Қазақстан Республикасы Бюджеттiк кодексiнiң 53-бабына сәйкес және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлер, азаматтардың жекелеген санаттары және жұртшылықтың әлеуметтік қорғалмаған қатарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
"Бiр жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесiн бекiту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 12/92 шешіміне (Әділет Департаментінде 2005 жылғы 4 ақпанда N 1849 тіркелген, 2005 жылғы 3 наурыздағы N 42-43 (6633) "Маңғыстау" және 2005 жылғы 15 наурыздағы N 48 (9335) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланды) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 40-тармақта:
1-тармақшадағы "6 айлық есептік көрсеткіш" сөзі "30000 /отыз мың/ теңге" сөзімен ауыстырылсын;
5-тармақша 5-1) тармақшасымен төмендегіндей мазмұнда толықтырылсын:
"5-1) жыл сайын Жеңіс күніне /9 мамыр/ Ауғаныстан жерінде соғысқа қатысушыларға 8000 /сегіз мың/ теңге мөлшерінде;";
8-тармақшадағы "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын" сөздері алынып тасталсын;
10-тармақшадағы төмендегіндей мазмұнда толықтырылсын:
"10) Қала күніне /жыл сайын қыркүйекте/ қаланың құрметті азаматтарына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
2) 43-тармақтағы "он бес мың теңге" сөзі "алып жүрген зейнетақы" сөзіне ауыстырылсын.
Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың
хатшысы
С.Кутепов Ұ.Сыдықова