Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 70 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 07 сәуірде N 1571 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1468  қаулысын және "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 21 желтоқсандағы  N 12/2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 24 қаңтардағы  N 13/1 шешiмiн орындау мақсатында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеудiң қоса берiлген ережесi бекiтiлсiн.
      2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмi трансферттердi нысаналы пайдалануды және бiржолғы көмектi 451-015-019 «Бағдарламаны облыстық бюджеттен ресми трансферттер есебiнен жүзеге асыру» бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң   
2005 жылғы 28 наурыздағы 
N 70 қаулысымен бекiтiлген

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне
бiржолғы көмек төлеу ережесi  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      бiржолғы көмек төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi-уәкiлеттi орган);
      3. Бiржолғы көмек алуға Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерiнiң (бұдан әрi - соғысқа қатысқандар) құқығы бар. 
      4. 2005 жылғы 1 сәуiрден кейiнгi мерзiмде соғысқа қатысқан адам қайтыс болған жағдайда бiржолғы көмек төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.
      5. 2005 жылғы 1 сәуiрден кейiн жаңадан келген, бұрынғы тұрған жерi бойынша бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысқандарға көмек төлеу бұрынғы тұрған жерiнен растайтын құжаттар ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      6. Бiржолғы көмекке арыз беру мерзiмi 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн. 

2. Соғысқа қатысқандарға бiржолғы көмек төлеудiң тәртiбi

      7. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аудандық және қалалық филиалдары уәкiлеттi органдарға қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткiзгiшпен 2005 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтiк төлемдер алатын соғысқа қатысқандардың тiзiмдерiн, 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн - облысқа жаңадан келген соғысқа қатысқандардың тiзiмдерiн бередi.
      8. Уәкiлеттi органдар жасалған тiзiмдер негiзiнде екiншi деңгейдегi банкте немесе "Қазпошта" акционерлiк қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке алу үшiн ашылған олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен, соғысқа қатысқандардың әрқайсысына 30000 теңге мөлшерiнде бiржолғы көмек төлеудi 2005 жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жүзеге асырады. 2005 жылғы 30 сәуiрден кейiн жаңадан келген, бұрынғы тұрған жерi бойынша бұрын бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысқандарға - 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiн. 
      9. Бiржолғы көмек төлеуден бас тартудың негiзi көмек алу құқығы туралы алдын ала жалған мәлiметтер беру болып табылады.

3. Бiржолғы көмек төлеудiң уақыттылығы үшiн жауапкершiлiк

      10. Бiржолғы көмек төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган төлеудiң дұрыстығы және уақыттылығы үшiн жауапты болады.
      11. Бақылау органдары соғысқа қатысқандарға бiржолғы көмек төлеудiң дұрыстығын және уақыттылығын бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады