Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 24 ақпандағы N 49 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 16 наурызда N 1577 тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

        Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Облыста кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 27-бабы 1 тармағының 4) тармақшасы негізінде облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың жетінші сессиясының облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда 1553 нөмірімен тіркелген 2005 жылғы 11 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 7-4 шешіміне сәйкес осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін облыстық бюджеттен 40 (қырық) миллион теңге бөлінсін.

      2.Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып Облыс әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бекітілсін.

      3. Кредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысымен бекітілген "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiне" (әрі қарай - Ереже) сәйкес жүзеге асырылсын. 

      4.  Алып тасталды
       Ескерту. 4 тармақ алып тасталды - Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 14 мамырдағы  N 149 қаулысымен. 

      5. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2006 жылғы 30 қарашаға дейін деп белгіленсін.

      6. Бюджеттік кредит сомасынан жылдың 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төлену белгіленсін.

      7. Облыстық конкурстық комиссия Ереженің 32 тарауына сәйкес несие-беруші банктерді іріктеуді өткізсін.

      8. Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы "Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредиттер беру туралы" N 32, облыстың әділет департаментінде 2004 жылғы 9 сәуірде N 1306 тіркелген қаулысының күші жойылды деп танылсын. 

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г.Савченкоға жүктелсін.

       Облыс Әкімі                              Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады