "Әскерге шақырылушылар күніне" арналған мерекені дайындап, өткізу

2005-2006 жж қазан- мамыр

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, қорғаныс істері жөніндегі департамент
(бөлімдер)

5.

Кәсіпорындарда, ұйымдарда естелік сыйлықтар бере отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастыру

2005-
2006 жж.
қазан - мамыр

Аудандар мен қалалар әкімдіктері, қорғаныс істері жөніндегі департамент
(бөлімдер)

6.

Білім беру ұйымдарында өте жақсы жолға қойылған әскери-патриоттық жұмысқа байқау-конкурс өткізу

2005 ж.
қараша- желтоқсан

Қорғаныс істері жөніндегі  департамент, білім департаменті, спорт және дене тәрбиесі басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы

7.

Кәсіпорындар мен мекемелердің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі озық тәжірибесін жинақтап, тарату

жыл бойына

Білім департаменті,
қорғаныс істері
жөніндегі департамент

8.

"Жас Ұлан" әскери-спорт ойынын және әскер жасына дейінгі жастар спартакиадасын өткізу

2006 ж.
наурыз-
мамыр

Қорғаныс істері
жөніндегі  департамент, білім департаменті, спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарма

3. Жастардың алғашқы әскери дайындығын
қамтамасыз ету шаралары

1.

Білім беру ұйымдарында және оқу пункттерінде  алғашқы әскери дайындық қорытындыларын шығару, жаңа 2005-2006 оқу жылының міндеттерін белгілеу

2006 ж.
20 шілде

Қорғаныс істері жөніндегі департамент (бөлімдер), білім департаменті

2.

Оқу жылындағы алғашқы әскери дайындық қорытындысы бойынша шешімінің жобасын жаңа оқу жылына арналған алғашқы әскери дайындық жөніндегі негізгі шаралар жоспарымен және қосымшасымен қоса әзірлеп, облыс әкімінің бекітуіне ұсыну

2006 ж.
10 тамыз

Қорғаныс істері жөніндегі департамент, білім департаменті

3.

Төмендегілермен аттестация өткізілсін:
а) алғашқы әскери дайындық оқутушы-ұйымдастырушыларымен;
б) медициналық-санитарлық дайындық оқытушыларымен;
в) оқу пунктінің (спорттық қорғаныс сауықтыру лагерінің) бастығымен

2006 ж.
ақпан- наурыз

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, білім департаменті, денсаулық сақтау басқармасы

4.

Талдықорған қаласының бір оқу орнының негізінде алғашқы әскери дайындық
оқу-материалдық базасы жөнінде көрнекі оқу өткізу

2006 ж
ақпан-
наурыз

Білім, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер

5.

Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен, оқу пунктінің бастықтарымен және нұсқаушыларымен төмендегідей нұсқаушы-әдістемелік сабақтар жоспарланып, өткізілсін:
а) Үш күндік оқу-әдістемелік жиындар;
б) ай сайынғы бір күндік оқу-әдістемелік сабақтар;
в) үш күндік семинарлық сабақтар;

жиындардың алдында әр айдың соңғы сейсенбісін-
де, тамыз

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, білім департаменті

6.

Алғашқы әскери дайындық жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңестердің жұмысын жақсарту және олардың жұмысын жоспарлау:
- білім беру ұйымдарындағы әскери кабинеттердің құрал-жабдықтарын және көрнекі құжаттамаларын жаңарту;

2006 ж.
1 тамызға дейін

Қорғаныс істері жөніндегі департамент (басқарма, бөлімдер), білім беру ұйымдарының басшылары


- алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқу-материалдық базаның құрылуын аяқтау және оның жұмысын жетілдіру;
- барлық білім беру ұйымдарындағы қару сақтауға арналған бөлмелерді нұсқау талаптарына сәйкес келтіру



7.

Мектеп бітірушілер және мектеп бітіру алдындағы сыныптар, оқу пункттері оқушыларымен спорттық-қорғаныс сауықтыру лагері негізінде оқу-дала жиындарын және соғыс қаруларынан ату жаттығуларын өткізу

мамыр, маусым

жеке жоспар бойынша

Әкімдіктер, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, білім беру бөлімдері

8.

Білім беру ұйымдары мен оқу пункттеріне төмендегідей көмек көрсету және оларға бақылауды жүзеге асыру:
а) білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындық жөніндегі сабақтардың басталуына дайындықты ұйымдастыру;
б) медициналық-санитарлық дайындық (қыздар үшін) жөнінде сабақ ұйымдастыру;
в) оқу пункттерінде алғашқы әскери дайындық жөнінде сынақ қабылдау

жоспар бойынша

Әкімдіктер, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, денсаулық сақтау басқармасы, білім департаменті

4. Әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесі
дайындығын жақсарту жөніндегі шаралар

1.

Әкімдерді әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесі дайындығы туралы хабардар етіп отыру

тоқсан сайын келесі тоқсанның
біріне дейін

Спорт және дене тәрбиесі  басқармасы, аудан (қала) әкімдіктері аппараттарының бас мамандары

2.

Аудандық (қалалық) әкімдіктердің бас мамандарымен, спорт ұжымдарының басшыларымен, әскерге шақырылушы және әскер жасына дейінгі жастармен дене тәрбиесі дайындығы жөнінде нұсқау өткізу

2006 ж.
шілде

Спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарма

3.

Пневматикалық винтовкадан ату нормативтерін тапсыру жөнінде спартакиада өткізу

2006 ж.
мамыр

Республикалық мемлекеттік қазыналық "Қазақстан  Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери -техникалық мектебі" кәсіпорны

4.

Дене тәрбиесі бойынша Президенттік тест жөнінде спартакиада өткізу

2006 ж.
сәуір- мамыр

Спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарма

5.

Дене тәрбиесі жөніндегі оқу-материалдық базаны құруға көмек көрсету

оқу жылы бойына

Спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарма, Республикалық мемлекеттік қазыналық "Қазақстан  Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери -техникалық мектебі" кәсіпорны

6.

Есепті жылда (қосымша берілетін нысан бойынша) Алматы облысының жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаментіне жасалған алғашқы әскери дайындыққа байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде, тұжырымдамаларымен және ұсыныстарымен қоса, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық жөніндегі материалдық база мен спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқутышылардың сапалық құрамы туралы есеп тапсыру

2006 ж.
20 шiлдеге дейін

Аудан (қала) әкімдіктері, қорғаныс істері жөніндегі департамент, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, білім департаменті, спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарма, денсаулық сақтау басқармасы

      Алматы облысы
      Әкімі аппаратының басшысы                  Н. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады