Мүгедектерді оңалтудың 2004-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 40/11 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 5 мамырда N 3017 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған  мүгедектердi оңалтудың 2004-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) - бекiтiлсiн.
      2. Облыс қаржы департаментi Жоспардың дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Облыс тұрғындарды жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi 2006 жылдың 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың  әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Жоспардың орындалуы  туралы ақпарат ұсынатын болсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың  әлеуметтiк және мәдени дамуы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы Г. Досжанова

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының    
(III сайланған (XI кезектен тыс сессиясы)
N 40/11 шешiмiмен бекiтiлген    
"Мүгедектердi оңалтудың        
2004-2005 жылдарға арналған     
облыстық бағдарламасын iске     
асыру жөнiндегi 2005 жылға      
арналған iс-шаралар жоспары"    

Мүгедектердi оңалтудың 2004-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005 жылға арналған iс-шаралар жоспары

N
р/с

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Күтiлетiн шығындар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Әлеуметтiк оңалту

1.

Құлағы кемiс еститiн мүгедектердi сурдотехника
мен қамтамасыз
ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi

Жыл бойы

9,8

Облыстық бюджет

2.

Арнаулы бiлiм ұйымдарында оқу оқитын мүгедек- балаларды сурдотехника
мен қамтамасыз
ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс бiлiм департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

3,5

Республикалық бюджет

3.

Көзi көрмейтiн мүгедектердi тифлоқұралдармен қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

3,8

Облыстық бюджет

4.

Мүгедектерге протез бойынша медициналық қызмет ұсына отырып, протездiк- ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

36,0

Облыстық бюджет

5.

Кiру жолдары мен пандустар жасауды, мүгедектер қораптары жүре алатын құрылғылар әзiрлеу арқылы, тұрғын үй, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер кiре алатындай жағдай жасау

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Сәулет қала құрылысы және құрылыс департаментi, меншiк түрiне тәуелсiз кәсiпорындар, ұйымдар басшылары (келiсiм бойынша), қалалар әкiмдерi

Жыл бойы

2,0

Облыс қалалар бюджеттерi,   Қазақстан Республикасының заңнамасы  мен тыйым салынбаған қаржы көздерi

6.

Мүгедектерге қызмет көрсететiн мекемелер орналасқан жерлерде iлеспелi дыбыс сигналы бар арнайы бағдаршамдар, жол белгiлерi мен көрсеткiштерiн жасау және орнату;
Екiбастұз қаласында 168 бекетте дыбыстық бағдаршам орнату

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс қалалары әкiмдерi

Жыл бойы

2,0

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы көздерi

7.

Облыс орталығында дыбысты құрылғылары бар, жаяу адамдар жүретiн жолдар салу, автожолдар мен жаяу жүретiн жолдан өтетiн құрылғылармен қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Павлодар қаласының әкiмi

Жыл бойы

1,5

Павлодар қаласының бюджетi

8.

Жобалар әзiрлеуге, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар, жолдар, көлiк, объектiлерiн салуға мемлекеттiк тапсырыстарды орналастырған кезде мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету қажеттiгiн конкурстық құжаттама талаптарының бiрi етiп белгiлеу

Объектiлердi қабылдау жөнiнде комиссияның қатысуы, облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Павлодар облысы бойынша департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс сәулет құрылысы және құрылыс департаментi (келiсiм бойынша)

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


9.

Ардагерлер мен мүгедектерге оңалтуды қамтамасыз етiп отыру

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi

Жыл бойы

8,2

Облыстық бюджет

10.

Бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi күтуге арналған мемлекеттiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы көздеу

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

1,9

Облыстық бюджет

11.

Мүгедектердi әр түрлi модификацияда
ғы кресло- күймелермен қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

5,5

Облыстық бюджет

12.

Үйде қызмет көрсетудi қажет ететiн 1 және 2- топтағы мүгедектердi анықтау және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат- үйлерiне орналастыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


13.

Мүгедектердi оңалту, оларды оңалтуға қатысты жобалар мен шараларға қолдау көрсету мәселелерi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


14.

Мүгедектердi белсендi өмiр сүруге тарту мақсатында облыстық көркемөнерпаздар, суреттер, ұсақ-түйек заттар көрмелерiн және тағы басқа шығармашылық түрлерiнен облыстық конкурстар өткiзу

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар, мәдениет, бiлiм департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


15.

Мүгедектердiң шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары өнiмдерiнiң көрме-сатуларын өткiзу

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


16.

Интернат- үйлерiндегi мүгедектер мен қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру үшiн көркемөнерпаз ұжымдарын тарту

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


17.

Интернат- үйлерiнде және кемтар балаларды оңалту орталығында тұратын мүгедек балалар арасында жарыстар өткiзу

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi директорының бұйрығы, облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


18.

Барлық санаттағы мүгедектер арасында спорт бойынша облыстық жарыстар өткiзу

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс дене тәрбиесi және спорт басқармасы

Жыл бойы

1,2

Облыстық бюджет

19.

Мүгедек спортшыларының спорттық фестивальдарға, мерекелерге және басқа да халықаралық және республикалық спорт жарыстарына, арнаулы Олимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс бiлiм департаментi, спорт басқармасы, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

2,1

Облыстық бюджет

20.

Мүгедектердi дене шынықтыру және спорт құралдарымен оңалту жөнiнде әдiснамалық ұсынымдар әзiрлеу

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс дене шынықтыру және спорт басқармасы, денсаулық сақтау департаментi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


21.

Үйде оқып және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

11,4

Облыстық бюджет

22.

Үйде қызмет көрсететiн әлеуметтiк жұмыскерлерiн қажет ететiн кемтар балаларды анықтау жөнiнде жұмысты жалғастыру

Облыс әкiмдiгiне  5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


2. Кәсiби оңалту

23.

Кемтар балалар үшiн бiлiм берудiң арнаулы ұйымдар желiсiн дамыту жөнiнде шаралар қолдану:
аудандарда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерiн ашу;
"Кемтар балаларды сауықтыру облыстық орталығы"  мемлекеттiк мекемесiн ашу;

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

    Облыс бiлiм департаментi
облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

    Жыл бойы

  Жыл бойы

    16,4
 

   52,3

    Облыстық бюджет
 

  Облыстық бюджет

24.

Мүгедектердi жеке оңалту бағдарламасына сәйкес кәсiби бағдарлауды қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

4,7

Облыстық бюджет

25.

Еңбекке қабiлеттi топтағы мүгедектердi жұмыспен қамтуға, қажет болғанда кәсiби даярлау мен қайта даярлауға жәрдем көрсету

Облыс әкiмдiгiне  5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi

Жыл бойы

Қалалар мен аудандар бекiткен бюджет шегiнде

Қалалар мен аудандар бюджеттерi

26

Арбалармен жүретiн мүгедектердi арнаулы көлiкпен тасуды ұйымдастыру

Облыс әкiмдiгiне  5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Павлодар қаласы әкiмi, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жыл бойы

4,4

Павлодар қаласының бюджетi

3. Медициналық оңалту

27.

Әйелдер босанатын және амбулаторлық- емханалық ұйымдарда "қатерлi топтағы" балаларды анықтау және анықталған балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық консультацияларға жiберу жұмысын жалғастыру

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс денсаулық сақтау департаментi

Ұдайы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


28.

Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi санаторлық- курорттық емдеу жөнiнде жеңiлдiктердi қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгiне  5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар,  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Павлодар облысы бойынша департаменттерi

Жыл бойы

4,0

Облыстық бюджет

4. Кадрмен қамтамасыз ету

29.

Үйге барып әлеуметтiк қызмет көрсететiн бөлiмшелер қызметкерлерiн қайта даярлауды ұйымдастыру

Облыс әкiмдiгiне 5 шiлдеге және 5 қаңтарға ақпарат беру

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


30.


Департамент директорының бұйрығы

Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi

Жыл бойы

Қаржыландыруды қажет етпейдi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады