Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-II
"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі", 1999 жылы 16 қарашадағы N 477 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу жөніндегі" Заңдарына сәйкес, III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлы Жеңіске қосқан халықтың ерлігіне ерекше мән бере отырып және Жеңістің алпыс жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жыл сайын тұрғын-үй жәрдемақысын ай сайын төлеу туралы Алматы қаласының Әкімі И.Н.Тасмағамбетовтың ұсынысы мақұлдансын.
2. Алматы қаласының Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғын-үй көмегінің уақытылы төленіп тұруын қамтамасыз етсін.
3. Алматы қаласының Әкіміне "Алматы қаласының 2005 жылға арналған бюджеті туралы" III сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы XI-і сессиясының шешіміне тиісті өзгертулерді әзірлеу ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік мәселелер мен денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Тәжиев Е.Б), Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.З Мурзинге жүктелсін.
III сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының кезектен тыс
XII сессиясының төрағасы
III сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы