Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24-сәуiрдегi Бюджет Кодексiнiң 41-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Облыстық мәслихатының (III сайланған IХ сессиясы) 2004 жылғы 24 желтоқсандағы "2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi туралы" (әдiлет басқармасында 2004 жылғы 24 желтоқсанда N 2833 арқылы тiркелген, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2005 жылғы 19 ақпандағы 20- нөмірінде, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2005 жылғы 6 қаңтардағы 1-нөмірінде жарияланған) N 71/9 шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiмнiң 1-тармағы:
1) тармақшасындағы "6442393" сандар "6523513" сандармен, "5655471" сандар "5736591" сандармен,
2) тармақшасындағы "8149363" сандар "8261620" сандармен, "6901349" сандар "7013606" сандармен,
3) тармақшасындағы "10418772" сандар "10531029" сандармен, "8678553" сандар "8790810" сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы А. Касицин
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Гафуров