Облыста нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 6/10 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 29 наурызда N 2942 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

       Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған облыста нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Облыс денсаулық сақтау департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық Мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясы мен азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияны Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың  әлеуметтiк және мәдени мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясы мен азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы Б. Әдiлханов

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Павлодар облыстық       
мәслихат сессиясының     
2005 жылғы 4 наурыздағы   
"Облыста нашақорлыққа және  
есірткi бизнесіне қарсы күрестiң
2005-2006 жылдарға арналған 
бағдарламасы туралы" N 6/10 
шешiмiмен бекiтiлген    

Облыста нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң
2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Паспорт

Атауы:

Облыста нашақорлыққа және есiрткi
бизнесiне қарсы күрестiң 2005-2006
жылдарға арналған Бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2000 жылғы 16 мамырдағы
"Қазақстан Республикасында
нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрестiң 2005-2006 жылдарға
арналған  стратегиясы туралы" N 394
жарлығы

Негiзгi әзiрлеушiлер

Денсаулық сақтау, бiлiм,iшкi саясат
департаменттерi; облыс спорт және
дене шынықтыру, облыс iшкi iстер
басқармалары; облыс кедендiк бақылау
департаментi; облыс қоғамдық
бiрлестiктерi, облыс,әкiмiнiң ақпарат
бөлiмдерi

Мақсаты       

Облыста нашақорлықтың және есiрткi
бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы
тиiмдi және  қоғамдық  іс-қимыл
жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту

Міндеттерi

Нашақорлықтың алдын алу, емдеу
бағдарламаларын жүйесiн, есiрткiге
тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн
жетiлдiру, есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымына
қарсы іс-қимыл тетiгiн нығайту,
есiрткiнiң заңсыз айналымы мен оларды
терiс пайдалануды бақылау
мәселелерiнде халықаралық
ынтымақтастықты нығайту, есірткіге
қарсы насихатты жетiлдiру,
нашақорлықпен ауыратын адамдарды
емдеудiң, оңалтудың жаңа
тұжырымдамалары мен әдістерiн
практикаға кеңiнен енгiзу;

Мақсаттары

Құқық қорғау, мемлекеттік, мемлекеттiк
және есiрткi қарсы күрес қызметiн
үйлестiру

Қаржыландыру көздерi

Облыстық  бюджеттiң, аудандар мен
қалалар бюджеттерiнiң  қаражаты,
Қазақстан Республикасы заңнамасымен
тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру
көздерi

Күтiлетiн нәтиже

Бағдарламаны iске асыру есiрткiнi
терiс пайдаланатын адамдарды анықтау
пайызын арттыруға және олардың санын
қысқартуға, есірткiнiң заңсыз кiруiнiң
алдын алу мақсатында облыста кедендiк
және мемлекеттiк шекараларын бақылауды
күшейтуде, есiрткi құралдары,
психотроптық заттары мен прекурсорлар
айналымын мемлекеттiк бақылау жүйесiн
нығайтуға есірткiнiң заңсыз
айналымының жолын кесу, нашақорлықпен
ауыратын адамдарды алдын алуға, оларды
емдеу мен оңалтуға, сондай-ақ есiрткi
қылмысына қарсы күрес жөніндегi
құқық қорғау органдарының шығындарды
оңтайландыруға, нашақорлықпен ауратын
адамдарды емдеу және оңалту
әдістемелерiн жетiлдiруге мүмкіндiк
бередi

2. Кiрiспе

      Нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрестiң 2005-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басым ретiнде  айқындалған Елбасының Қазақстан халқына "Қазақстан 2030" "Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауіпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы" деген Жолдауына сәйкес әзірлендi.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясының негiзiнде әзірленді.

  3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Қазiргi уақытта Павлодар облысындағы, есiрткi қылмыстылығы қатаң маңызды мәселе болып табылады. Соңғы бес жыл iшiнде есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды тұтыну айтарлықтай көбейдi.  Статистикалық деректерге сәйкес, нашақорлықтан емделген адамдардың саны 6 есе көбейдi; 1999 жылы нашақорлықтан 53 адам, 2004 жылдың 12 айында 425 адам емделдi. Есiрткi құралдарын медициналық емес пайдаланатын адамдардың саны да арта түстi: 1999 жылы нашақорлық бойынша 2356 адам есепте тұрған болса, ал қазiргi  уақытта олардың саны 3554 адам құрайды.
      2004 жылдың 12 айы ішінде, облыс аумағында есiрткi  қылмыстарына жасалған талдау жалпы есiрткi құралдарының,  психотроптық заттарды мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты есiрткi қылмыстарының ашулы 3,7% азайғанын, ал   олардың сату жағдайы 2,0% бойынша артқанын көрсетедi.
      Өткен мерзiмде заңсыз айналымынан 83 кг аса түрлi есiрткi құралдары алынды, 229 материалдар сотқа жiберiлдi, қылмыстың осы түрi бойынша ағымды жылда 175 адам айқындалды, олардың iшiнде 170 адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды.
      Есiрткi қылмысы, негiзiнен, Екібастұз және Ақсу облыстық  орталық қалаларында, сондай-ақ Железин, Ертiс, Павлодар және Шарбақты облыс аудандарында көп тараған.
      Нашақорлыққа қарсы күресуге құқық қорғау органдарын ғана емес және де оқу, медициналық, қаржыландыру мекемелерiн, ғылыми  саласының мамандарын жұмылдыру қажет.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты облыста нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимылдың негiзгi буындардың жүйесiн күшейту болып табылады.
      Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарында:
      нашақорлықтың алдын алу, одан емдеу жүйесiн нығайту және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құру;
      есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетiгiн нығайту;
      есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды  терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
      есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiру.

5. Бағдарламаның iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiктерi

      Осы бағдарламаны iске асыру:
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстық деңгейде есiрткiге қарсы iс шараларды жүргiзу жолымен нашақорлыққа қоғамдық иммунитеттi қалыптастыруға;
      есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеруге;
      нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын тұлғаларға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруды нығайтуға, оны көрсету кезiнде оңалту бағдарламаларын, алдын алу бағдарламаларын әзiрлеу мен енгiзу жолымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге, облыста "сенiм телефондарын" және жұмысын ұйымдастыруға;
      есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына,олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануына қарсы іс-қимыл саласында тиiмдi халықаралық ынтымақтастық орнатуға;
      есiрткі бизнесiне қарсы күрес ақпаратымен тәжiрибесiмен және әдiстерiмен алмасу үшiн ғылыми-практикалық конференциялар, кездесулер өткізуге нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеудiң оңалтудың, жаңа тұжырымдадамалары және емдеу әдiстерiн практикаға кеңінен енгiзуге;
      есiрткi құралдарының, психотроптық заттары мен прекурсорлардың айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психортроптық заттарды қолданалатын және қолдануға бейiм адамдардың алдын алу, оларды емдеу мен оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға;
      облыста есiрткi ахуалының жай-күйi мен даму үрдісiн талдау нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес мәселесiнде стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға бағытталған.

6. Қаржыландыру көздерi

      Осы Бағрламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар облыстық бюджет есебiнен сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында  тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру:
      есiрткiнi тұтынатын адамдарды анықтау пайызын арттыруға және олардың саның қысқартуға, есірткінiң заңсыз кiруiне жол бермеу мақсатында облыстың кедендiк  және мемлекеттiк шекараларын бақылауды күшейтуге;
      нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту әдістемелерiн жетiлдiруге;
      есiрткiнi терiс  пайдаланатын  жастар, балалар  және жасөспiрiмдер арасында нашақорлықтың алдын алудың өңiраралық денешынықтыру орталықтарын, оңалту орталықтарын құруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтасыз етуге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi;
      Бағдарламада көзделген iс-шараларды орындау, барлық мүдделi  қызметтер мен ведомстволардың жергiлiктi атқарушы органдардың облыста нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресетiн кешендi шараларын қамтамасыз ету жөніндегi мүмкiндiктерiн  толық көлемде  қолдануға мүмкіндiк бередi.

8. Облыста нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы
күрестiң 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары

N
р/с

Iс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Орындалуы-
на жауап-
тылар

Орында-
лу
мерзiмi

Болжам
ды
шы ғыс-
тар

Қаржы
ланды-
ру
көзде-
рi

1

Халықаралық наша
қорлыққа қарсы
күрес күнiне
арналған
мәдени-бұқаралық
және спорттық-
сауықтыру
iс-шараларын өткi
зудi ұйымдастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша
облыс ішкі
саясат,
денсаулық
сақтау,
білім
департамент
тері, дене
шынықтыру
және спорт
басқармасы,
қалалар мен
аудандар
әкімдері

2005-
2006
жылдар

Тиісті
бюджет
терде
көздел
ген қара
жат
шегінде

Респуб
ликалық
және
жергі-
лікті
бюджет
тер

2.

Демалыс және
жастардың бос
уақытын өткізу
бұқаралық қатынас
орындарында
есірткі құралда-
рын, психотроптық
заттарды тарату
және пайдалануды
тоқтату
мақсатымен
мақсатты
жедел сақтандыру
іс-шараларын өткі
зуді жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат
Жеке
жоспар
бойынша
тиісті
іс-шара
лалар

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

3

Кәмелетке
толмағандардың
арасында есірткі
құралдарына
байланысты құқық
бұзуды анықтау
мақсатында
"Жасөспірім" атты
жедел-алдын алу
операциясын өткізу
ді жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

4.

Медициналық
ұйымдарда
және өнеркәсіптік
кәсіпорындарында
есірткі құралда-
рын, психотроптық
заттар мен
прекурсорларды
ұрлауды, есепке
алу, сақтау және
босату ережелерін
бұзуды анықтауға
және оның алдын
алуға бағытталған
"Допинг" атты
жедел-алдын алу
операцияларын өткі
зуді жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

5

Өндіруге тыйым
салынған құрамында
есірткі бар
өсімдіктерді
заңсыз өсіруімен
айналысатын
адамдардың
қызметін
айқындау мен
тоқтату
мақсатымен
"Мак" атты
жедел-алдын алу
операциясын өткізу
ді жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат
Жеке
жоспар
бойынша
тиісті
іс-шара
лар

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

6

Есірткі
құралдарын, психо
троптық заттарды
мен
прекурсорларды
шекара арқылы
заңсыз тасуды
айқындау мен
тоқтату мақсатымен
"Канал" атты
жедел-алдын алу
операциясын өткізу
ді жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)
облыс
бойынша
кедендік
бақылау
департамен
ті
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

7.

Нашақорлыққа
және есірткі
бизнесіне қарсы
күрес мәселелері
бойынша Ресей
Федерациясының
шекаралас арқылы
қорғау органдары
мен ынтымақтастық
ты жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

2005-
2006
жылдар


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

8.

Есірткі
құралдарын
медициналық емес
бағытта
пайдаланатын
әрбір адамға,
әлеуметтік
паспорт,
картотека,
электрондық дерек
тер базасын құру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

Деректер
ді ай
сайын
толықты
ру


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

9.

Қоғамда,
есірткі құралда-
рын, психотроптық
заттарды, темекі
мен арақты
тұтынуды тұрақты
жағымсыздандыру
және айыптау
мақсатымен
белгілі
спортшылармен,
ғылым және
мәдениет қайраткер
лерімен
кездесу ұйымдасты
руды тәжірибеге
енгізу

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс
білім,
ішкі
саясат
департамент
тері, дене
шынықтыру
және спорт
басқармасы

Тоқсан
сайын


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

10.

Жалпы білім
беретін мектеп,
кәсіптік  мектеп
(лицей) және
колледж
оқушыларының ара
сында "Жастар
және есірткі
құралдары",
"Бұқаралық ақпарат
құралдарының
әсері", "Есірткі
және отбасы"
тақырыбындағы
талқылаулар,
шығармашылық жұмыс
байқауларын
негізінде өткізу

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс
білім,
денсаулық
сақтау
департамент
тері

Тоқсан
сайын


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

11.

Жасөспірімдермен
жастардың арасында
нашақорлықтың
алдын алу және
сақтандыру,
балаларды
тәрбиелеудегі
облысының рөлін
арттыру
мақсатында
"дөңгелек
үстелдер",
конференциялар,
пікірсайыстар,
семинарларды ұйым
дастыру

Облыс
әкіміне
ақпа-
рат.
Тиісті
іс-
шаралар

Облыс
білім,
денсаулық
сақтау,
ішкі саясат
департамент
тері, қала
лар мен
аудандар
әкімдері

Тоқсан
сайын


Қаржы-
ландыру
ды
қажет
етпейді

12.

Бұқаралық ақпарат
құралдарында
кеңінен жария
ете отырып "Жастар
есірткіге қарсы",
"Мектептер,
колледждер ,
жоғары оқу
орындары -
білім, жоғары
мәдениет пен
адамгершіліктің
ошақтары",
"Есірткісіз
болашақ үшін"
атты
акцияларын өткізу

Облыс
әкіміне
ақпа-
рат.
Тиісті
іс-
шаралар

Облыс
білім,
денсаулық
сақтау,
ішкі саясат
департамент
тері,
облыстық
қоғамдық
бірлестік
тері
(келісім
бойынша)
қалалар
мен
аудандар
әкімдері

2005-
2006
жылдар


Қазақс
тан
Респуб
ликасы
ның
заңнама
сымен
тыйым
салынба
ған
көздер

13.

Нашақорлыққа
және
есірткі бизнесіне
қарсы күрес
мәселелері
бойынша мектеп
директорларының,
директорлардың
тәрбие жұмысы
жөніндегі
орынбасарларының,
сынып
жетекшілерінің,
валеология
мұғалімдерінің
бөліктілікті
арттыру курстарын
да оқуын
ұйымдастыру

Облыс
әкіміне
ақпа-
рат.
Тиісті
іс-
шаралар

Облыс
денсаулық
сақтау,
білім
департамент
тері

2005-
2006
жылдар

Бюджетте  көзделген қаражаттар шегінде

Жергі
лікті
бюджет

14.

"Туризм есірткіге
қарсы!" ұранымен
оқушылар арасында
облыстық туристік
жарыстарын өткізу

Облыс
әкіміне
ақпа-
рат.
Тиісті
іс-
шаралар

Облыс дене
шынықтыру
және спорт
басқармасы,
алалар мен
аудандар
әкімдері

2005-
2006
жылдар

Бюджетте  көзделген қаражаттар шегінде

Жергі
лікті
бюджет

15.

Облыс аумағында
есірткі құралда-
рын, психотроптық
заттар мен
прекурсорларды
заңсыз кіргізу,
сақтау және сату
жөніндегі
іс-шараларды құқық
қорғау
органдарымен
бірлесіп
жалғастыру

Облыс
әкіміне
ақпа-
рат.
Тиісті
іс-
шаралар

Облыс
бойынша
кедендік
бақылау  
департамен
ті
(келісім
бойынша),
облыс ішкі
істер
басқармасы
(келісім
бойынша)

Ұдайы

Бюджетте  көзделген қаражаттар шегінде

Респуб
ликалық
бюджет

16.

"Қатерлі топтар"
тізімдерінде
тұрған кәмелетке
толмағандардың
денешынықтыру
және спортпен
шұғылдануын
ұйымдастыру үшін
облыс қалалары
мен аудандарының
әрбір ықшам
ауданында жаңа
аулалық және
жасөспірімдер
клубтарын құру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Қалалар
мен
аудандар
әкімдері

Ұдайы


Қазақс
тан Рес
публика
сының
заңна
масымен
тыйым
салын
баған
көздер

17.

Тұрғылықты жері
бойынша қарапайым
спорт алаңдарын
қайта құру, құрылы
сын ұйымдастыру,
оларды қажетті
спорт мүккәмалы
және
жабдықтарымен
жарақтандыру

Облыс
әкіміне
ақпарат

Қалалар
мен
аудандар
әкімдері

Ұдайы


Қазақс
тан Рес
публика
сының
заңна
масымен
тыйым
салын
баған
көздер

18.

Есірткіні алғашқы
пайдалануын және
жастардың есірткі
нің зияны
жөніндегі
хабардар болуын
анықтау
мақсатында облыс
оқу орындарында
жасырын
сауалнама өткізу

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс
денсаулық
сақтау,
білім
департамент
тері

2005 жыл


Қаржы-
ланды
руды
қажет
етпейді

19.

Тұрғындардан
есірткіні сату,
есірткіні
сатушылардың
шоғырланған жері
жөніндегі
ақпаратты алу
мәселелерінде қо-
ғамдық бірлестік-
тердің мүмкіндікте
рін пайдалану.
Қоғамдық бірлестік
тер мен құқық
қорғау
органдарының наша
қорлыққа және
есірткі бизнесіне
қарсы күрес
мәселелерінде өза
ра іс-қимыл
жасасуын, жұмыс
жасалған
материалдардың бұ
қаралық ақпарат құ
ралдарында
көрініс
табуын қамтамасыз
ету

Облыс
әкіміне
ақпарат

Облыс ішкі
істер
басқармасы
ның есірткі
бизнесіне
қарсы
күрес
басқармасы
(келісім
бойынша),
облыс ішкі
саясат
департамен
ті, қоғам-
дық бірлес-
тіктер
(келісім
бойынша)



Қаржы-
ланды
руды
қажет
етпейді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады