Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге күтім үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар тағайындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық Мәслихатының XI сессиясының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 173 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 31 наурызда N 1753 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 2 наурыздағы N 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының II сессиясының 2012.03.02 N 32 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының орындалуына орай және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148  Заңына  сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге күтім үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемеақы тағайындау 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 100% айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін.

      2. Қосымша үстемеақыны төлеу мен тағайындау мынандай мүгедектік топтарына анықталып жүзеге асырылсын:
      қолданыстағы заңнама бойынша оларды ұстауға міндетті туыстары жоқ мүгедектер;
      жұмыс істемейтін мүгедек, зейнеткер туысқандарымен бірге тұратын мүгедектерге;
      кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын мүгедектерге.

      3. Үстемеақы оны алуға құқық пайда болғаннан кейін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мерзіміне өтінген айдан бастап тағайындалатыны анықталсын. Үстемеақыны өткен айға төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Үстемеақыны төлеуді тоқтататын жағдай пайда болса (алушының қайтыс болуы, алушыға 3 топ мүгедектігін белгілеу немесе мүгедектік тобын алу, қолданыстағы заңнама бойынша мүгедек адамды ұстауға міндетті туысқандарының пайда болуы және басқалар) үстемеақыны тағайындау тиісті жағдай пайда болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ұсынылған ақпараттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады. Ақпараттарды дұрыс бермеу салдарынан үстемеақы заңсыз төленген жағдайда төленген сома алушылардан өз еріктерімен немесе сот тәртібімен қайтарылады.

      4. Облыс әкімиятына:
      1) қосымша үстемеақыны тағайындау мен төлеу уәкілеттік органның құрылымдық бөлімшелерінде мүгедектердің тұрғылықты жерлері бойынша ұйымдарда (екінші деңгейдегі банктердің филиалдары немесе операциялардың аталмыш түрін жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар) ашылған шоттың нөмірі көрсетілген олардың өтініштерінің негізімен және мынандай құжаттармен қамтамасыз етіледі:
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде оралмандар үшін - ыхтияр хат немесе оралманның куәлігі;
      медициналық-әлеуметтік экспертті комиссияның (белгіленген үлгідегі) 1 немесе 2 топтағы мүгедектігін белгілегені туралы анықтамалар;
      2 топтағы мүгедектер үшін басқа адамның көмегі қажет екендігі туралы медициналық қорытынды;
      тұрғындардың есеп кітабы (пәтер кәртішкесі, үй кітабы);
      материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері немесе селолық (кенттік) әкімият құрады).
      Күтім үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға үстемеақы тағайындау туралы шешімді уәкілеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
      2) күтім үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға басқа адамның көмегіне мұқтаж 1 және 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге қосымша үстемақылар тағайындау туралы конфликті, таласты немесе стандартты емес жағдай болған жағдайда мәселені шешуді қарау аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияға берілсін
      3) күтімге қосымша үстемеақыны қаржыландыру бойынша мәселе облыстық бюджетте қарастырылған қаражаттың шегінде төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жоспарына сәйкес рұқсат етілсін.

      5. Осы шешімнің орындалуы әлеуметтік - мәдени дамуы мен тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға (Әдекенов С.М.) жүктелсін.

      6. Осы шешім 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы

      Облыстық
      Мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады